Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісі Мәди Бәпиұлы Қарқаралы руынан шыққан,Қарқаралыда дүниеге келген.Ол өзінің туған жері Қарқаралының сұлу табиғатын,әсем келбетін,басынан бұлт кетпейтін заңғар тауларын жырға қосады.Ол өзінің туған жеріне сыймай,өсекшілер мен жағымпаздардың кесірінен елін,жерін тастап,Қараөткелде жыл қыстап шыққанын,сонда жаты, қатты сырқаттанып қалғанын,жақын адамының болмағынын күйзеле өлеңіне қосады.Жазықсыз жала жабылған кезде,сайғақ құрлы болмай,туған жерінен бір тыныш таппағанын,бір атадан қалған жалғыз тұяқ болғандықтан,ешкімнің жаны ашымайтынын,кіндік кескен жерін қимай-қимай тастап кете барғанын жырлайды.Әр өлеңінде «туған жерім,елім,кір жуып,кіндік қаным танған жерім» деген жыр жолдары бар.Әрбір ер жігіттің басына қиындық туған кезде жастық дәурені,балалық шағы өткен жерін қимастықтан еске алады.Жас адамның өмірі найзаның өткір жүзіндей екенін,қайда қадаса сол жерге сіңіп кетуге болатынын айта келіп,бірақ бәрібір өз туғаан жеріне ештеңе жетпейтінін жырға қосады.Мәди заманындағы халық арасындағы алауыздықты,өсекшілдікті,өтірік айтушылықты,мінездерін өлтіре сынап,осындайлардың кесірі қаншама жақсы – жайсаңдарға тиіп,өмірлерінің қор болғандарын айтады. Қорыта айтар болсам, «заманың түлкі болса,тазы болып шал» дегендей,бойыңдыжаман әдеттерден аулақ ұстау керек.Ешбір адам кіндік қаны танған туған жерінен безінбесін дегім келеді.Әркімге өз елі,өз жері ыстық.Туған жердің ауасы,суы,тезегі,ешкімнің есінен де,ойынан да кетпес.Өсек пен жағымпаздық Абай атамыз айтқандай,адамның өміріне заласын тигізетін дұшпандық.
Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірін болжай отырып, талдап жазыңыз
Қазақтың ұлттық музыка тарихында есімі алтын әріппен жазылған тұлғаның бірі - небәрі 14 жасында Қызылжардағы Тайынша жәрмеңкесінде Біржан сал мен Ақан серінің алдында ән салған, Қарқаралыдағы Қоянды жәрмеңкесінде талай өнер саңлақтарымен табысқан біртуар әнші, сазгер Мәди Бәпиұлы. Халық қазынасына «Қаракесек», «Қарқаралы», «Үшқара», «Шіркін-ай» сынды қайталанбас інжу-маржан әндерін қосқан Алаштың арда туған асылына биыл - 130 жыл. Бір қызығы, осы күнге дейін көбіміз тек әнші, сазгер деп танып келген Мәди Бәпиұлының біз білмейтін «сегіз қыры, бір сыры» бар болса керек.
Мәди ақын, сазгерлігінен бөлек, ержүрек батыр болыпты. Журналист Ермек Балташұлы өзінің Мәди жайындағы зерттеуінде оның жұлдыздай ағып шауып келе жатқан ат үстінен секіріп түсіп, қайта қарғып мінетіндігі, соңындағы қуғыншыларды жерден тас алып 30-40 қадам жерден тізеден ұрып құлатып жүре беретіндігі, бес-алты жігітке жалғыз өзі дес бермейтіндей ержүрек болғаны туралы әңгімеге бала күнінен қанық болғандығын жазған екен.
«Атыңнан айналайын, Қарқаралы,
Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.
Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай,
Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы»,

- деп кіндік қаны тамған Қарқаралыға мұңын шаққан Мәдидің батыр болуы, бір жағынан, кішкентайынан тағдыр тауқыметін көп көргендігінен болса керек. Әкесі Бәпимен бірге туған ағасы Қақабайдан көрген қорлығы бір жағынан, екінші жағынан, отаршыл озбырлардың еркіндікті, шындықты жырлаған Мәдиді қудалап, жала жауып, істі қылуы оны «қашқын» атандырып, абақтыға қамады. Өзінің абақтыдағы халін ол «тесіктен алақандай тіл қатамыз» деп «Қарқаралы» әніне арқау еткен.
Екінші жағынан, Мәдидің шыққан тегі де осал болмаған. Талай даудың басын ашып, ел-елді бітістірген данагөй абыз - қаз дауысты Қазыбек бидің ұрпағы болып келеді. Ақын «Үшқара» атты өлеңінде «Арғы атам - әулие өткен ер Қазыбек» дей келе, «Атамыз одан кейін Алшынбайды, Кемеңгер, ақыл-ойлы, терең сайды» деп бабаларының атақ-даңқын жырға қосады.
Бүгінгінің «Қоянды жәрмеңкесі» - Мәди байқауы
Бір қуанарлығы, Мәди атамыздың туған жері - Қарағанды өңірі қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызын ұмытқан емес. Облыстық мәдениет басқармасы осыдан бес жыл бұрын Мәди атындағы І республикалық әншілер байқауын ұйымдастырса, биыл 130 жылдығына орай екінші сайысты өткізіп отыр.
Рымбала ОМАРБЕКОВА, Қарағанды облыстық мәдениет басқармасының бастығы:
- Қарағандыда дәстүрлі әнге деген ерекше көзқарас, сүйіспеншілік бар. Жүсіпбек Елебеков атындағы байқауларды бірнеше дүркін Қайрекең (Қайрат Байбосынов - автор), Бекболат Тілеуханның қолдауымен және біздің жігіттердің бастамасымен өткізген болатынбыз. Жеңімпаздары бүгінде республика сахналарында таланттарын ұштап, әндерін халыққа жеткізуде. Тәттімбет атындағы республикалық домбырашылар мен қобызшылар байқауын да өткізіп жүрген жайымыз бар. Биыл Мәди атындағы байқауды бабамыздың 130 жылдығына арнап отырмыз. Қыстың суығына қарамастан, еліміздің әр аймағынан 36 қатысушы келіп отыр.
ІІ республикалық Мәди Бәпиұлы атындағы байқауға Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосынов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қатимолла Бердіғалиев, Мейірхан Адамбеков, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Қапаш Құлышева, Ғалым Мұхамедин, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты Жақсыкелді Кемалов және І республикалық Мәди Бәпиұлы атындағы байқаудың бас жүлдегері Сержан Мұсайындар қазылық етті.
Үш күнге созылған байқауда оза шауып, халықтың қошеметіне бөленген жеңімпаздар: бас жүлде - Мерей Кәрімов (Астана); 1-орын - Жасұлан Базарбеков (Алматы); 2-орын - Мирас Бақтығұлов (Орал), Біржан Есжанов (Астана); 3-орын - Қайыргелді Омарбеков (Астана), Балдырған Төлегенова (Қарқаралы), Медет Осатаев (Астана); дипломант атағы Жақсыкелді Маясаров (Алматы), Олжас Сұрағанов (Қызылжар) т.б. бұйырды. Ж.Кәрменов атындағы арнайы сыйлықтар да өз иелерін тапты.
Жансая ЖАРЫЛҒАП, көрермен, Қарағанды тұрғыны:
- Мәдидің республикалық конкурсы - бөлек дүние: елдің ықыласы да зор, әншілер де үлкен талғаммен келеді. Жаңа гала-концертте өнер көрсетіп жатқан Сержан Мұсайын, Ерлан Рысқалилар - І республикалық Мәди байқауында айрықша қырынан танылып, жеңімпаз болғандар, содан бері қанша өскендігін көрсетті. Дәстүрлі ән өнеріндегі жастардың үлкен легі «Құр айғай ән бе екен?» деп Абай айтпақшы, айқайға салмай, кешегі Ақселеу ағамыз айтқандай, «әннің кейіпкеріне айналып» айтып үйренген.
