"Массагет.кз" айтыс
Аманбысың, халайық, есенбісің,
Сөйлесең, ағытылған шешенбісің.
Айтысуға бәріңді шақырамын
Байсалды ойым міне, бекем күшім.
Бүгінде күліп атқан бұл таңымыз,
Аруы біз, өр елдің сұлтаны біз.
Массагетте сөзбенен сайысайық,
Массагеттің бәріміз ұрпағымыз.
Массагет Ғаламторда жарқырады,
Көп жұртты қара да тұр, таң қылады.
Ана тілін ту еткен Массагетім,
Бар асылым, жанымның шамшырағы.
Төрге шығып, бәрің де жайғасыңдар,
Жүрекке өлең деген бойласын нәр.
Айтысайық бәріміз,
Массагеттің
Жыр сүйген тұлпарлары, қайдасыңдар?
Нурлан да кеп барине привет дейди!
Аттен биздер отырмыз бул желиде,
Берер едим кыздарга билеп мейли!
Қайыңдай мың бұрала билегенмен
Танылмасаң не қайыр сыйлы өлеңмен.
Жалпының қалағаны айтыс дейді,
Артығы жоқ қой сөзбен түйрегеннен
Нурлан да кеп барине привет дейди!
Аттен биздер отырмыз бул желиде,
Берер едим кыздарга билеп мейли!
Сый емес қой, сый дер ек, кәдең дер ек,
Бірақ бізге би емес, өлең керек.
АССАЛАУ деп бастадың нақ жігіттей, ( ),
Массагет те өзіңе сәлем беред (і)!!!
Құлашыңды кеңге жай ақын болсаң,
Қара өлеңге бір қадам жақын болсаң.
Қамыстың арасынан сығаламай
Намысқа тырысып бақ, батыр болсаң,,,
Ақ пейілді қазақтың барша жасы,
Кең өрелі өзіңдей, өр санасы.
Әз ойыңды өлеңмен әспеттеп көр
"ӨЛЕҢГЕ ӘРКІМНІҢ-АҚ БАР ТАЛАСЫ (с)".
Айтысқа орын берген тамаша ғып.
Естіп келдім, алыстан ат терлетіп
Массагеттер қойғанын қала салып.
Жат қалада жүрген ем тіл сындырып,
Көңілсіздеу бір күйім күрсіндіріп.
Бұл қалаға жөн сілтеп жіберді, ару,
Массагетті дегендей білсін жүріп.
Массагетпен таныстым, таным да артып,
Ғаламторда қазақы таңым да атып.
Енді менің мақсатым айдан анық,
Солай барам атымның жалын тартып.
Биязы қыздар менен байыпты ұлың,
Ортаға өнер дейтін жайып сырын.
Бастаңғыға бас сұқты Салтанат та
Үмітпенен табуға лайықты орын!
Келеді атып менің де, сірә, таңым.
Амансың ба, Мейіргүл Оңғарова,
Келіп қалды тағы бір братаның...
Шықпаса да алашқа бір атағым,
Келіп алып мен де көп жыр атамын!
Шөлін басып берсейші шумағыңмен,
Шаршап жетті бұл жерге братаның...[/b:8mifqqo1]
Айтысқа орын берген тамаша ғып.
Естіп келдім, алыстан ат терлетіп
Массагеттер қойғанын қала салып.
Жат қалада жүрген ем тіл сындырып,
Көңілсіздеу бір күйім күрсіндіріп.
Бұл қалаға жөн сілтеп жіберді, ару,
Массагетті дегендей білсін жүріп.
Массагетпен таныстым, таным да артып,
Ғаламторда қазақы таңым да атып.
Енді менің мақсатым айдан анық,
Солай барам атымның жалын тартып.
Биязы қыздар менен байыпты ұлың,
Ортаға өнер дейтін жайып сырын.
Бастаңғыға бас сұқты Салтанат та
Үмітпенен табуға лайықты орын!
Уағалайкумассалам, елігім-ай,
Сөздеріңнен тәп-тәтті бал тамады.
Шешен қылып жаратты сені Құдай,
Мырзабайдың мықты екен Салатанаты!
Байламаспын ендігі атымды әрі,
Осы ортаға келген соң жыр жамаймын.
Секілденіп ескінің ақындары,
Салтанаты мықты екен Мырзабайдың.
Сөздеріңнен тәп-тәтті бал тамады.
Шешен қылып жаратты сені Құдай,
Мырзабайдың мықты екен Салатанаты!
Байламаспын ендігі атымды әрі,
Осы ортаға келген соң жыр жамаймын.
Секілденіп ескінің ақындары,
Салтанаты мықты екен Мырзабайдың.
Шықпаса да алашқа бір атағы,
Байқасам құнсыз емес құла таңы.
Мырзабайдың Салтошы риза сізге,
Қош келдіңіз, Ұшқынның братаны!!!
Мақтау сөзге шебер-ақ екен сері,
Жүрегің жылы сөзге мекен, тегі.
Ода айтып ойсыратар осалдар аз,
Деп жүрмегін әйтеуір "Кетем кері".
Қам түсірмей қалқаның көңіліне,
Мақтауды да арнадың көрігіне.
Жақсы сөзді жауапсыз қалдырмайын:
"БЕУ, ӨНЕРІҢ САЙ ЕКЕН БӨРІГІҢЕ"!!!
тербетсің өз үнімен бұл маңды өлең.
Салмақты жүрудің сәті тосар,
Кейде жақсы осылай қуған деген...