Үкілі Ыбырай өлеңінің «Қалдырған» атауына себепкер болған ой.
Өмірдің əәр кезеңі болмасын əәлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін
жарыққа шығарып отырды.Сондай бір дарынды тұлғаныі бірегейі қазақ
əәдебиеті мен өнерінің тарихында өзінің ерекше шоғырлану өнерімен айқын із
қалдырған əәнші ақындардың бірі – Үкілі Ыбырай Сындыбайұлы. Қазақ
топырағындағы тарихи экономикалықжəәне əәлеуметтік рухани өзгерістер
патша тарапынан жүргізілген отарщылдық саясатшыл ақынның көңіл күйі
мен өміріне əәсер етпей қоймады. Көргені мен түйгені оны терең ойға
қалдырды.Міне, осындай тартысқа толы тағдырды ол өзінің «қалдырған»
атты терең пайымдауларда құрылған шығармасын жазып шығарды.
«Қалдырған əәні» - ойы кіршіксіз сезімі сыршыл ақынның жүрегінен
шыққан əәдеби шығармасы кімде – кімнің талай – талай тауқыметті шақтарды
бастан өткеріп, өмірдің өріне көтеріліп, елдің тағдырын түйінде кезеңіне аяқ
басқан сəәт болатын. Осы кезде əәркімде өз өмірінің қиындықтарын бастан
өткізіп жатты. ƏӘннің «қалдырған» аталу себебі ол өзінің дəәл қазіргі күйіне ,
болашағына, үкілі үмітпен, өткен өміріне күйіне отырып жазған. Ол
болашақтаңы қазақ өмəәрəән ұрпаққа сеніммен қалдырған. Сол себепті ін
осылай аталған Сыршыл ақын осы шағырмасында терең шолу жасайды.
«Жасымда халқымды сұлі сөздің нəәріне бөлеп,кəәріңді таңқалдырған ақын
едім, халқым да мені ерекше құрмет тұтып, маңдайымнан сипап қадірлейтін.
Соның, нəәтижесінде Сарыарқаңда сайраңдап ғұмыр кештім.Енді міне,
алпысқа келген шағымда сұм дүние менен теріс айналуы, мені іздейтін жан
қалмауы» деп өткен өміріне көз тастап күйінеді.Ыбырайдың
шығармасындағы кейіпкер басында нəәзік сезімде, сыңғыр күлкісі таза
бұлақтай сылдырлаған болатын, ал шығарма соңында ешкімге керек еместей
сезініп, тек Анаға деген сенімінің арттыра түзеді.
Жалпы,ақын өмірілік жолын бір өлеңге сидыра отырып, болашаққа
үндеу тастап, «Қалдырған» өлеңін жазады. Бұл өлеңде ақын кіршіксіз
көңілінің сыры жазылған əән-өлеңдерінің асыл шығармасы деуге лайық.
Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз.
«Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі»,- деп жырлаған М.Шаханов сөзі аты аңызға айналған, ерекше күш иесі-Балуан Шолаққа арналған секілді. Атына заты сай болған Балуан Шолақтың алып денесінің ішіндегі жұдырықтай жүрек бір жанды көргенде дүр сілкінді.Иә, ұғынып жатқан боларсыз, тыңдаушы! Бүгінгі сөзді ерекше сезіммен ұштастырмақпын. Мен дауылдай,құйындай, жалындаған оттай албырт сезім-махаббат жайлы сөз қозғауды жөн көрдім. Ерекше жанды иілдірген бұрымды Ғалияны шығармаға кірістіргелі отырмын. Шын сезіну үшін қиялыма қанат бітіремін.
Келе жатып жолдан орамал тауып алдым. Ішінде ораулы ақ қағаз.Оқи бастап едім, ғашықтық ғаламатының куәсі болдым. Балуан бабамыздың алаштың аруына деген аяулы сезіміне,Ғалияға арналған аңыз. Аңыз бола тұра, баяны жоқ махаббат хақында. Шолақтың пәк сезімін қазақ даласына паш еткен- «Ғалия». Балуан үшін ерекше сезімосы есіммен өзектес. Қажымұқан атамыз Ғалияны көргенде таңғалады. Елдің еркесі, халықтың серкесі осындай сепкіл бет келіншекке қалайша ғашық болған? Алайда, Балуан бабамыздың мына сөздері Қажымұқан сөзіне тоқтау секілді. «Пәлі-ау,сен оған менің көзіммен қарасайшы,»-дегені. Яғни, ғашықтың көзі - соқыр. Балуан Ғалияға ынтызар болып, Ғалия атын әнге қосады. Өмір сынағы қос ғашықтың жолын екіге бөледі.