Ерлан РЫСҚАЛИ, әнші, І республикалық Мәди Бәпиұлы атындағы байқаудың лауреаты:
- Студент шағымда да, кейін де еліміздің әр өңірінде талай байқауға қатыстым. 2005 жылы Қарағандыда өткен І республикалық Мәди Бәпиұлы атындағы додаға қатысушы ретінде келсем, бұл жолы «Шалқар» радиосының атынан журналист болып келіп отырмын. Сол байқаулардың барлығын салыстырсам, ұйымдастырушылық жағынан Қарағанды көш ілгері. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптарды оқу орнына бір-екі ай бұрын жібереді. Қатысушылардың жатын орны мен тамағын өз мойындарына алып, жақсы күтеді. Кей өңірде іссапар қағазымен, құжаттарды рәсімдеуде бір-біріне сілтеп, әуре-сарсаңға түсіп жүріп қалатын кездеріміз болған. Мұнда үміткер ештеңеге бас қатырмайды, басты міндеті - тек әнін ойдағыдай айту ғана. Еліміздің басқа өңірлері Қарағанды әкімдігі мен мәдениет басқармасынан үлгі алса деймін.
Мәдидің жаңа екі әні табылды
Бұл байқаудың жаңалығы - дәстүрлі ән өнерінің бүгінгі ақсақалы, қазылар алқасының төрағасы Қайрат Әукенұлының Мәдидің ешкім естімеген әні - «Үшқараның» бір нұсқасы мен шәкірті Қайыргелді Омарбековтің «Қош, елім» әндерінің тұсауын кесуі болды. Қайрекең «Мұқан Төлебаевтың жеке мұрағатынан тапқан осы әндерді айтып жүргеніме қарай, қаракесектер жиналып маған ескерткіш қоятын шығар» деген қалжыңымен қалың көпшілікті қыран-топан күлкіге батырды.
Қайрат БАЙБОСЫНОВ, Қазақстанның Халық әртісі:
- Ұстазым Жүсіпбек Елебеков бес-алты жас шамасында ағасы Жақыпбекке еріп, Қоянды жәрмеңкесіне барғанында Мәдидің алдында ән салған екен. «Сонда риза болған Мәди қалтасынан бес теңге алып беріп, маңдайымнан сүйіп, батасын берген» деп айтушы еді ұстазым. Сол Мәдиден бата алған Жүсекеңнің шәкірті - мен бүгін алдарыңызға аға болып, батамды беруге келіп тұрмын. Қарағанды өңірі, Орталық Қазақстан - әннің туын тіккен жер. Мәди байқауы тек жарыс емес, әншілердің бірімен-бірі қауышып, әннің қыр-сырын тоқып, үйренетін Қоянды жәрмеңкесі секілді.
ТҮЙІН
Дәстүрлі ән өнеріне қадам басқан әншілер кәсіби деңгейге жету үшін бәйгеге жиі түсуі керек. Осы орайда халықаралық, республикалық деңгейде өтетін сындар саусақпен санарлықтай ғана: Әміре, Мәди, Майра, Жүсіпбек, Ғарифолла атындағы ән байқаулары, Абай-Шәкәрім оқулары, «Шабыт», «Шырқа, дауысым». Тарихта болған-болмағаны әлі күнге дүдәмал күй кешіп, дау тудырып, әндері «халықтікі» деген атпен шырқалып жүрген Сегіз сері мен Нияз сері бабаларымыз турасындағы әңгімелердің шекарасы әлі жабық. Ал қазақ әнінің атасы атанған Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұсалардың атындағы байқаулар дәстүрлі түрде әр дүлдүлдің өз туған жерінде өтетін күн бар ма екен? Өкінішке қарай, аталған тұлғалардың атындағы байқау ұдайы өтпей, тек мерейтой аясында ғана жарқ етіп өтіп, жалп етіп сөніп жатыр. Әбілахат Еспаев, Шәмші Қалдаяқов ағаларымыздың әндеріне арналған ән кештері мен байқаулар, «Жас қанат» жыл сайын өтпесе, көңіліміз көншімейді. Ал қазақтың өзі де, көзі де болған дәстүрлі ән мен күйі мұрағаттар мен «Алтын қор» үшін ғана жаралғандай күй кешуде. Сал-серілердің өздері көзден кеткенімен, мұрасы көңілден өшпеуі үшін жан-жақты қам жасамасақ болмас!
Қарқаралы – қазақтың Бас ақыны (А.Байтұрсынов), хакім Абайдың әрі нағашы, әрі
қайын жұрты. Ұлы ақын Қарқаралыны жанындай жақсы көрді. Әкесі Құнанбаймен
осы шаһарға сан мәрте келіп, от ауыз орақ тілді Балта мен Шөже сынды
шайырлардың шырын сөздерін, тамаша тәмсілдерін тамсана тыңдады. Абайдың
азаматтық, ақындық келбетін, адамгершілік кейпін шалқар шабытпен зерлеген
заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің атақты «Абай жолы»
роман-эпопеясында: «Абай әкесімен бірге Қарқаралыда тұрғалы көп күндер болды.
Қазір қыс әбден түсіп, қар бекіп алған-ды. Құнанбай кішкене қаланың тап
ортасындағы көк шатырлы, үлкен ағаш үйді жатақ еткен. Қазағуар, қонақшыл
татар саудагерінің үйі» деп ерекше ілтипатпен сүйсіне сипаттайды. Даңқты
қаламгердің әспеттеп айтқан көркем ғимаратының сыртында бүгінде «Бұл үйде
1850 жылдары Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы болған» деген ескерткіш тақта тұр.
«Атыңнан айналайын Қарқаралы» деп айдай әлемге әуелетіп ән шырқаған Мәдидің
майдақоңыр мақпал үні бүгінде Қарқаралының аспанын кернеп, жүректерді тер-
]]]] Қарқаралы ]]]]
5
беп тұрғандай. Қарқаралының қыран тектес түлегі Мәди Бәпиұлы сегіз қырлы, бір
сырлы, шашасына шаң жұқпас талант. Ол Арғынның ақ серкесі атанған әйгілі Ал-
шынбай бидің немересі. Пәлесі мен жаласы, мұңы мен наласы қос өрім қамшыдай
қатар жүрген қатыгез заманда ғұмыр кешті. Тағдырдың тәлкегіне түсіп,
қиянатты көп көрді. Бар өмірі өксікпен өткен өжет ақынның көңіл шері өлең боп
өрілді: «Үшқара басың биік мұнар шалған, Сұмпиып өте шықты мына жалған. Тар
есік, тар босаға жаман екен, Ер едім ел ішінде сайран салған» деп дүниеде көрген
азабы мен мазағына қатты күйінді. Мәди – сырбаз сазгер. Мәди – ән құдыреті.
«Үшқара», «Қарқаралы, «Қаракесек», «Шіркін-ай» әндері қазақ өнерінің аспанында
мәңгі жарқыраған жұлдыздар. Ән дауылпазы әйгілі Әміре Қашаубаев Мәди әндерін
Мәскеу мен Париж сахналарының төрінде әуелете шырқады.
