ҚАЙЫМ айтыс

[] Отырмай мен жайымда,
Шақырамын Қайымға
Екі жолға екі жол,
Ұйқас жауап дайында

Екі жол жазып өзің де,
Басқаның күт сөзін де (Айтыс шарты жалпы түсінікті болған шығар...)

[quote=""]Массагеттің қайымшыл халқы қайда?
Қайымды дүркіретер салты қайда?[/quote]

ең басы ірі болып басталғанмен
болып кетіп жүрмесін арты майда


көңіл-күйім тамаша қазір менің
біраз коментарийде әзілдедім :D[/quote]
Әзілдеп айтсаңызда Ақерке қыз,
Жоқ екен іліп алар сөзіңде мін.
Пайымға түсінбейді балаң ақыл,
Қызға ақыл кіргенше қара да тұр.
Мөлдір де өлең жазып кетіпті ғой,
Замана не боп бүгін бара жатыр
Пайымға түсінбейді балаң ақыл,
Қызға ақыл кіргенше қара да тұр.
Мөлдір де өлең жазып кетіпті ғой,
Замана не боп бүгін бара жатыр


Фараби атты ақын жарқын жүзді
Құр отырмай қайымның шартын бұзды :lol:
Шартқа жүгінетін сендей қыздар,
көтеретін бүгінде халқымызды....
ау, достар, қайымды еш тоқтатпайық
қазақтың қара өлеңін жоқтатпайық
Хаямның қайғы мінген шабытымен,
қайрылмай орта жолда жоқ қаппайық.

Дегенде қайым айтыс, қайым айтыс,
қайым айтыс дегенше дайын айтыс...
Дегенде қайым айтыс, қайым айтыс,
қайым айтыс дегенше дайын айтыс...
Әдемі ойды арта алған өлең құрап
Парасатты жүктеген пайым айтыс....

Оу, айтысты жандандырды Фара келіп
Фараны оза шапқан дара дедік
Оу, айтысты жандандырды Фара келіп
Фараны оза шапқан дара дедік
Массагетте әріптес болғанымен
филфакта арқа сүйер аға дедік


жүректердің сеземін дір еткенін
Тыңдағанда Фараның тілектерін ;)
Осы қыздар тілекті тыңдағанша,
Тыңдаса ғой жігіттің жүректерін.

Сүйе алмайтын болдық қой құшып көкті,
Күн деген, масқара-ай, ысып кетті..
Сүйе алмайтын болдық қой құшып көкті,
Күн деген, масқара-ай, ысып кетті..
жылы жақта жүретін құс атаулы
"ыстық" деп суық жаққа ұшып кетті :lol:

туған жер, тауың да ыстық, жыраң да ыстық
Оңтүстікте күн деген мұнан да ыстық