Айым да сен, Ғалия күнім де сен...-
деген жолдардан Шолақтың ессіз ғашық болғанын аңғаруға болады. Ол үшін өмірдің мәні - Ғалия. Оның бір күлкісі өмірінің бояуы секілді.Ғалиямен тағы бір көріссе,айырылмас еді деп ойлаймын.Дегенмен, өмір заңы - қатал. Кейде біз ойлағандай бола бермейді.
Айдың көзін жалт еткен бұлт алсын,
Бүйте берсең діңкемді құрытарсың , -
деп Шолақ неше түн ұйықтамай, Ғалияны күтеді. Мені еститін болар деген оймен әнін тоқтатпайды. Ән осылайша қазақ даласына кеңінен жайылып ,құлағына сіңеді. Әйтеуір, алапат күш иесінің Ғалияға деген сезімі ерекше болғаны анық. Әйтпесе,күллі қазақ даласы сүйіп шырқайтын ғажап әндер дүниеге келмес еді ғой!..
Көзімді ашсам, бәрі мен көрген қысқа түс екен. Терең ойға түсіп кеткенімді ұғындым. Халық аузындағы аңыз адамның басынан өткерген ғашықтық сезімінің куәсі болдым. Әнші-ақынның нағыз ер екеніне көзім толық жетті. «Құлай сүю ерлікпен тек себебі» деген Мұхтар сөзі ойымның дәлелі. Қарапайым ғана өлеңнің тартымдылығы махаббаттың өмірге, адамға деген ыстық сағынышты оятатын әрі нығайтатын күш екенін аңғартты. Ақын, менің түсінігімше, осылайша махаббаттың өмірлік ұстаным екендігін жеткізген.
Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңіндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңі мөлдір махаббатты сазды әуен, нәзік сезіммен жырлаған ғашықтар әні болып табылады. Бұл өлең Балуан бабамыздың алаштың аруына деген аяулы сезімі, Ғалияға деген баяны жоқ махаббаты. Сүйгеніне қосыла алмаған ақынның өкініш пен сағынышқа толы әні ғашығы Ғалияға арналады.
Балуанның өмірінде махаббат тақырыбы үлкен орын алып, небір сұлу әндер тудырып, сезім толқыны шығармашылығына шабыт берген. Ақын ғашықтық сезімін барынша жеткізу үшін көркемдік тәсілді айшықты қолдана білген. Оған дәлел:
Айым да – сен, Ғалия күнім де – сен,
Оң қабағым тартады күлімдесең... - деп өзінің сүйген қызын айшықтай, ажарлай түсу үшін, «айға», «күнге» балап, сезімін әсерлеп, бейнелеп жеткізген. Ақын сүйген қызы Ғалияны ешбір қызға тең көрмей, Қаршыға төс, қаз мойын Ғалияжан, - деп ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде айқындап көрсетеді.
Қайталанбас ұлт батыры, әнші, сазгер атамыз көпшілікті серілігімен сүйсіндірген біртуар жан. Бірақ Балуанның бақытты, базарлы күндерінен гөрі, басына бұлт үйірілген, мазасыз шақтары көп болды. Ғалияға өзінің мұңын жеткізеді.
Әнеугі айтқан, сәулем-ай, сөзіңді ұқтым,
Мен дұшпаннан қорғалып қашан бұқтым?
Ақсұңқарды бөктергі іле ме деп,
Ерегіскен дұшпанды жерге тықтым,- деп басына қара бұлт үйрілсе де, серттен таймай уәдеге берік екендігін көрсетеді.
Сонымен бірге, ақын өзінің сағынышын «қарға аунаған түлкідей» деп теңей келе, өз ойын сан-салалы сауал арқылы жеткізеді.
Жатыр ма екен Ғалия, отыр ма екен,
Айдын көлге шомылған аққуға ұқсап?
Құралай көз , сүмбіл шаш Ғалияжан,
Ынтығымды құрытқан сен мес пе ең?