Ұлтының қамын ойлап, қабырғасы қайысқан қажырлы қайраткерлер
Қарқаралының қадір тұтар аса ардақты перзенттері. Сонау зұлмат заманның
сұрқай саясатына атойлап қарсы шыққан жолбарыс жүректі, арыстан білекті
қайсар жандардың есімдерін елі ешқашан ұмытпақ емес. Кезінде патша үкіметін
қатты әбігерге салған атақты «Қарқаралы петициясы» құжатының мәтінін
дайындаған, көпшілікке қол қойдырып, жоғарғы жаққа жіберуді ұйымдастырғандар
– айбынды Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов,
қазақтың тұңғыш жоғары білімді заңгері Жақып Ақбаев еді.
ӨЗ ЕЛІМ ДЕП КЕЛІП ЕДІМ.
(Мәди Бәпиұлы)
Қол-аяқ жоқ домалап,
Құр кеудемен жорғалап...
Ғұмырдайда біз жүрміз,
Жол осы деп жобалап.
Ағайын жоқ, туысқан,
Мінезі жоқ жұғысқан.
Көңіл қалды әр істен,
Естіп аңдыр алыстан.
Ешкім білмес бұл сарды,
Өз елім деп келіп ем.
Өз халқым деп сеніп ем,
Ескі аруақтың орны деп,
Бұл қораға келіп ем.
Мұнша қоймай қуатын.
Қақабайға не ғып ем?
... Сақта Алла, пәлеңнен,
Асып тұр ғой шарадан.
Шағам тілмен шағып тұр,
Шиқан шыққан жарадан.
Жараның аузы бітпей тұр.
Ірің саулап ағып тұр.
Бізді аңдыған дұшпанның,
Табасы әбден қанып тұр.
Дұшпан ұстап қолымнан,
Иттер тістеп тонымнан...
Бұл Мәдидің жаңадан табылған өлеңінің толық нұсқасы емес екені бірден көрініп
тұр. Жоғарыда айтылғандай ақ иық күрескер ақынның әлі де бізге мәлім емес жыр
шумақтары баршылық екенінде дау жоқ деп білеміз. "Ел арасы — өнер кеніші",
дегендей қалың оқырман қауым Мәди Бәпиұлының ауыздан-ауызға тарап, артында
қалдырған тот баспас асыл мұрасын жинастырып, түбі жеке кітап етіп шығаруға
ілтипатпен ат салысады деп күтеміз.
Журналдың бұл жолғы басылымында әрі ақын, әрі сазгер, әрі әнші Мәдидің
"Қарқаралы" , "Қаракесек" (нотасымен) және "Үшқара" өлеңдерін оқырмандарға,
оның ішінде жастарға тағы бір рет ұсынуды жөн көрдік.
ҚАРҚАРАЛЫ
Атыңнан айналайын Қарқаралы,
Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.
Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай,
Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы.
Басында Үшқараның балғын едім,
Көкорай сазға біткен шалғын едім.
Екінің бірі болсам арманым жоқ,
Мен туған бір атадан жалғыз едім.
Қонғаны ауылымның Талды-ау деймін,
Жағалай ел жайлауға барды-ау деймін.
Кір жуып, кіндік кескен туған жерлер,
Артына бір қарамай қалды-ау деймін.
Немене, көрген қызық көрмегендей,
Жас дәурен жауар бұлт өрлегендей.
Жастық шақ көк семсердің жүзі
емес пе,
Қайрап ап қалың жауға сермегендей.
ҚАРАКЕСЕК
Сұрасаң руымды Қаракесек,
Досымнан дұшпаным көп қылған өсек,
Дұшпанның қуғындаған жаласынан,
Бұл күнде қу қарағай болды төсек.
Міндім де қара көкпен жылыстадым.
Бардым да Қараөткелге жыл қыстадым.
Науқасым жанға батып жатқан кезде,
Болмады жан ашитын туысқаным.
ҮШҚАРА
Арғы атам әулие өткен ер Қазыбек
Бекболат оның ұлы болыпты бек.
Тіленші — одан туған абзал шері,
Қарадан хан боп өткен бәрі асыл тек.
Атамыз одан кейінгі Алшынбай-ды,
Кемеңгер ақыл-ойлы, терең сай-ды.
Атағың Алатаудай бабаларым,
Көрдің бе осы күнде біздің жайды.
Сұрасаң Мәди еді менің атым,
Кем емес еш адамнан салтанатым.
Кешегі бауыр Бошан ортасында,
Біреуден кем тумаған менің затым.
Қақабай, Бапи еді бір туысқан,
Аянбай өле-өлгенше кек қуысқан.
Ақымақтың, надандықтың бәрін
тастар,
Болмады жанашырлық бір туысқан.
Үшқара басың биік мұнар шашқан,
Сұмпиып өте шықты мына жалған.
Тар есік, тар босаға жаман екен,
Ер едім ел ішінде сайран салған.
Жаралдым жалғыз қалып әуел бастан.
Қайтпаған қайран маңдай қара
тастан.
Мөр басқан басқа болыс не қылайын,
Мөр басып, туған атам
болды-ау қастан.
Шоқпардың жылқы жайдым даласына,
Не қылдым Қақабайдың баласына.
Өрісте жылқы жайып жатқанымда,
Бес солдат алып барды қаласына.
Абақты қатар-қатар болады екен,
Ішіне жақсы-жаман толады екен.
Ішіне абақтының кіріп барсаң,
Көңілің су сепкендей болады екен.
Сүйендім абақтының шарбатына,
Сыйындым атам Қазыбек аруағына.
Бір күнде қаршығадай қалықтадым,
Бұл күнде мен аңшының қармағында.
Бауырынан Үшқараның аса алмадым,
Жайқалтып жапырағын баса алмадым.
Есіме қайран елім сен түскенде,
Көл қылып көздің жасын баса алмадым.
Біржан салдың «Теміртас» өлеңінің туу себебін ақынның өмірлік деректері арқылы талдап жазыңыз.
Қазақ халқының əәншілік, ақындық өнерін биікке көтерген ірі тұлғалардың бірі – Біржан сал
Қожағұлұлы. Ол ең əәуелі, ақын. Ақын деп кімді айтамыз? Өлең, терме, толғау, жыр-дастандарды
өз ойынан ауызша немесе жазба түрде шығаратын қабілетті, табиғи дарын иесін ақын дейміз.
Жұртына сөзі жағып, талантын мойындағанда, еліне ерекше еңбегі сіңгенде ғана мұндай құрметті
атақты халық береді. Біржан- сол өлең мен жырды қастерлеген халықтың ішінде жүзден жүйрік,
мыңнан тұлпар болып шыққандардың бірі.
Қазақ поэзиясы мен өнерінің тарихында алатын орны ерекші даңқты халық композиторы, асқан
əәнші, дарқан ақын Біржан салдың есімі мен тамаша шығармалары қалың бұқараның сүйіспеншілік
құрметіне бөленіп,бүгінгі түрі ұлттық, мазмұны социалистік жаңа мəәдениетіміздің сарқылмас
асыл қазынасына айналып отыр. Біржанның композиторлығы, əәншілігі,ақындығы өзінің
замандастарын қандайлық қызықтырып баурап алатын болса, қазіргі ақын-жазушы, əәнші-
композиторларды, жалпы мəәдениеттік қауымды соншалық қызықтырып əәкеткендігінің куəәсіміз.
