"Массагет.кз" айтыс

Аманбысың, халайық, есенбісің,
Сөйлесең, ағытылған шешенбісің.
Айтысуға бәріңді шақырамын
Байсалды ойым міне, бекем күшім.

Бүгінде күліп атқан бұл таңымыз,
Аруы біз, өр елдің сұлтаны біз.
Массагетте сөзбенен сайысайық,
Массагеттің бәріміз ұрпағымыз.

Массагет Ғаламторда жарқырады,
Көп жұртты қара да тұр, таң қылады.
Ана тілін ту еткен Массагетім,
Бар асылым, жанымның шамшырағы.

Төрге шығып, бәрің де жайғасыңдар,
Жүрекке өлең деген бойласын нәр.
Айтысайық бәріміз,
Массагеттің
Жыр сүйген тұлпарлары, қайдасыңдар?

"Үш адам айтыспайд" деп үндемегін,
Бұл айтыстан бастысы, жыр - керегім.
Топпенен айтысса да бола беред,
Вертуалды айтыс қой бұл дегенің.

Шабыт шын жыр-өлеңді тасытпай ма,
Жігітті жалтақ мінез жасытпай ма,
Массагеттей ауылда дүркіреген
бұл айтыстан барасыз қашып қайда?

Мұнда тек қайсар жандар мекендесін,
Ал әлсіз жандар болса, кете берсін.
Қалыңыз, айтысайық біздер "мұнда
Үш адам айтысады екен" десін ;)
Мына қыз қалай қалай көсіледі
Нұрдәулет бір айтқанда өшіреді
Вертуалды айтыс деген сөз болмайды
Бірақ бүгінгі айтыстың осы реңі
Өз еркіммен бас тартсам қуа берме
Тура айтқанда мәселе шешіледі
Сенің теңің Байжанғой сонымен айтыс
Мені қусаң қос өкпең тесіледі
Меніменен айтысудан бас тартсаңыз
Нұрдәулет ақ көңілғой кешіреді
Ал Байжанмен айтысудан бас тартсаңыз
Ол байғұс жеңдімғой деп есіреді ! :D
Нұрдәулет қалай-қалай көсіледі,
Болды екен қай аймақтың есіл ері?
Жең түріп, "Қайым" жаққа шақырайын
Айтыстың ұнамаса осы реңі.

Үшіншілік шамыңа тиген екен,
Өкпелейтін себеп жоқ күйге бөтен.
Екеуміз айтысайық БІРІНШІ бол
"Қайым" жақта қайратты күйде күтем! )
Мына қыз қалай қалай көсіледі
Нұрдәулет бір айтқанда өшіреді
Вертуалды айтыс деген сөз болмайды
Бірақ бүгінгі айтыстың осы реңі
Өз еркіммен бас тартсам қуа берме
Тура айтқанда мәселе шешіледі
Сенің теңің Байжанғой сонымен айтыс
Мені қусаң қос өкпең тесіледі
Меніменен айтысудан бас тартсаңыз
Нұрдәулет ақ көңілғой кешіреді
Ал Байжанмен айтысудан бас тартсаңыз
Ол байғұс жеңдімғой деп есіреді ! :D


Болғанда шабыт-тамшы, өлең-теңіз,
Көмейде көп жыры бар өлер ме қыз
Нұрдаулет, неге сонша қатайдыңыз?
аспаннан түсіп жерге төмендеңіз.

Көрсеткендей бес елі маңдай сорды,
Жауабыңыз құлатар жардай болды.
Ақкөңілдің өздері сіздей болса,
Ақкөңіл еместер ше, қандай болды?