Түнеугүні бір сөзді айтып едім,
Сол сөзіме не жауап қайырасың?- деп өзінің Ғалияға деген сағынышын ерекше сезіммен жеткізеді.Ыстық, мөлдір махаббатты асқақтата жырлаған жыры ерекше құштарлықпен бейнелеуі арқасында көп көңілінен шықты.
Қорыта айтқанда, сезімі асқақ, сұлулыққа жаны құмар ақын ғашықтық сезімін айшықты, бейнелі сөздермен жеткізген. Ақынның ішкі толғанысы мен күйзелісі, нәзік сезімі мен ғашығына деген жан сыры әсерлі суреттеледі.

Қазақтың әншілік өнерінде, әншілігмен қоса балуандылығымен атағы елге жайылған Балуан Шолақтың орны ерекше.Балуан қазіргі Жамбыл облысындағы таудың етегін мекен еткен Ұлы жүз ішіндегі Дулаттан тарайтын Сәмбет руынан шыққан.
Қайсыбір әнші-композиторлар тәрізді де Балуанның өмірінде махаббат тақырыбы үлкен орын алып, небір әсем әндер тудырып, сезімталдығы шығармашылығына шабыт берген. Шолақтың өмірінде үлкен орын алған адамдардың бірі-Ғалия.
Ақмолада Тілеу атты дәулетті адам болған екен. Ол заманда жұрттың көзіне түсетін сегіз бөлмелі көк төбелі үй жалғыз Тілеуде бар еді. Ол Сұлтанай Қамза деген ноғай байының сенімді адамы болатын. Руы Арғын, оның ішінде Аралбай, туып-өскен жері Жаңа-арқа. Тілеудің үлкен әйелінен Ғалия, Мәрия деген екі қыз туды. Ғалия – сұрлау, ат жақты, ұзын бойлы бетінде аздаған шешек дағы бар, өткір, сөзге шешен, оң қолынан өнері төгілген шебер болған. Қазақ әдеті бойынша Ғалияны жастай Біржан дегенге атастырып, бой жеткен соң Ғалия ұзатылып барды. Бірақ көңілі сүймеген соң Біржанмен ұзақ тұрмай, бір-екі жылдан кейін Ғалия Қараөткелге қайта келеді.
Ақмолада Ғалия қымыз сататын әйелдің қасында жүреді. Күндердің күнінде қымыз саудасы үстінде Ғалия Балуан Шолақпен кездеседі. Екеу бір-бірін бірден ұнатып, есебін тауып жолығып, өмірді бірге өткізуге уәде байласады. Бұлардың қосылуына кедергі – Тілеубайдың Біржаннан алып қойған қалың-малы еді. Қалай дегенмен де мал төлеген адам күшті, Балуан Шолақ батыр болғанмен жарлы, малсыз Ғалияны алып кете алмайды. Сондықтан ол Көкшетауға барып, қырық жетісін алып келуге кетіп қалады. Көкшетау Балуан Шолақты жамандықпен қарсы алады. Балуанға жоғалған сексен өгіздің жаласы жабылып, өзі жоқ болған соң, оған тағы Семейде ұрланған бір топ жылқыны да тіркеп қояды. Сонымен Шолақты түрмеге жабады. Шолақ кешігеді. Ғалия не қыларын білмей сасады. Ол әрі бері толқып, ойланып, әкесінің меңзеуі бойынша Есенжолдың Қанапиясы дегенге күйеуге шығады. Бірақ Балуан Шолақты өсектеген жұрт Ғалияны шатастырады. Қанапияның да әйелі бар болып шығады. Сөйтіп, Ғалия тоқалдыққа келген болады. 1922 жылы Ғалия туберкулез ауруынан 35 жасында қайтыс болады.
Балуан Шолақ пен Ғалияның арасындағы оқиға осылай аяқталады. Оқиғаның бітісі қалай болғанда да, екеуінің сезімінің гимні іспеттес «Ғалия» әні қалады. Әннің алғашқы орындаушыларының бірі Қайрат Байбосынов еді. Бұл күнде әншілер әннің екі нұсқасын орындайды.
Балуан Шолақтың өмірінде үлкен орын алатын адамның бірі Ғалия. Өткені, Балуан Шолақтың аты аталған жерде Ғалия еске түспей қоймайды. Тағдыр қос ғашықтың арасын қанша бөлсе де, тарихта Шолақ пен Ғалияның есімдері қашанда бірге аталады. Сол Ғалия деген ғашықтық сезімі қала өрбиді?