Оның асқақ үнге, терең де нəәзік лиризмге толы тамаша əән өлеңдері мен жырлары, айтыс өлеңдері
мен тапқыр сықақтары өз заманындағы, өзі өскен қоғамдық ортадағы күрделі əәлеуметтік, ізгі
адамгершілік мəәселелерді тербеніп толғайды. Демек, Біржанның ақындық шығармалары өзінің
өмірлік сыр-сипаты жағыннан қазақ əәдебиетінде бұқарашыл, прогресшіл тенденцияға саяды. Өлеңі
əәніне сай, поэзиялық қуаты мол бұл шығармалардың əәрқайсысы Біржан өмірінен, сол дəәуірдің
шындығынан хабар береді. Оның өмірінің соңғы сəәттерінде айтқан өлең шумақтарының орны
бөлек. Өмір бойы ел кезіп, сауық құрып үйреніп қалған Біржанды алпыстан асқан шағында ағайын-
туыстары «қартайдың, үйде отыр» деп ауылдан алысқа шығармайды. Тіпті үйден де шығармауға
тырысады. Тіпті «жынданды» деп керегеге таңып тастаған кездері де болады. Біржан салдың
қайғылы халі, ішкі зары бүкіл достарын есіне түсіріп, өлімнің жақындап қалғанын сезгендей ішкі
улы шерін əәнімен айтады. Осы жағдай оның «Теміртас» өлеңінде толық баяндалады.
Сонымен Біржанның ақындығы, əәншілігі, композиторлығы біздің мəәдениет жұртшылығымызға
толық танылған, жаға социалистік мəәдениетіміздің сарқылмас асыл қазынасына айналғаны
тарихи шындық. Тарих қайталанбайды, өмір өз заңымен ілгерілей бермек, жаңа қауым өзінің жаңа
өнерін жасайды. Жаңа өнер дамыған сайын Біржан сияқты ардагер ақын, өнерпаздың
шығармалары, ұмытылмас абзал бейнесі бізден аластамайды, əәрқашан қасымызда күмбірлеп күй
тартып, шырқап əән салып, сырласып, мұңдасып, əәзілдесіп күліп-ойнап, мəәңгі бірге жасамақ.
Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністерін талдап жазыңыз!
Бiржан сал – қазақтың ең атақты, аса көрнектi тұлғаларының бiрi. Ұлттық өнердiң жарық жұлдызы. Оның есiмi қазақ елiнiң өте ардақты адамдарымен қатар ең жоғары деңгейде, барлық энциклопедияларда,тарихи оқулықтарда үлкен құрметпен аталады. Бiржан бабамызды соншалықты биiкке көтерiп, алаш аспанында шарықтатқан – оның Құдай берген табиғи таланты, асқақ әнi, ойлы, сезiмдi өлеңi, аңызға айналған әншiлiгi. Оның әндерi бiр жарым ғасырдан астам уақыт бойы кең-байтақ даламызда үзбей айтылып келедi. Радиода, теледидарда, концерттерде, конкурс, фестивальдарда Бiржан әндерi ұдайы, күн сайын шырқалып,талай ұрпақтың рухани азығына айналды. Оның мұрасы – тiрi. Ол халықпен бiрге жасай беретiн бай қазына. Кез келген тарихи тұлғаның қадiр-қасиетi – көпiрме мақтау сөз, жарнама-дақпыртпен емес,оның жасаған iсiмен, елiне, адамзатқа сiңiрген еңбегiмен бағаланады. Түптiң түбiнде, таразыға еңбек тартылады. Ал Бiржан салдың еңбегi – оның өнерi, қалтқысыз адал, таза, асқақ, шалқар, терең мазмұнды әндерi мен өлеңдерi. Ол әлi күнге тiрi! Ел аузында! Халық жадында, ұрпақ санасында! Ұлтымыздың рухани әлемiнде! Өйткенi оның жаны бар, қаны бар, жалпы адамдық мазмұн-маңызы бар!
“Ал, дүние” деп, Бiржан атамыздың өзi айтқандай, “Темiртас” әнi қандай қасiреттi болса, Темiртастың тағдыры да сондай қасiреттi болған. Темiртастың баласы Мұқаметқали ақсақалмен талай мәрте кездесiп, әңгiмелестiк. Ол кiсiнiң айтуынша, Темiртас сол кеткеннен елге орала алмай, бостандыққа шыққанша қайтыс болып, топырақ сол Сiбiрден бұйырған. Балалары боранды, аязды күндердiң бiрiнде адасып кетiп, содан аман келгенi жалғыз Мұқаметқали. Ол кiсi ұзын бойлы, iрi денелi, қара торы, келбеттi, кесек, қайратты адам едi. Жасы сексеннен асқан шағында да бiлектерi сойылдай берiк, сiңiрлi, сом болатын. Шопыр болып жұмыс iстеген, қоңыр даусымен ептеп өлең де айтатын. Мұқаметқалидың балалары, олардан тараған ұрпақтары бар.
Бұған қоса, тағы бiр сөз: Бiржан салдың домбырасы Алматыда, республикалық тарихи-өлке тану мұражайында сақтаулы тұр. Сол домбыраны мен қолыма ұстап, шертiп көрдiм – созған қолым басына зорға жеттi! Бойы ұзын, құлашы кең, мол жаралған адамның мұрасы екенi көрiнiп тұр. Ал ендi Бүркiттiнiң басынан шырқаған әнi айлы түнде алты қырдан асып, аспанға кеткен кiсiнiң кеудесi де бiраз бар шығар-ау!
Бiржан – қазақтың халықтық музыка мәдениетiнiң алыбы. Өнер қайраткерi, азамат Бiржанның аты қазақ музыкасының тарихында алтынмен жазылады
Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністерін талдап жазыңыз.
Қазақ халқының әншілік, ақындық өнерін биікке көтерген ірі тұлғалардың бірі – Біржан сал Қожағұлұлы. Ол ең әуелі, ақын. Ақын деп кімді айтамыз? Өлең, терме, толғау, жыр-дастандарды өз ойынан ауызша немесе жазба түрде шығаратын қабілетті, табиғи дарын иесін ақын дейміз. Жұртына сөзі жағып, талантын мойындағанда, еліне ерекше еңбегі сіңгенде ғана мұндай құрметті атақты халық береді. Біржан- сол өлең мен жырды қастерлеген халықтың ішінде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып шыққандардың бірі.
Қазақ поэзиясы мен өнерінің тарихында алатын орны ерекші даңқты халық композиторы, асқан әнші, дарқан ақын Біржан салдың есімі мен тамаша шығармалары қалың бұқараның сүйіспеншілік құрметіне бөленіп,бүгінгі түрі ұлттық, мазмұны социалистік жаңа мәдениетіміздің сарқылмас асыл қазынасына айналып отыр. Біржанның композиторлығы, әншілігі,ақындығы өзінің замандастарын қандайлық қызықтырып баурап алатын болса, қазіргі ақын-жазушы, әнші-композиторларды, жалпы мәдениеттік қауымды соншалық қызықтырып әкеткендігінің куәсіміз. Оның асқақ үнге, терең де нәзік лиризмге толы тамаша ән өлеңдері мен жырлары, айтыс өлеңдері мен тапқыр сықақтары өз заманындағы, өзі өскен қоғамдық ортадағы күрделі әлеуметтік, ізгі адамгершілік мәселелерді тербеніп толғайды. Демек, Біржанның ақындық шығармалары өзінің өмірлік сыр-сипаты жағыннан қазақ әдебиетінде бұқарашыл, прогресшіл тенденцияға саяды. Өлеңі әніне сай, поэзиялық қуаты мол бұл шығармалардың әрқайсысы Біржан өмірінен, сол дәуірдің шындығынан хабар береді. Оның өмірінің соңғы сәттерінде айтқан өлең шумақтарының орны бөлек. Өмір бойы ел кезіп, сауық құрып үйреніп қалған Біржанды алпыстан асқан шағында ағайын-туыстары «қартайдың, үйде отыр» деп ауылдан алысқа шығармайды. Тіпті үйден де шығармауға тырысады. Тіпті «жынданды» деп керегеге таңып тастаған кездері де болады. Біржан салдың қайғылы халі, ішкі зары бүкіл достарын есіне түсіріп, өлімнің жақындап қалғанын сезгендей ішкі улы шерін әнімен айтады. Осы жағдай оның «Теміртас» өлеңінде толық баяндалады.
