"Массагет.кз" айтыс
Аманбысың, халайық, есенбісің,
Сөйлесең, ағытылған шешенбісің.
Айтысуға бәріңді шақырамын
Байсалды ойым міне, бекем күшім.
Бүгінде күліп атқан бұл таңымыз,
Аруы біз, өр елдің сұлтаны біз.
Массагетте сөзбенен сайысайық,
Массагеттің бәріміз ұрпағымыз.
Массагет Ғаламторда жарқырады,
Көп жұртты қара да тұр, таң қылады.
Ана тілін ту еткен Массагетім,
Бар асылым, жанымның шамшырағы.
Төрге шығып, бәрің де жайғасыңдар,
Жүрекке өлең деген бойласын нәр.
Айтысайық бәріміз,
Массагеттің
Жыр сүйген тұлпарлары, қайдасыңдар?
Домбырама телміреп,
Қарап отқам елжіреп,
Бұл қазақты қақсатқан,
Технодан өткен күн бөлек.
Дұрыс дедім аудармаң,
Болар ма екен CTRL+V аударған,
Мақалада шикілік бар,
ТОлмай қалған, соны айтам.
CTRL+С пен CTRL+V ді түсінбесең қарындас,
Көшіру мен вставитьтен тұрады екен, арзымас.
Надандықтың мұрты басқан миына,
Ойланар ма екен ғаламторды күн өткізген замандас!
Оқып өтіп мақаланың талайын,
Сосын жырды ойладым мен,жазайын.
Көрер көзге әбес болып көрінген,
Нашар болып аударылған мақалаң мен сериалың
Сериалдарды бірінші
Көріңізші ақтарып.
Көреді үлкен -кіші де.
Көздерінен жас тамып.
Бір оқырман бүйдейді
Құлағынан айрылған:
"Сериалдарды қазақша
Таба алмай көп қайғырғам.
Теледидар көрсетер,
Бірақ ести алмаймын.
Орыс тілін білмеймін,
Сериалдарға қанбаймын.
Субтитрі қазақша
Сериал таптым бұл сайттан.
Орындалды арманым,
Уайымымды ұлғайтқан"
Естіген соң осыны
Жүрегіміз жылады.
Аударманың сапасы
Бір уақыттың сынағы.
Сынап, мінеп шықтыңыз
Сөз айтпастан ұнамды.
Сол сериалдың барлығын
Көргеніңіз күмәнді.
Ағалары жаға боп
Қызды сыйлап жүрген ғой
Қарындасын гүл қылып
Аялауды білген ғой.
Келгеніңді құптаймын,
Әсем жырға салдыңыз
Дегенменен бұл қызды
Надан деп те қалдыңыз.
Ойланбастан сөйлейтін
Батыр десем, ез бе екен?
Қарындасқа қатты айту
Ағаға тән сөз бе екен?!
Аты-жөнің жоқ тіпті,
Адамысың қай тұстың?
Батыр болсаң, кәнеки,
Өз атыңмен айтысқын!
Сүйеу болар ағаның,
Мейірім күлген сөзінен,
Өзің айтқан әлде сен
Қаңғыбастың өзі ме ең?!
Ағасы көре алмадық түріңізді
"Атылған оқ, - дейді ғой - айтылған сөз"
Өзгертіп те тастапсыз жырыңызды
Домбырама телміреп,
Қарап отқам елжіреп,
Бұл қазақты қақсатқан,
Технодан өткен күн бөлек.
Дұрыс дедім аудармаң,
Болар ма екен CTRL+V аударған,
Мақалада шикілік бар,
ТОлмай қалған, соны айтам.
CTRL+С пен CTRL+V ді түсінбесең қарындас,
Көшіру мен вставитьтен тұрады екен, арзымас.
Надандықтың мұрты басқан миына,
Ойланар ма екен ғаламторды күн өткізген замандас!
Оқып өтіп мақаланың талайын,
Сосын жырды ойладым мен,жазайын.
Көрер көзге әбес болып көрінген,
Нашар болып аударылған мақалаң мен сериалың
Қазақ баласыны;
Оу, қазақтың баласы,
Дәл түсті ма көп жерің
Селт етті ғой жүрегім,
Айтысқа жоқ өнерім
Айтқысы кеп өз ойын
Қызыл тілім бұлқынды.
Сөге көрме барлығын,
Қате кеткен ханнан да,
Бастамасы "әрине"
Кір сияқты тізіпсіз
Қателердің түрлерін
Сөгу үшін кірмеңіз!!!!!
Сізден де болсын бір "пайда"
Тура жолға бір бастап
Хақ туралы айтыңыз
Паш еткізіп Исламды
Сауапты іс бастаңыз
Аударманы қолға алып
Массагеттік жұрттың бір
Аузынан суын ағызып
Қазақтын баласы дегізіп
Төрден орын алыңыз
Көремін баршаңызды досымдайын
Достарым айтыс құрып жатқан кезде
Қалайша өзім келіп қосылмайын
рахмет :,сізге де бағалай білген oops:
Шын бетіңмен қарашы,
Сонша неге дүрлігіп,
Мына жерде барасың.
Әй-шәй жоқ кіріп келдің де,
Қыздарға тап бердің не?
Болсаң қазақ баласы,
Үлкенсің бе сәлемнен,
Өңеш тартып бас салмай
Әуелі жұртқа сәлем бер.
Тәй-тәй басқан жаңа ғана қадамын,
Осы сайтқа қандай сенің талабың,
Көш жүре түзелетінін білмейтін,
Өзіңді бір шала қазаққа санадым.
Әрине түзуі де, қисығы да,
Болады әрбір сайтта бұл шынында,
Ауыр жүкті бәріміз бір көтеріп,
Болады ғой қиындықтан бір шығуға.
Мәні, бәрі жақсы екен
Өлең деген кестеңнің
Интернеттің даңқтысы
Қарасақал, қош келдің?!
Жыр айтайын мен енді
Сыр айта бер сен де үзік.
Шарладың бар әлемді
Саяхаттап, ел кезіп.
Қанық болдың талайға
Белгілі ғой сырың да.
Мына күні Малайда
Мына күні Қырымда.
Өлеңімен бұл жерді
Қарасақал жайпасын.
Не көргенің бар, достым?
Елге қашан қайтасың?
Намысыма тигің кеп отыр бала
Жігіт емес дейсің сен жеңілгесін
Мойындау да ерлік қой деп білемін
Халық өзі айтады ғой әділ шешім!
Қайдағы жоқ нәрсені шатып-бұтып
Махамбет ағамызға тиісіпсің
Және де оған нақты жауап бермей
Жауабың қайда бала көрмей тұрмын.
Махамбет ағамыздан жеңілдің сен
Мойындамай отырсың бірақ өзің
Қоя ғой осы жерден ал балақай
Бәрібір мәнсіз сөзің, мәнсіз сөзің