Балуан Шолаққа Алла сан қилы өнер берген. Ақындығы да ғажап. Ғалия – оның шын ғашығы. Ғалия жастай қайтыс болып кетеді. Қазір ол бір аңыз әңгімедей айтылып жүр. Бірақ бұл ән мақтаныш үшін емес, композитор ретінде атын әйгілі ету мақсатында да емес, шынымен де оның жанынан, жүрегінен шыққан туынды болатын. Бір сөзбен айтқанда жүректен шыққан туындысы. «Ғалия» әндерінің сөзіне назар аударсаң , Балуан Шолақтың бүкіл өмірі, тарихы баяндалып тұрғандай көрінеді.
Балуан Шолақ Ғалияға арнап бес түрлі арнаған дейді халық. Әр өңірде оның айтылу иірімдері ерекше. Ғалияның сұлулығын, оған деген ерекше ілтипаты мен сүйіспеншілігін, сезімін аңғаруымызға болады. Сөзімее дәлел ретінде өліңнің мына үзіндісін ұсынамын:
Айдың көзін жалт еткен бұлт алсын,
Бүйте берсең діңкемді құртасың.
Биылдан қосылған Ғалия жан,
Қай қылығын қалқаның ұмытарсың.
Айым да сен, Ғалия, күнім де сен,
Оң қабағым тартады күлімдесең, - деп оған деген махаббат жалынын білдірген.
Сөзсіз бұл Балуан Шолақ ғұмырындағы естен кетпес ең әдемі щақтардың бірі. Себебі, оның Ғалияға деген ғашықтығы – шын ғашықтық. Ғашық жүрекке әмір жүрмейді. Шолақтың да әмірі жүрмеген. Қайта ғашықтық әміріне құлдық етіп, осындай ғажайып туындыны дүниеге әкелген. Нағыз махаббатың символыретінде Шолақтың «Ғалия» әні бізге және келешекке мұра. Сүйіспеншілік – Балуан Шолақ өліңінің өзегі, қаны, жаны, бүлкілдеп тұрған жүрегі.Ақынды ақын қылатын да – махаббат, ғашықтық. Гүл болмаса, бұлбұлдың сайрамайтындығы сияқты, ғашық болмаған ақын да жырлай алмайды. Сол себепті махаббат – адам өмірінің мәні десем артық айтқаным емес.

Балуан Шолақтың аты аталғанда еске түсетін бір есім бар.Ол – Ғалия. Ақынның ғашығына арнап шығарған әніне қатысты жиырмаға жуық сөз мәтіні бар. Сол мәтіндерден Балуан Шолақтың сүйіспеншілік лебі анық байқалады.
Сал-серілердің әнмен бірге айтылатын өлеңдері, көбінесе лирикалық сипатта болып келетіні сияқты Балуан Шолақтың «Ғалиясы» да махаббат сырын шертуге арналған.Ақынның бір ғана Ғалияға осыншама өлең арнауы ғашықтық сезімінің шексізсіздігін көрсетеді.Әйтсе де, ақынның қаламының шабытының шарықтауы болған Ғалия, расымене де қандай еді?
«Ғалия» әнін тыңдап отырғанда, өткір мінезді сұлу қыздың «нұр сипаты» көз алдыңа келеді. «Қаршыға төс, қаз мойын Ғалияжан» деп қыздың бейнесін эпитеттік метафорамен сипаттайды. Өлеңнің қайырмасында келіп, қайталанып тұратын «Ғалия – ау, бетіңнен, Әппақ қардай етіңнен» деген жолдардан сұлу қыздың нұр дидарын үздік теңеумен бейнелегені көрінеді. Осындай көркемсөз айшықтарын ақын өзінің арман – мұратын, іңкәр сезімін беру үшін шебер пайдалана білген деп ойлаймын. Ғашығының қол жетпес ерекше жан екенін өлеңдегі «айым да сен, күнім де сен» деген метафорамен жеткізсе, қыздың күлімдеп қараған көзқарасына « оң қабағы тартып» қуанатынын айтып, Ғалияны тоқсан құбылтып бейнелейді.