Сонымен Біржанның ақындығы, әншілігі, композиторлығы біздің мәдениет жұртшылығымызға толық танылған, жаға социалистік мәдениетіміздің сарқылмас асыл қазынасына айналғаны тарихи шындық. Тарих қайталанбайды, өмір өз заңымен ілгерілей бермек, жаңа қауым өзінің жаңа өнерін жасайды. Жаңа өнер дамыған сайын Біржан сияқты ардагер ақын, өнерпаздың шығармалары, ұмытылмас абзал бейнесі бізден аластамайды, әрқашан қасымызда күмбірлеп күй тартып, шырқап ән салып, сырласып, мұңдасып, әзілдесіп күліп-ойнап, мәңгі бірге жасамақ.
Біржан сал 1834 жылы Ақмола облысыныңЕңбекшілдер ауданында дүниеге келіп,1897 жылы алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардыңқасына еріп, той-думанның сәніне айналады.
Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдыңұстаздары.1865 жылыАбаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға.
Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар.Біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық әндері жеткен. Оның әндері нәзік сезімді, сұлулықты жырлаған сыршылдығымен қоса («Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», т.б.), әлеуметтік мән-мазмұнымен де («Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай – Жанбай», «Шідер», т.б.) құнды. Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара, Әсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген.Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан салдың жеке басына да қатты әсер еткен. Қиянатшылар тіпті оны «жынданды» деген лақап таратып, қол-аяғын байлап тастауға дейін барады. Аталмыш оқиға Біржан салдың «Теміртас» әнінде үлкен қасіретпен айтылады. Оның «Айтбай», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Жонып алды», «Алтын балдақ», «Көкек», «Жанбота», «Теміртас» сияқты әндері дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорынан орын алды. Олар Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Қосымжан Бабақов, Қуан Лекеров, Мәжит Шалқаров, Темірбек Арғынбаев, Қайрат Байбосынов, т.б. әншілердің орындауында ел арасына кең тарап, халық игілігіне айналды. Біржан салдың музыкалық мұрасы бірнеше рет жинақ болып басылып шықты. Мұқан Төлебаев «Біржан – Сара» операсын жазды.өкіне, ашына айтқан. Біржан сал өз ауылында тұрақтамай, ел кезіп кетеді. «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» деп өлеңінде өзі айтқандай, қазақ жерінің барлық түкпірін аралайды. Ел көреді, жер көреді, талай той-думандардың сәні, көркі болады. Жүрген жерлерінің бәрінде бүгінге дейін ел аузында жүрген, халқымыздың өшпес мәдени қазынасына айналған әндер шығарады. Бүгінгі әншілеріміз айтып жүрген «Ләйлім шырақ», «Теміртас», «Жайма шуақ», «Айтпай», «Бурылтай», «Айбозым», «Асыл-Ақық», «Керкекіл», «Ақ серкеш», «Мәті-Дәулен», «Алтын балдақ», «Телқоңыр», «Аққошқар», «Көкек» т. б. әндері — мәңгі өлмейтін туындылар. Бұлардың бәрі бұрын жеке дауыста орындалса, ұлы композиторымыз Мұқан Төлебаев біразын «Біржан — Сара» операсында пайдаланған. Арқаның ақиығы Біржанның Жетісу бұлбұлы атанған ақын Сарамен айтысы да — өлмес қазынамыз.
Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең — менше сүй, -деген мәңгілікке жетерлік сөз қалдырған.[3]
Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі тұлпары Құлагердің ақын өміріндегі орнын талдап жазыңыз
Қазақ халқы әнші-ақындар шоғырының аса
көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы.
Жасынан ән-жырға үйір ол қолына домбыра
алып ән салады, өлең шығарады. Жігіттік, сал,
серілік жолға бейімделеді. Әдемі киініп, жүйрік
ат, құмай тазы, қыран бүркіт ұстайды. Қасына
өнерлі жігіттерді жинап, ел аралайды, сауық-
сайран құрады. Қалың елді ғажайып әнімен
баурайды. Бір уақ сейіл-серуенге шығып,
саятшылық құрады. Осындай өзгеше өміріне,
өнеріне риза болған халық «сері» атандырады.
Жүйрікті бәйгеге қосып, аңшылық-саятшылық
құру ерте кездегі халық өмірінен елеулі орын
алған. Адам үнемі бір қалыпты-бұйығы тірлік-
пен өмір өткізе бермеген. Арасында тіршіліктің
қызығы мен шыжығын көруді де парыз са-
наған.
Ақан сияқты көп қырлы өнері бар сері адам
үшін бұл-басты қажеттілік болған. Ақын дү-
ние-байлыққа қызықпаған, оны мақсат та етпе-
ген. Оның есесіне Құлагердей ат, Қараторғай мен
Базар ала сияқты қыран құс пен тазы ұстаған.
Т.Б. Қастеева
78
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 1-2(141-142). 2013
Ақан сал-серіліктің салтанатын аңшылық-саят-
шылық, құсбегілік мергеншілікпен ұштастырып,
бір уақыт осыларды қызықтаған. Құс салып, ит
жүгіртіп көңілін көтеріп, жанын жадыратқан.
Сондықтан бірқатар туындылары осы тақырып-
қа арналған. Солардың ішінде қалың елге кең
тарағаны «Құлагер» ән өлеңі.
Бірнеше рет аламан бәйгенің алдын бермей,
даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлагер 1876 жылы
Сағынайдың асында қастандықпен өлтірілгені
белгілі. Бәйгеге үш жүз жиырма үш жүйрік қо-
сылады. Осынша аттың алдына қара үзіп келе
жатқан қанатты жүйрік Құлагерді Ақмоланың
алпауыты Жүсіптің жандайшаптары қастандық
жасап, айбалтамен басынан ұрып өлтіреді. Осы
бір қарабет-қастандық сезімтал ақын жанын
жаралайды. Өйткені ер қанатына айналған атқа
халық ерекше мән берген. «Бұл көшпелі өмір-
дің өзінен туған қажеттілік болатын... Қазақ-
тардың ғасырлар бойындағы тіршілік өткелде-
рінің куәгері – аттың орны мен қызметін ешбір
ақын, шешен, жыршы айтып тауыса алмаған»
[1, 79]. Осы дәстүрден Ақан сері де шет қалма-
ған. Оның үстіне қапияда мерт болған атының
өлімі де Ақан серіге орны толмас өкініш әке-
леді. «Құлагер» ән өлеңін өлген атының басын-
да отырып айтады. Сондықтан бұл өлең ақын-
ның ауыр жан күйелісі, терең тебіренісінен ту-
ған. Өлеңде озбырлықтан зәбір көрген ақынның
көкірегін кернеген қайғы-мұңы бар. Сондай-ақ
ақынның көңіл-күйіндегі сан түрлі психология-
лық өзгерістер де айқын байқалып отырады.
Құлагерді қарап тұрған Ақан сері алдыңғы ат-
тың түсінің өзге екенін байқап мазасыздана
бастайды. Бір жамандықты сезгендей болады.
Жел соқса қамыс басы майда деймін,
Атыңды, ат айдаушы, қайда деймін.
Алдыңғы ат баран болмай қылаң болды
Жығылмаса , Құлагер қайда деймін?! [1, 45].
деген жолдарда бір үміт, бір күдік тай-таласқа
түскендей болады. Ат айдаушыға қарата тіл
қатып, алыстан көрінген алдыңғы аттың баран
болмауы Ақан көңіліндегі күдікті көбейте тү-
седі. «Жығылмаса, Құлагер қайда деймін?!».
Ақан сері Құлагердің өлгенін естігенде есі
ауысқандай басқа күйге түседі. Оның ой-сезі-
мін бір сәт шарасыздық билегендей болады.
