"Массагет.кз" айтыс
Аманбысың, халайық, есенбісің,
Сөйлесең, ағытылған шешенбісің.
Айтысуға бәріңді шақырамын
Байсалды ойым міне, бекем күшім.
Бүгінде күліп атқан бұл таңымыз,
Аруы біз, өр елдің сұлтаны біз.
Массагетте сөзбенен сайысайық,
Массагеттің бәріміз ұрпағымыз.
Массагет Ғаламторда жарқырады,
Көп жұртты қара да тұр, таң қылады.
Ана тілін ту еткен Массагетім,
Бар асылым, жанымның шамшырағы.
Төрге шығып, бәрің де жайғасыңдар,
Жүрекке өлең деген бойласын нәр.
Айтысайық бәріміз,
Массагеттің
Жыр сүйген тұлпарлары, қайдасыңдар?
Нұрдаулет құрықтаған ұйқыңды кім?
Қайталап қайраттының қайырымын,
Көрінді қыз алдында қиқымдығың!!
Өзіңе жүргізбегін өзге әмірін,
Қыз жайлы қызық ойды қозға бүгін.
Сарабдал ойларыңды сұрыптап ал
Сезетін серісің ғой сөз қадірін!!
Нұрдаулет сөзің шықты кешелі өктем,
Есімдерді жинасаң есе кеткен,
Ал Ақерке адемі есіміңді..
"Луизаға" өзгерттің не себептен?!
Мінсіз боп көрінесің тегі мүлде!
Теңгерсем деп ойладым сені кімге?
Өзгенің ныспысынан намыстанбай-
Қазақы қалыбыңнан жерідің бе?[/quote]
Қалай-қалай сөйлейді Орынбасар
Ағаңа атып отқан оғың нашар
Орынбасар орныңды біліп сөйле
Әйтпесе ет қыламын соғымға асар.
Тоқтамай бір сөйлейін бүгін менде,
Кеудедегі шабытым тірілгенде
Ағаңды қиқымсың деп кемсіттіңғой
Маған жазған жазбаңа үңілгенде
Луизаның тиістің есіміне
Қорықпай дірілденде дүрілденде
Негізі сенің атың Орынбасар
Атыңның қопарайын түбін менде
Орханбай деп өзгертіп тастапсыңғой
Қысқаша анкетаңа жүгінгенде
Сондықтан Луизаға тиіспей-ақ қой
Өзіңізден кемшілік білінгенде
Сөз қадірін түсінген азаматсың
Құлап жатып күлмеші сүрінгенге
Нұрдәулет Массагетте маман дейін
Сөз қадірін түсінген адам дейін
Тек қана кемшілікті көре қалар
Бұл Оркаш жақсылыққа сараң дейін
Атылмай арыстанның апанына
Қасқырлармен шайқасқын маған дейін
Алдымен Луизамен айтысып ал
Ағаңа сөз айтарсың содан кейін
пайымсыз пікір айту пендеге сын.
Адамнан тұрад бәрі байқалып ақ,
Атаннын тарбиесін көрмегесін.
өзінді ақынмын деп көпіресін,
қарамай арт жағымен айнаға,
...өтіне шын,
Шайнап шайнап тастаған уақытымда,
Байжеке кешірші деп өкінесін.
Нұрдәулет сен әбестеу жырладын ғой,
болмайтын бірденені бұлдадын ғой.
Мақтанған қыз тойда бүлдіреді,
массагеттін ауасын былғадын ғой.
Қырандар ұмтылатын қия шыңға,
Ақерке былтыр ғана білсеңіздер
"Лиуза" боп ойнаған театрда...
Сіз тұсты тауыпсыз-ау қадалатын,
Ақерке - атам қойған адал атым.
"Луиза" болғам былтыр қойылымда
"Миллион раушан гүл" деп аталатын
Көрермен болған жұртым жатақтағы
Содан соң кетті осылай атап бәрі
Ореке, ұғынсаңыз мұның сырын
Енді қандай бастайсыз шатақ тағы?
Мен артық сөйлемейін кісімсіне.
Екінші қабаттағы жолды жауып,
Шығармай жүрерсіздер үшіншіге.
Аты дардай, заты қандай ойланыңыз
Сабырмен ой тастайық арамызға
Әспеттетіп көтерейік төрімізге
Айтысқым кеп отқаны-ай қазір менің
Домбырамен емес, пернелермен
Айтысуға, достарым, әзір ме едің?
Айтысқым кеп отқаны-ай қазір менің
Домбырамен емес, пернелермен
Айтысуға, достарым, әзір ме едің?
Болып жатса қыз дайын
көп ойланып созбайын
әдептен де озбайын
ал бастайық біз дайын!!!
Қырандар ұмтылатын қия шыңға,
Ақерке былтыр ғана білсеңіздер
"Лиуза" боп ойнаған театрда...
Сіз тұсты тауыпсыз-ау қадалатын,
Ақерке - атам қойған адал атым.
"Луиза" болғам былтыр қойылымда
"Миллион раушан гүл" деп аталатын
Көрермен болған жұртым жатақтағы
Содан соң кетті осылай атап бәрі
Ореке, ұғынсаңыз мұның сырын
Енді қандай бастайсыз шатақ тағы?
Қазаққа лақап ат деген мазақ
Ертеден келе жатқан аттар аз-ақ
Кім болсаң айтысуға дайынсың ба?
Маған мейлі ең бастысы болсаң қазақ