Сонымен қатар, халықтың тұрмыс ерекшелігіне тән көркем бейнелер де ақын өлеңдерінен орын алған. «Менің көңілім, Ғалия, дауаласын, Ауған түйе секілді бейімдесең» деген жолдар – қазақ ақынының аузынан ғана шығатын бейнелі теңеу.
Өлеңде сұлу қыздың өзіне ғана тән ерке қылығын «бір күн ауру, бір күн сау» деген сөздермен көрсете келе, ғашық жігітті сарсаңға салып қойған тәкәппар мінезін де бейнелейді. Ақын сүйгенінің бұл мінезіне ашуланбайды. «Бүйте берсең, жүйкемді құрытарсың» дей тұра, «қай қылығын қалқаның ұмытарсың» деп сол еркелігіне сүйсінгендігін байқатады. Алып жүректің Ғалияға арналған іңкәрлік сезімі ән – өлеңнің өн бойынан есіліп тұрады.
Қорыта келгенде, сүйгенін әнге қосу – сал-серілер мен әнші –ақындардың бір қыры десек, ақын Ғалия бейнесін көркем тіркестермен бейнелейді. Тағдыр екеуінің махаббатын баянды етпегенмен, кейінгі ұрпаққа өлмес мұра ретінде сырлы да сазды ән қалды. Бұндай әндер қазақ барда мәңгілік жасайды деген сенімдемін.
Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірін болжай отырып, талдап жазыңыз
Мәди 1880 жылы бұрынғы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Едірей облысы, № 3 ауылда туған. Туып–өскен жері Үшқара деген тау. Руы- Қаракесек. Арғы аталары — қаздауысты Қазыбек, Бекболат би, одан бері Алшынбай. Алшынбайдан: Қақабай, Бәпау, Қосық, Жанығұл, Бәпи, Шәпи туады. Мәди Бәпидің баласы. Бәпи шаруасы кем адам болған себепті Мәди жасынан әкесімен бір туысқан Қақабайдың қолында болады. Қақабай Мәдиді баста сылап-сипап баққанымен кейін оны өзінің малайларының қолшоқпарларының бірі еткісі келеді. Мәди оған көнбейтін мінез білдіреді. Қақабайға Мәдидің бұл жәйі ұнамайды. «Осы бір кесірлі болады-ау шамасы» деп, Қақабай ішінен Мәдиге кіжіне қарайды. Мәдиді сынау үшін оған бірнеше рет сотқарлық тапсырма береді. Бірақ ежелден жүрегі адалдық деп соғатын Мәди көне қоймайды. Қақабайдың тілін ол өреде ешкім қайтармаған. Сондықтан ол Мәдиге енді қастық көзімен қарай бастайды. Қақабайдың болыстығы, оның әмірінің айналаға қатты жүруі, Мәдиге әсер етпейді. «Ит ұяласынан қорықпайды» деп, Мәди қымсына қоймайды. Бір жағынан ит те болса туысқан ғой деп, қауіптенбей жүре береді. Ал Қақабай болса, Мәдиге тор құра бастайды. Мәди де оны сезіп, өз қолы өз аузына жеткесін Қақабайдан үзілді-кесілді бөлініп, өз бетімен күн көруге көшеді. Болыс Қақабайдан гөрі өнер иесі, жалынды жігіт Мәдидің жұртқа үстем болады. Жасынан әдемі әңгімеге, өлең-жырға, домбыраға құмар Мәди аз уақыттың ішінде халықтың сүйіктісі болып кетеді. Міне, бұл жағы да Қақабайдың «ішіне жақпайды». Сондықтан Қақабайдың бірінші озбырлы қадамы Мәдиді Атбасар жағына жер аудартады (біреулер Атбасардың түрмесіне салған дейді).