Өлді деп Құлагерді естігенде,
Бір тұрып, бір отырып ойбайладым,-
дейді.
Басқа не істесін? Көңілі суып, үміті үзіледі.
Үрей билеп шошынған Ақан «Сарыаласына
мініп тұра шабады». Енді оның психолгиясын-
да басқа өзгеріс байқалады. Ыза мен кекке
булығып ашынған ақын іштегі мұң-зарын өк-
сік атқан ән өлеңмен шырқайды. «Намаз шам,
намаздігер» арасында мұңлы ән бүкіл Ерей-
ментаудың алқабын күңіренткендей болады.
Шыныңмен өлгенің бе, Құлагерім,
Салбырап саптаяқтай төменгі ернің.
Баспа-бас қызға бермес жануарым
Басылмас бір шырқамай менің шерім,-
деп аяулы Құлагерін жоқтайды.
Құлагердің бүкіл топтан озған жел жетпес
жүйріктігі, бірде тұлпарға лайық сыны, тіпті
өлген жеріне дейін өлеңнен көрініс тапқан.
Құлагер топтан озған жүйрігім-ай,
Жарасар келте жібек құйрығың-ай.
Түбіне Ерейменнің айдап келіп
Құдайдың қарай қойшы бұйрығын-ай [1, 46]
Ақанның өкінішінде шек жоқ. Өлеңнің әр
шумағы оның жан күйігіне толы. Құлагер дү-
бірлі бәйгеге қосылған сайын Ақан серінің де,
елінің де намысын асқақтата түседі. Сондықтан
оны бүкіл Атығай, Қарауылға олжа салған жүй-
рік ретінде жоқтайды. Елдің де, ердің де даң-
қын асырған тұлпардың қапияда мерт болуы
жалпақ жұртқа да оңай болмаған.
Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.
Атығай, Қаруылға олжа салған
Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім
Құлагер құнанында керім еді,
Нағашым сұрағанда беріп еді.
Ат қоса Ерейменге барғанымда,
Бір сыншы көзі шыққыр көріп еді.
Көкшетау, Атбасар өңіріндегі ас-тойларда
үнемі жеке-дара келіп, атағы алыс елдерге –
Арқаға кеңінен тараған Құлагерге Атығай-Қа-
рауыл елі тілекші болады. Тіпті Құлагерді бір
көруге қаншама адам ынтық болып құмартады.
Өйткені тобылғы түстес Құлагердің мүсіні де
ерекше болады.
Құлагер айналайын тұлпарым-ай,
Бір көрмей, тұра алмаймын сұңқарым-ай.
Даңқыңа бүкіл адам ғашық болып
Бір көрсек деп тұратын іңкәрім-ай! [1, 47]
Ақаң серінің көңіліндегі көлеңкені кетіріп,
жан серігіне айналған сәйгүлігіне деген ынты-
зар ықыласында шек жоқ.Шошына аласұрған
Ақан:
«Құлагер» ән-өлеңі туралы
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 1-2(141-142). 2013
79
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 1-2(141-142). 2013
Өлді деп, жануарым естігенде,
Шықпады уақыт жетпей шыбын жаным.
Не:
Өлді деп, Құлагерім естігенде
Ойбайлап орнымнан тұра алмадым, -
дейді. Бұл оның сәт сайын сан құбылып, сан
өзгерген көңіл күйі, жан қиналысы екені аян.
Ақанның аз ғана уақыт ішіндегі психологиялық
мезеттері шынайы көрініс тауып отырады. Кей-
де сезімді ақыл жеңіп, өзін-өзі жұбатады.
Құлагер, шешең-сұңқар, әкең-тұлпар,
Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.
Сен өлсең орның басар көк бесті бар
Болады құдай қосса о да тұлпар,-
дейді.
Ендігі үмітті алдан күткендей болады. Сабыр
сақтап есін жияды. Бұдан кейінгі берекет-қайыр-
ды Көкбестіден болсын деп өзіне-өзі дем беріп
жұбанғандай болады.
Өлеңде көңіл жадыратып, көз тойдыратын
Құлагердің нағыз тұлпарға тән сұлу мүсіні
ажар ашар баяумен көркем бейнеленген. Мәсе-
лен: «Жарасар келте жібек құйрығың -ай», «Сал-
бырап саптаяқтай төменгі ернің», «жібектей күл-
теленген құйрық-жалың», «қой мойын, қоян
жақты сандал керім», «Хазірет Ғали дүлдүлі
тұлпар керім», «ор болып қалушы еді шапқан
жерің», «бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім»
т.б. деген тармақтар осы айтқанымызға толық
дәлел болады.
«Құлагер» өлеңін оқып отырғанда Ақан сері-
нің жанына жара салған күйзелісі, мұң мұнары
басып тығырыққа тірілген ауыр да, азапты сәт-
терінің шыны мен сырына қаныға түсеміз.
Ақынның азалы үнінен сырт қалу мүмкін де
емес. Қызғаныштың қызыл итін жүгіртіп, әділ-
дікке жымысқылық пен қол көтерген қараниет
қарақшылардың зұлымдығына басылған лағы-
нет таңбасы.
Құлагерді өлтіргендей алдым несін,
Әркімнің тәңірім берген несібесін.
Қас қылған жануарым Құлагерге,
Жауызға бар тілегім өлім берсін [1, 48],-
деген жолдар Ақан серінің ғана тілегі емес,
қара ниет жауға деген бүкіл халық қарғысы
деп ұқсақ болады. «Құлагер» ән-өлең бір ғана
жүйрік тұлпарға ғана арналмаған. Мұнда әді-
летсіздікке деген Ақан серінің жан ашуы жа-
тыр. Ат өлімі ақын жүрегіндегі ашу-ыза, кекті
тұтандырып, намысын жани түскен. Сондық-
тан Ақан сері сол тұстағы заманның ащы шын-
дығын ашып, қанды қол қарақшыны да, кеуде-
сіне нан піскен озбырларды да өлтіре сынап
оларға қарсы үн көтереді, өлім тілейді.
«Маңмаңгер» ән–өлеңі де Құлагерге арнап
шығарылған көрінеді. Сейдалының асында (үш
жүз ат шапқан) озып келгеннен кейін Ақан сері
бір уақ атының маңдайынан сипап, оны ары-
бері жетектеп жүрсе керек. Құлагердің жайлы
мінезі мен маң-маң басқан жүрісіне қарап осы
ән өлеңін шығарыпты: «Маңмаңгер» өлеңінің
алғашқы шумағы мынадай болып келеді:
Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда,
Жүйрік жоқ сенен озған құнан, тайда.
Жүрісің желмаядай, жануарым
Көрейін қызығыңды осындайда [1, 51]
Өлеңнен ақынның атына деген ризалық се-
зімі аңғарылады. Әзірше бұдан озған жүйрік
жоқ екенін айтады. Сондай-ақ келте кекіл, май-
да жал, желмаядай жүріс нағыз жүйрікке тән
сипат.
Осы арада профессор Ж.Дәдебаевтің «Тұл-
пардың сыны мен бабы» кітапшасындағы ат
сындарына назар аударған артық болмайды.
Кей – Қауыстың сыны: «Төменгі ерні салпы,
құйрығы сүзіліп бітеді. Түр-түсінің ең жақсы-
сы-торы, құрма түс».Күреңбай сыншының үл-
гісі: «Құлағы тік», «Қамыс құлақ» болғанда,
жұтқыншағы қойдың жұтқыншағына ұқсайды.
Сағағы кең, ерні салбырап тұрады. Тілерсегі
желмаяның тілерсегіндей, құйрығы қою да
емес, сұйық та емес, қоқанның жібегіндей же-
ңіл келеді».
