ҚАЙЫМ айтыс

[] Отырмай мен жайымда,
Шақырамын Қайымға
Екі жолға екі жол,
Ұйқас жауап дайында

Екі жол жазып өзің де,
Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)

туған жер, тауың да ыстық, жыраң да ыстық
Оңтүстікте күн деген мұнан да ыстық[/quote]

"Ыстық" жаққа кететін құстарменен,
бірге кетіп жүрмесін шыдам да өстіп.
Бұл қыз бәрін отыр ғой көріп анық,
Шымкент деген республиканы бөліп алып...
Босағасын Шымкенттің сағынамын,
Алматының жүрсем де төрін алып.

Еш жерді бөле-жармайм көрікті елден,
Республика деп өзің ғо бөліп берген
Ел деген азаматша екенсің ғой,
Ниетіңнен айналдым төніп көрген.

Дегенде Ақерке қыз, Ақерке қыз,
Қартайып кетеміз-ау нақ ерте біз
Дегенде Ақерке қыз, Ақерке қыз,
Қартайып кетеміз-ау нақ ерте біз
Қойыңыз, қартаймаңыз әлі-ақ біздер
сор емес соңымыздан бақ ертеміз


Жеңгеммен болмады әлі тойларыңыз
Қарттықта неге ерте ойладыңыз?))
Жеңгеммен болмады әлі тойларыңыз
Қарттықты неге ерте ойладыңыз?))
Үйлену тойы түгіл, ұрсып тындық,
Сәйкес келмей қалғаннан бойларымыз.

Қатар қойып жалпы менен жекені,
талай ұрдық маңдайды да шекені...
Қатар қойып жалпы менен жекені,
талай ұрдық маңдайды да шекені...
Қиналмаңыз, әлі-ақ тауып аларсыз
Бұл Алматы арулардың мекені

жүргенше бас ауыртып бақсы елеске
бойдақ боп жүру деген жақсы емес пе?..
жүргенше бас ауыртып бақсы елеске
бойдақ боп жүру деген жақсы емес пе?..
Үміті бар жігіттер болғанменен,
Жігіті жоқ қыздар тапшы емес пе?!

Алматының қыздары Алатаудай,
Жүрміз ғой әлі күнге қарата алмай
Алматының қыздары Алатаудай,
Жүрміз ғой әлі күнге қарата алмай
арулар қайың болса, қайыңдарға
қамқор болып жүргейсіз қара талдай

Қалай қыздар ақынды тастамасын
Өзіңіз жыр жазуды тастағасын?..
Қалай қыздар ақынды тастамасын
Өзіңіз жыр жазуды тастағасын?..
Мен емес..жыр ғой мені тастап кеткен,
Студенттер секілді бас қаласын....

Бастайын деп отырмын дайын егес,
Алматының қыздары қайың емес...