Мәдидің нағыз бейнесі көрінетін, оның өмір жолынан хабар беретін, күллі қазақ даласына тараған шоқтығы биік туындысы – «Қаракесек» әні. «Қаракесек» – қазақ әнінің алтын қорына енген, қазақ халқының мәдени мұрасы. Әннің шығу тарихы туралы мынадай деректер бар:
1914 жылы Мәди Қарқаралыға келеді. Жолда белгілі феодал Шорманның жылқысынан «байдың малы жаудың малы» деп екі жүйрік атын мініп кетеді. Еңбексіз жиған малдан «садақа» алу — Мәдидің түсінігінше шариғатқа да, заңға да томпақ келмейді. Мәди Үшқараға келеді. Туған жерінде бірнеше күн болады. Бірақ өзінің қыстауын түк қалдырмай Қақабай деген жауының(туысы) өртеп жібергенін көргенде оған деген өшпенділігі үдей түсті. Қасына жолдастарын қосып алып, өзінің пәлен жыл жылқысын баққандағы ақысының есебі деп, Қақабайдың жылқысынан ту бие, мінетін ат алып қайтады. Әйелін Үшқараға алдыртады. Жора-жолдастарымен, жұбайымен біраз күн сол жақта жатады. Оны Қақабай біліп, ояздан жәрдем сұрайды. Полицияның жәрдемімен Қақабай Мәдиді ұстап, Қазалының(бір деректерде мұны Ақмоланың түрмесі де, екінші деректе Қарқаралының деп жатады) түрмесіне жабады. Тергеу-тексеру деген болмағандықтан, Мәди бұл түрмеде біраз жатып қалады, қатты налиды.
Барады бұл түрмеде күнім өтіп,
Бір күні ажал шіркін келер жетіп.
Жасымнан аяғымды тарта баспай,
Кетті ғой Қақабайға тізем өтіп.
Ағамыз Қақабайдың арқасында,
Алдық қой бұл түрмеден жақсы қоныс,-деп әңгіменің бәрі Қақабайдан екенін айтады. Күшін жұмсайтын жағдай жоқ. Шері ішіне сыймай, жастықтың жігерін адам үшін, бақыт үшін пайдалана алмай, мына қонаққа жайсыз лас қапаста күнінің өтіп бара жатқанына өкінеді. Өзінің басындағы драмасын сыйқырлы ән арқылы сыртқа шығаруға бекінеді. Бұдан келіп ұлы сезімнен туған ән шығады:
Сұрасаң руымды Қаракесек,
Досым аз, дұшпаным көп қылған өсек.
Үстінде құс мамықтың жататын ем,
Бұл күнде қу қарағай болып төсек,
Міндім де Қаракөкке жылыстадым,
Бардым да Қараөткелге пұл ұстадым.
Науқасым жанға батып жатқанымда,
Болмады жан ашитын туысқаным, — деп, «Қаракесек» әнін тудырады. Өлеңнің соңғы жолын қайтара көтеріп, өзінің қапаста жатса қайрылмас, мойымас күшін көрсеткендей болады. Бұл ән еңкейген кір, еңбектеген жастың бәріне белгілі «Қаракесек» деген атпен жер жүзіне тарады.

Мәди Бәпиұлы Қарқаралы руынан шыққан,Қарқаралыда дүниеге келген.Ол өзінің туған жері Қарқаралының сұлу табиғатын,әсем келбетін,басынан бұлт кетпейтін заңғар тауларын жырға қосады.Ол өзінің туған жеріне сыймай,өсекшілер мен жағымпаздардың кесірінен елін,жерін тастап,Қараөткелде жыл қыстап шыққанын,сонда жаты, қатты сырқаттанып қалғанын,жақын адамының болмағынын күйзеле өлеңіне қосады.Жазықсыз жала жабылған кезде,сайғақ құрлы болмай,туған жерінен бір тыныш таппағанын,бір атадан қалған жалғыз тұяқ болғандықтан,ешкімнің жаны ашымайтынын,кіндік кескен жерін қимай-қимай тастап кете барғанын жырлайды.Әр өлеңінде «туған жерім,елім,кір жуып,кіндік қаным танған жерім» деген жыр жолдары бар.Әрбір ер жігіттің басына қиындық туған кезде жастық дәурені,балалық шағы өткен жерін қимастықтан еске алады.Жас адамның өмірі найзаның өткір жүзіндей екенін,қайда қадаса сол жерге сіңіп кетуге болатынын айта келіп,бірақ бәрібір өз туғаан жеріне ештеңе жетпейтінін жырға қосады.Мәди заманындағы халық арасындағы алауыздықты,өсекшілдікті,өтірік айтушылықты,мінездерін өлтіре сынап,осындайлардың кесірі қаншама жақсы – жайсаңдарға тиіп,өмірлерінің қор болғандарын айтады.