К
80

бай сыншының үлгісі. «Ақан серінің Құла-
герінің сағағы кішігірім баланың басы сиып
кететіндей кең болған. «Жүйріктің тірсегі майы-
сып келеді. Маймиған тірсекті жүйріктің артқы
аяқтарының серпіні ғаламат күшті болады» [2,
11]. Біз бес түрлі ат сынының ішінен тек Ақан
сері өлеңіндегі Құлагерге қатысты айтылатын
ат сынын теріп қана алдық. Құлагердің мүсін-
суреті осы бес сыншының айтқан сын-сипаты-
на дәл келеді. Ендеше Құлагердің дене мүше-
лері нағыз жел жетпес жүйрікке тән екеніне
көзіміз жеткендей болады.
Ақан Қорамсаұлының «Көкжендет» өлеңі де
өзінің қаршығасына арналған. Бір күні Көк-
жендет желдеп ұшып кетеді, бірақ қайта кел-
мейді. Мәпелеп баққан қаршығадан айрылуы,
сол беті табылмай кетуі Ақан серіге оңай бол-
майды. «Жығылған үстіне жұдырық тигендей»
болады.
Көкжендет, сені салдым дабыл қағып,
Мойныңа әшекейлеп тұмар тағып.
Қарасам жан-жағыма Көкжендет жоқ
Айрылдым қапияда сенен нағып?! [1,49], -
деп өкініш білдіреді. Оның қыран құс екенін
еске алады.
Көкжендет, тұғырың алтын, маржан баулы,
Тұрушы ең ағаш үйде асыраулы..
Алпыс қаз, тоқсан үйрек бір күнде алған
Құс қайда Көкжендеттей қыран шәулі
«Алпыс қаз, тоқсан үйрек бір күнде алған»
қырандығына ризалық білдіреді. Әу баста құс
салып, ит жүгірту күн көрістің бір түрі болса,
кейінірек бой жазып, дем алу үшін қолданған.
Ал серілер үшін жүйрік ат, қыран құс ұстау
әдетке айналған. Құлгер де, Көкжендет те Ақан-
ның даңқын асыра түскен. Ол сейіл-серуен үшін
ұстаған. А.Қорамсаұлының Құлагерге арналған
тағы бір өлеңі «Ішінде орта жүздің жүрмін шал-
қып» деп аталады. Бұл өлеңінде Ақан сері
Құлагерді нағашысына бағалатып сатып алға-
нынан хабар табамыз.
Құлагер дөненің де алдым сатып,
Қызыққа ойнап-күліп жүрмін балқып.
Бас қосса неше жиын қандай топта,
Келесің, Құлагерім, таңырқатып.
Бұл кезде де Құлагер жүйрік ретінде таны-
лып, бүкіл жалпақ елге даңқы жайылған атқа
айналады. Ақан өнерімен халыққа танылса,
Құлагер жүйріктігімен мәшһүр болады.
Мінгенім, Құлагерім, өзің тұлпар,
Қолыма ұстағаным тағы сұңқар.
Жастықтың арқасында қылдым сайран
Өзім сал, өзім ақын, емеспін зар.
Алып ем жиырма бесте дөненің де,
Көруге қызығыңды болып іңкәр.
Бәйгіден үш жүз аттан озып келдің
Артыңнан жете алмаған талай тұлпар [1, 71]
Бұл Сайдалының асы болатын. Үш жүз аттан
суырылып шығып, небір менменсіп күпінген-
дердің аттарынан қара үзіп келеді. Мұның бәрі
Ақанның көңілін көтере түседі. «Өзім сал, өзім
ақын, емеспін зар» дейтін себебі осы болса
керек. Осы бәйгеде озып келген Құлагер жалау-
дан үркіп, астынан өтпегендіктен, жүрт Үркек-
кер деп ат қояды. Сондықтан Ақан сері «Құла-
гер» өлеңінде «Қарағым айналайын Үркекке-
рім» деп елжірейді. Бұл өлеңдерді ақынның
құстан жүйрік, адамнан есті, жан серігі болған
Құлагеріне қойған жыр-ескерткіші деуге болады.
Ақан серінің «Қараторғай» өлеңі бір кезде
Зілқараның Әлібегі сыйлаған Қараторғай атты
бүркітіне арналған. Беріректе қартайып, құй-
рықтарының қауырсыны түсіп азаяды. Бұл құс-
тың қонуына кедергі болады. Жерге жақындап
келгенде қона алмай біраз уақыт шырылдап
айналады екен. Мұны көрген Ақан бір кездері
қасқырға түскен қыран бүркіттің әбден кәр-
тейіп, шырылдаған аянышты күйіне толқиды,
жаны ашиды. Сөйтіп «Қараторғай»ән-өлеңі дү-
ниеге келеді. Оның үстіне Ақанды талай қуа-
нышқа батырып, олжа түсірген құсы бір түнде
өліп қалады. Өлеңде:
Ұшады қараторғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып.
Бірге өскен кішкентайдан, қараторғай
Айрылдым қапылыста сенен нағып [1,88], -
дейді. Бұдан соң:
Қараторғай,
Ұштың зарлай.
Бишерай,шырылдайсың
Жерге қонбай!-
деп бүркітінің хал-жайын нақтылы бейнелейді.
Ақынның өкініш – мұңы көрінгендей болады.
Біз талдап отырған Ақан сері өлеңдерінің («Құ-
лагер», «Маңмаңгер», «Көкжендет», «Қаратор-
ғай»т.б.) бәрі де әнмен айтылған. Өйткені
белгілі бір поэтикалық туынды композитордың
әдемі әуенімен әрленіп айтылғанда әсері ар-
тады, көптің жадында сақталады және ғұмыры
ұзақ болады. Халық арасына тарау мүмкіндігі
де арта түседі. Ақын әлеуметтік өмірдің сан
түрлі қасиет-қырларына сын-сарап жасайды,
барлау-байлам айтады. Ақан сері өз ойын көр-

81

кем кестелеп, әсерлі жеткізе білетін талантты
суреткер.
Қазақ халқының көрнекті ақыны Ілияс Жан-
сүгіров «Құлагер» поэмасында ақын трагедия-
сының себептерін жан тербетерліктей нәзік,
асқан шеберлікпен айтты:
Күн батты, көлеңке алды Арқа жерін,
Кешкі жел жыбырлатгы Қусақ көлін.
Қоштасып Құлагерге күңіренді Ақан,
Қайғыртып қасындағы қалған елін...
Ұзын жол, жұлдыз жарық, жазғы түнді
«Құлагер» деген әнмен күңірентті.
Әнімен шығаруға ішкі дертті,
Шырқатып ащы үнімен шерін шертті.
Болады салған әні су сепкендей,
Сөндіре алмаса да жанған өртті.
Ащы зар, ауыр шері айғайлатты.
«Құлагер» айтқан сайын қайғы ойлатты.
Ақан өмірінің соңғы кезін оңашалану жағ-
дайында өткізген. Серілік өмірден ада болған,
жастық армандарының көбіне қолы жетпеген,
жер-суынан айрылған, ел басшылары мен пи-
ғыл-ниеті бұзыла бастаған пысықтардан жәбір
көрген ол қасына жалғыз мылқау баласы
Ыбанды алып Қоскөл жағасында оңаша өмір
кешкен. Ақын дұшпандары ол туралы неше
түрлі өсектер таратқан. Сөйтіп жүріп ол 1913
жылы 70 жасында қайтыс болған.
Тегінде тегін бе екен Ақан сері,
Бұл да бір емес пе екен елдің ері?