Сөзіміздің жүрмеңіз күрмеуі боп,
Сіздейлердің сайтта бұл сүрлеуі көп,
"Сенің теңің Байжан ғой " деп айтардай
Тең іздеп тентіреп те жүргенім жоқ!
Мына қыз қалай қалай көсіледі
Нұрдәулет бір айтқанда өшіреді
Вертуалды айтыс деген сөз болмайды
Бірақ бүгінгі айтыстың осы реңі
Өз еркіммен бас тартсам қуа берме
Тура айтқанда мәселе шешіледі
Сенің теңің Байжанғой сонымен айтыс
Мені қусаң қос өкпең тесіледі
Меніменен айтысудан бас тартсаңыз
Нұрдәулет ақ көңілғой кешіреді
Ал Байжанмен айтысудан бас тартсаңыз
Ол байғұс жеңдімғой деп есіреді ! :D


Болғанда шабыт-тамшы, өлең-теңіз,
Көмейде көп жыры бар өлер ме қыз
Нұрдаулет, неге сонша қатайдыңыз?
аспаннан түсіп жерге төмендеңіз.

Көрсеткендей бес елі маңдай сорды,
Жауабыңыз құлатар жардай болды.
Ақкөңілдің өздері сіздей болса,
Ақкөңіл еместер ше, қандай болды?

Сөзіміздің жүрмеңіз күрмеуі боп,
Сіздейлердің сайтта бұл сүрлеуі көп,
"Сенің теңің Байжан ғой " деп айтардай
Тең іздеп тентіреп те жүргенім жоқ!







Теңін тапса мәуелеп жан бүрлейді,
Тамырыңа онсызда қан жүрмейді
Қыйтығыңды қытықтап әдейі айттым
Әйтпегенде айтысқа мән кірмейді.
Қазан толы тамаққа тұз салмаса,
Бұл соның мысалы ғой дәм кірмейді.

Луиза-жан қайткенің тарылғаның,
Жөн болар, күмән ойдан арылғаның.
Сіз мына Нұрдаулетті "жұлдыз гой" деп,
Аспаннан іздеп әсте аңырмағын,
Әлгі бір ән сөзінде айтқанындай,
Аспанда емес іздесең жаныңдамын!

Луиза қыз - тулатқан тасқын өлең,
Асау құлын секілді қашты неден,
Көсілсе айтыс дейтін алманда,
Тұяғыннан ұшырған тасты көрем.
Десе де мен атты қазақ баласымын,
Асауды үйреткенді жақсы көрем!
Сөзіңізден мен емес зақым көрген,
Қашан да шабытына ақын сенген.
Аспанннан түсіп төмен, Оу, Нұреке,
Асауды тауыпсыз-ау жақын жерден.

Етпекпісіз тым ұзын жолды қысқа,
Жіңішке жол бұйырған "сорлы" қызға.
Шапса да сан мың мәрте бәйге алмас
Байталды қамшыламақ болдыңыз ба?
Сөзіңізден мен емес зақым көрген,
Қашан да шабытына ақын сенген.
Аспанннан түсіп төмен, Оу, Нұреке,
Асауды тауыпсыз-ау жақын жерден.

Етпекпісіз тым ұзын жолды қысқа,
Жіңішке жол бұйырған "сорлы" қызға.
Шапса да сан мың мәрте бәйге алмас
Байталды қамшыламақ болдыңыз ба?



Қой деген де қоймадың сүйреп алдан,
Ащы тілін инедей түйреп алған.
Бұл Луиза өзі бір қырсық қандай,
Жағына тілін қоса сүйеп алған.
Сөздері ары айналып бері айналып,
Түлкінің қулығындай күле қалған.
Жас күнінде Нұрдәулет адасқанда,
Қасқырдың апанына түнеп алған.
Бағынан соры басым байталсыңғой.
Өз басына өзі қамшы тілеп алған.

Әрбір сөздің астарлы мәнін ұғам,
Құдіреті сөздің де жалындаған.
Ажалы келген кезде құзға шығып,
Өзін өзі тастайды екен кәрі қыран.
Байталдың Жабағысы болса дағы,
Өлеңнің құдіреті мен қызғандырам.
Қуалап қоймай қойсаң сен егерде,
Өлеңнің жебесімен құздан қырам.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырыңда,
Қамшының ізіндейғып із қалдырам.
Түлкіге тұра ұмтылған қасқыр аңдай,
Сөздеріңіз Нұрдаулет, ащы қандай.
Жемтігім деп жер тістеп жүрмегейсіз
Томағасын жаңа ашқан жас қырандай.