Қорыта айтар болсам, «заманың түлкі болса,тазы болып шал» дегендей,бойыңдыжаман әдеттерден аулақ ұстау керек.Ешбір адам кіндік қаны танған туған жерінен безінбесін дегім келеді.Әркімге өз елі,өз жері ыстық.Туған жердің ауасы,суы,тезегі,ешкімнің есінен де,ойынан да кетпес.Өсек пен жағымпаздық Абай атамыз айтқандай,адамның өміріне заласын тигізетін дұшпандық.

Мәди Бәпиұлының күрескерлігі өз алдына, ақын, сазгерлігі өз алдына бір әлем. Оған музыка зерттеушісі Александр Затаевич және Ахмет Жұбановтар сонау жылдары баға берді. Мәдидің әніне тұңғыш рет ғылыми баға беріп, нотаға түсіріп алған А. Затаевич екендігі Зарқын Тайшыбайдың «Алтын бесік ән орда» (Қарағанды, 1998 жыл) кітабында жан-жақты суреттелген. Онда Александр Викторовичтің Ғаббас, Мұсылманқұл, Жұман тәрізді әншілер шырқаған Мәди әндерін сүйсіне тыңдап, қуана нотаға түсіргені айтылады. А. Затаевич Мәдидің әнін нотаға түсіріп, «Қазақтың 1000 әні» музыкалық-этнографиялық жинағына енгізген [2; №661, 251 б.]. Зерттеуші бұл әндерді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтан, жалынды ақын Сәкен Сейфуллиннен сонау жиырмасыншы жылдардың басында естіп, іштей қатты құмартып, қызыққан. Кейінде, 1926 жылдың жазында Қарқаралы — Қу өңіріне сол кездегі үкімет төрағасы Нығмет Нұрмақовпен бірге келіп, екі апта жатып, Мәди әндерін нотаға түсірді. Бағалы мұра осылайша тұңғыш рет ғылым игілігіне қосылды. Мәдидің есімі, оның музыкалық мұрасы қазақтың әндері мен күйлерін терең зерттеуші, бес аспап білгір Александр Затаевичтің қаламына да ілікті: «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген іргелі ғылыми еңбектерге Мәди әндерінің нотасы мен сөздері енгізілді.[3; 45 б.]
Ал одан бұрын 1914-1915 жылдары қазақ даласында ән-күй жинаған, Шоқан Уалихановтың сүйікті досы Г.Н.Потаниннің назарына Мәдидің әндері іліккен. Белгілі орыс оқымыстысы «Сібір өмірі» дейтіп кітабында «Бүкіл Қарқаралы даласы Мәдидің әнін шырқап тұрғандай» деп жазған еді.
Академик-композитор Ахмет Жұбанов Мәдидің әншілік өнеріне мынандай баға берген: «Мәди халық бақыты үшін өмірін күреспен өткізген қайраткер. Оның шығармалары үнемі халықтың аузында, музыка майданында шаттық үніндей болып естіледі». Осы берілген баға — шын, әділ баға. Ал оның «Қаракесегі» жайлы Ахмет Жұбанов «Мәдидің «Қаракесегі» бүкіл қазақ халқының әнұраны десе болғандай», деп бір ауыз сөзбен жеткізді. Асау өзендей буырқанған алапат күшті ән шырқалғанда 62 тамыры шымырламайтын қазақ жоқ! [3; 46 б.].
Қазақтың ұлы перзенті Мұхтар Әуезов Қарқаралы уезіне барған сапарында, Мәдидің қайғылы қазасы жайлы естіп қатты қапаланды. Ақынның қалай атылғанын, қайда жерленгенін сұрастырып білгеннен соң, «Қазақ елі» газетінің 1921 жылғы 8 наурыздағы санына «Мәдидің өлімі» деген азалы хабар жариялады. Сол хабарда болған оқиғаны толық баяндай келіп: «Қайран, арыстан жүректі ер Мәди екі жылдан бері бұрынғы тентек мінезден тыйылып, сенімді халық азаматтарының қатарына кірген еді. Ақ қардың үстінде етпетінен құлап қанға бөккен Мәдиді Қарқаралы жұртшылығы арулап, ақыреттеп Мәліксайға Ақбейітке қойды» — деп жазған болатын. [3; 45 б.]. |
Тұңғыш рет Мәди туралы кітап жазған жазушы Әшімбек Бектасов болатын. Ол ел арасындағы әңгімелерді жүйелеп, ұлы бейнені жарыққа шығаруға талпыныс жасады. Оның «Мәди» деп аталатын алғашқы кітабы кестелі тілмен жазылған әдемі әңгіме еді. Мәдидің көркем бейнесіне көрнекті жазушы Әлжаппар Әбішев «Найзағай» атты үлкен роман арнады. Соның негізінде сахналық шығарма туғызды. Сөйтіп, Мәди тұлғасы театр сахнасынан да көрінді. Әлжекеңнің бұл еңбектері өте құнды, әрі тот баспас алтындай қымбат. Асыл бабамыздың әншілігі, сазгерлігі жайында ертеректе Мақсұтбек Майшекин, бертінде музыка зерттеуші қаламгер Ілия Жақанов бірнеше радио хабарларын ұйымдастырды.