Өз ұлы, өз ерлерін ескермесе,
Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді? -
деп І.Жансүгіров жырлағандай Ақан серінің
қазақ өнеріндегі орны ерекше. Сондықтан ақын-
ның мұрасын жан-жақты насихаттап, ұрпақтан-
ұрпаққа жалғастыру баршамыздың міндетіміз.
Әдебиеттер
1 Абай және қазіргі заман әдебиеті (Құраст. Байғалиев Б.). – Алматы: Ғылым, 1994. – 336 б.
2 Қорамсаұлы А. Шығармалары (Құрст. Ә. Тәжібаев). – Алматы: Жазушы, 1963. – 236 б.
3 Дәдебаев Ж. Тұлпардың сыны мен бабы. – Алматы: Бастау, 1994. – 16 б.

Ілиястың «Құлагер» поэмасы сырт қарағанда ақынның сәйгүлік- тұлпарының мерт болуына арналған, соған байланысты жазылған сияқты. Ол кездері , тоталитаризм меңдеген кезде, әдебиеттану ғылымында тұрпайы социализмнің айқайшыл сынның бел алып тұрған кезі еді.
Ілияс қазақтың ән, музыка өнерін аса асқақтата жырлаған. Ақын осыны бар жан тәнімен түсінгенде, мейірі қанғанша сусындаған. Тек сондай жан әлемінен ғана «Әнші», «Күй», «Күйші», «Құлагер» сынды бірегей туындылар жаралған.
Ақан сері- өнер тұлпары. Оның әдебиеттегі, өнердегі орны ерекше. Ақан серінің көптеген өлеңдерінің тақырыбы махаббат, сүйіспеншілік жайында. Жастық дәурені жүріп тұрған кезде сауық-сайран, ойын тамашаның бел ортасында болған өнерлі жігіттің әсемдікке, сұлулыққа іңкәр болмауы мүмкін емес еді. Осылайша Ақанның көңілі құлаған аруларға деген сүйіспеншілік сезімі өлең боп өріліп, ән боп төгілді. Ақындық пен серілік, сазгершілік пен әншілік бір бойында тоғысуы Ақанның атақ-даңқын арттыра түсті. Ақанның әнін жастар жағы іліп әкетіп, ел арасына таратып жатты.
Поэманың бас қаһарманы – Ақан сері Қорамсаұлы. Осы бас кейіпкер өмірін бейнелеген поэма жанрының шеңберінен аспай, осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі көркемдік мүмкіншілігін белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын көреміз. Ол ең алдымен оқырман қауымды Ақан серімен біраз таныстырып өтеді. Бұл ретте ақын Ақан серіге кең көлемде мінездеме беріп кетеді. Сол мінездеме арқылы Ақан серінің ұнамды тұлғасы анықтала бастайды.
Поэмадағы ақынның авторлық мінездемесіне қарағанда: Ақан билік айтқан ел жуаны би емес, «ауыл торып, ел шулатқан ұры» емес, «мешіт салып, зекет алып, дүниенің нәжісін бойға жаққан молда» емес, тіпті, байдың жалшысы да емес, өз малын баққан қарапайым шаруа да емес. Поэманы оқып отырған оқырманның осы тұста заңды сұрағы туатыны аян. Ақан енді кім? Бұған жауап ақынның Ақанға берген мына сипаттамасынан табылады:
“Жүйрік ат, сонар саят, қыз-қырқынмен,
Өмірді өткізген жан өз қрқынмен.
Өмірдің ащы емес, тұщысын да
Қызықтап жігіт ойын, қыз күлкіңмен.
Саңлақ ед шыққан мыңнан, озған жүзден,
Көп сұлу көзін сүзген күнді өткізген.
Қызықтың айдынына құлаш ұрып,
Армансыз қаздай қалқып, қудай жүзген…
Кісі емескөп қатынды үйірлеген,
Болған жоқ бір пендеге тию деген.
Текті құс тазалықты қолына ұстап,
Арманы-ақ сұлулықты сүю деген”.
Міне, осылайша ақын Ақан серінің халық ішінен шыққан көркемөнердің көрнекті өкілі – асқан өнерпаз ретінде көрсетеді.
Поэмадағы Ақан сері образын сөз еткенде Құлагерді айту аса қажет. Ақынның Құлагерді суреттеуі және оның қадір-қасиеттерін баяндауы бас кейіпкер бейнесін тұлғаландырып тұр. Ақан серінің Құлагері туралы және сол Құлагердің өкінішті қазасы жайлы шығарған әнінің хикаясы жөнінде ақынның поэма жазуы – қазақ поэмасының тақырыптық-мазмұндық арнасындағы ұлттық ерекшелікті де аңғартады. Атқа байланысты оқиға жайлы арнайы поэма жазуы ақынның өз халқының ежелден келе жатқан ұлттық психологиясымен тығыз байланысын танытады.
Ақан сері жеке-дара, салт жүріп, серілік, саяткершілік құрмаған. Оның қасында қашанда талантын құрмет тұтып, қолдап отыратын Ағытай қарауылдың ішіндегі небір өнерлі, балуан ақын жора-жолдастары болған. Ол суырып-салма ақындығымен қоса қызыл тілдің шешені әрі әнші-сазгерлігімен де ел құрметіне бөленген. Күлбілтелемей кесіп айтатын турашылдығы тағы бар. Ол әділдіктің ақ жолын аттап, елге тізесін батырған талайларды тәубесіне келтіреді. Тіпті турасын айтамын деп туғанына жақпаған кездері көп.
Ілиястың «Құлагер» поэмасы сырт қарағанда ақынның сәйгүлік- тұлпарының мерт болуына арналған, соған байланысты жазылған сияқты. Ол кездері , тоталитаризм меңдеген кезде, әдебиеттану ғылымында тұрпайы социализмнің айқайшыл сынның бел алып тұрған кезі еді. Ілияс қазақтың ән, музыка өнерін аса асқақтата жырлаған. Ақын осыны бар жан тәнімен түсінгенде, мейірі қанғанша сусындаған. Тек сондай жан әлемінен ғана «Әнші», «Күй», «Күйші», «Құлагер» сынды бірегей туындылар жаралған.
Қорыта келе, І.Жансүгіровтың шығармалары өнерді дәріптеген туындылар. Ол осы шығармаларымен келешек ұрпаққа «Өнер- адамның асыл мұрасы»,- деген ойын жеткізеді. Өзінің өнерге деген құрметін, сый-сияпатын, үлкен махаббатын, өнердің әсерінен бойын жайлаған керемет сезімдерін өзінің өшпес ақындық өнерімен жеткізе білді. Адамдарды ерекшелендіретін, , сақтап, қастерлеп ұрпақтан ұрпаққа берілетін, ешбір бағасы жоқ, уақытқа, жауға бағынбас асыл мұра- өнер!
Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/oy_tolgaular/21961/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

«Алаш айнасы» газеті

Теміртас
Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап,
Адамзат қалмақ па екен солай сарнап.
Көз көрген құрбыларға дұгай сәлем,
Батасын оқи берсін маған арнап.
Ақ үйдің ай көрінер маңдайынан,
Шешеннің сөз шығады таңдайынан.
Теміртас, Асыл, Ақық, қарғаларым,
Иіскетіп кетсеңдерші маңдайыңнан.
Теміртас, Асыл, Ақық, қарақтарым,
Үкідей мен сендерді балақтадым.
Бірге өскен құрбы-құрдас, замандастар,
Есіктен келе ме деп алақтадым.
Салғаным ағаш үйге ызботты пеш,
Жаратқан, мен бендеңнің күнәсін кеш.
Денеме кендір арқан жаман батты,
Қайдасың, Асыл, Ақық қолымды шеш.
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Қинауға салады екен адамзатты.
Үкідей желпіндерген, қарақтарым,
Шешсеңші, білегіме арқан батты.