[] Отырмай мен жайымда, Шақырамын Қайымға Екі жолға екі жол, Ұйқас жауап дайында Екі жол жазып өзің де, Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)
Есілмен бірге тулар арман-ағын.
Тартады да тұрады жаным қияға,
Әні-міні басталды олимпиада
Әні-міні басталды олимпиада
жақсы бір деңгейде өтсе екен
қондырып елімнің бағын қияға
Сыбағасын қазақтың бөліп берсін
Қоржындары алтынға толып келсін!
Қоржындары алтынға толып келсін!
алтынмен қоса біздің спортшылар,
Лондондағы Әбілязовты алып келсін...
Жеңіске бастайтын жол жалғыз ба екен,
Қызықтың бар көкесі тамызда екен...
Қызықтың бар көкесі тамызда екен...
іш пістіріп жібермей, әйтеуір бір
қызық сайыс болса екен жан іздеген
Қаражатымыз секілді бір көлемді
сексен теңге болады екен жол енді
сексен теңге болады екен жол енді
Автобусқа елу теңге бола ма?
Алып кірмесек егер өлеңді.
Метроны да шолақ қып салып қойды.
әйтпесе, жасар едік анық тойды..
әйтпесе, жасар едік анық тойды..
КазГу-ға қарай басы жетпей қалған
Метроға деген өкпем қалып қойды
Алматы өте қымбат тас қала ғой,
Сексен теңге дегенің масқара ғой
Сексен теңге дегенің масқара ғой.
Степаны көбейтсе дұрыс болар,
Осыны ойлап отыр сасқалақ-ой.
Алмайтын болдық енді степаны,
түсіп қалдық байқамай үшке тағы...
түсіп қалдық байқамай үшке тағы...
Филфакта "үштік" алу деген ұят
пысықтар ғана ондай істе ұтады
Білімдегі көрсетіп күшіңізді
степа үшін жойыңыз үшіңізді
степа үшін жойыңыз үшіңізді
Старосты адвокат бола алмады,
Сотқа дейін жіберіп ісімізді...
Ауылдағы ата-ана білмейтін ед,
Төніп келе жатыр ғой түндей түнек...
Төніп келе жатыр ғой түндей түнек...
массагет те хабардар емес еді
біз де бұл жайында дым білмейтін ек
баскалардан өзінше жыр болек кой
степаның орыны тым болек кой