Мұнымыз еш үлгісіз бір іс болды-ау,
"Көрерменнен" таппайтын дұрыс қолдау.
Қыз бен жігіт айтысса той болушы ед,
Ал біздің "айтысымыз" ұрыс болды-ау.
\
Түлкіге тұра ұмтылған қасқыр аңдай,
Сөздеріңіз Нұрдаулет, ащы қандай.
Жемтігім деп жер тістеп жүрмегейсіз
Томағасын жаңа ашқан жас қырандай.

Мұнымыз еш үлгісіз бір іс болды-ау,
"Көрерменнен" таппайтын дұрыс қолдау.
Қыз бен жігіт айтысса той болушы ед,
Ал біздің "айтысымыз" ұрыс болды-ау.
\



Болмасын десең егер ұрыс айтыс
Ұрыспай меніменен дұрыс айтыс
Ер алдында қыз деген атың барғой
Ұлға қарсы келмей-ақ тыныш айтыс

Жасайын бір қасиет ұлға лайық
Мерекесін қыздардың қолға алайық
Өжет сөзбен өрбіткен мына қызға
Қошемет қол соғыңдар оу- халайық
Болашақ ана болар аруларды
Жігіттер өз уағында бағалайық
Көктемде қыз жарықтық құлпырмайма
Құлпырған сұлуларды жағалайық
Иттерше иіскеп- иіскеп бүлдіргенше
Гүлзардың қолындайғып аялайық
Былжыратып бықсытып соза бермей
Осыменен бұл айтысты доғарайық .
Түлкіге тұра ұмтылған қасқыр аңдай,
Сөздеріңіз Нұрдаулет, ащы қандай.
Жемтігім деп жер тістеп жүрмегейсіз
Томағасын жаңа ашқан жас қырандай.

Мұнымыз еш үлгісіз бір іс болды-ау,
"Көрерменнен" таппайтын дұрыс қолдау.
Қыз бен жігіт айтысса той болушы ед,
Ал біздің "айтысымыз" ұрыс болды-ау.
\



Болмасын десең егер ұрыс айтыс
Ұрыспай меніменен дұрыс айтыс
Ер алдында қыз деген атың барғой
Ұлға қарсы келмей-ақ тыныш айтыс

Жасайын бір қасиет ұлға лайық
Мерекесін қыздардың қолға алайық
Өжет сөзбен өрбіткен мына қызға
Қошемет қол соғыңдар оу- халайық
Болашақ ана болар аруларды
Жігіттер өз уағында бағалайық
Көктемде қыз жарықтық құлпырмайма
Құлпырған сұлуларды жағалайық
Иттерше иіскеп- иіскеп бүлдіргенше
Гүлзардың қолындайғып аялайық
Былжыратып бықсытып соза бермей
Осыменен бұл айтысты доғарайық .



Байқатып,бақсы кейіп,сиқыңды мың.
Нұрдаулет құрықтаған ұйқыңды кім?
Қайталап қайраттының қайырымын,
Көрінді қыз алдында қиқымдығың!!

Өзіңе жүргізбегін өзге әмірін,
Қыз жайлы қызық ойды қозға бүгін.
Сарабдал ойларыңды сұрыптап ал
Сезетін серісің ғой сөз қадірін!!

Нұрдаулет сөзің шықты кешелі өктем,
Есімдерді жинасаң есе кеткен,
Ал Ақерке адемі есіміңді..
"Луизаға" өзгерттің не себептен?!

Мінсіз боп көрінесің тегі мүлде!
Теңгерсем деп ойладым сені кімге?
Өзгенің ныспысынан намыстанбай-
Қазақы қалыбыңнан жерідің бе?