Зерттеуші-ғалым, белгілі журналист Зарқын Тайшыбаев Мәди туралы тың деректер жинап, «Алтын бесік ән орда» кітабын жазды. Жазушы Сапарғали Ләмбекұлы, журналистер Масғұт Халиолла, Мақсым Омарбекұлы, өнерпаз Қыдырғали Рақымұлы көлемді мақалалар жазып, кейіпкер өміріне қатысты естіген — білгендерін ортаға салды. Ақын, марқұм Кәрім Сауғабай Мәдиге арнап деректі хикая жазып бастырды.
Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің жауапты хатшысы, танымал журналист Ермек Балташұлының баба туралы «Сұрасаң-Мәди еді менің атым»драмасын оқырман қауым жылы қабылдады. Мәди Бәпиұлы туралы жазылғандардың басын қосса үлкен кітап болып шығар еді. Мұның сыртында Мәдидің ата-тегі, өскен ортасы, отбасы туралы тарихшы Ахмедия Ығыбасұлы бастаған бірнеше адамның естелік жазбалары да баршылық. Сайып келгенде, Мәди есімі ел есінде тайға таңба басқандай сақталып қалды.
Соңғы жылдарда бұқаралық ақпарат беттерінде Мәди туралы бірнеше жаңа деректер жарық көрген. Оның ішінде туысқандарымен сұхбаттар үлкен орын алады. «Орталық Қазақстан» газетінің 2005 жылғы 19 мамырда берілген, Тоқаш Кәдікеев ақсақалмен сұхбат өте бағалы. Мәдидің дауысы құлаққа жағымды, жүректі тербететін, көмейден күмбірлеп шығатын қоңыр дауыс. «Қаракесек», «Қарқаралы» сияқты әндер шырылдаған дауысқа көне қоймас.Ат сейістің пірі болғанын,құйғытып шауып келе жатып , аттан секіріп түсіп, секіріп мініп жүре беретінін, талай рет күш сынасқанын да көргендігін, балуандармен күреске түскенін тамашалағандығын, Тоқаш ақсақал әсерлі етіп әңгімелеп берген.Тоқаш Кәдікеев Мәди Бәпиұлының күйеу баласы. Бәпидің екі әйелі болған. Бәйбішесі Күләнда Бітібай қызынан Мәди мен оның қарындастары Үрия мен Мәпіруза туған.Осы Мәпірузаның жолдасы.Кейінгі уақытта баспа беттерінде беріліп жүрген Мәдидің жалғыз суретін,Атбасар деген жерде тұратын Қаракесек Жайсаң қажының Камал деген баласының әйеленің қолынан,1953 жылы Тоқаш ақсақал алған. Мәдидің Тоқашқа айтқаны: «Осы суретке 1915 жылы Атбасар абақтысынан қашып шығып, жасырынып жүргенде туысым Камал бір суретшіні үйге әкеліп түсірткен еді.(Ол кезде Мәди 35 жаста) Басымдағы тымақты Алшын – Жаппас елінің (Батыс Қазақстан) азаматы,абақтыда бірге болған жолдасым беріп еді.»Тоқаш атаның айтуынша, Мәдидің түрі ақ сұр емес, қараторы. Қашып –пысып жүргенде жүдеуліктен ақ сұр болып көрінуі мүмкін.Мына суретте көзі қысыңқы.Негізі көзі отты, қасқырдың көзіндей қып-қызыл еді.[ 4; 5 б.]
Тағы да бір Мәди жайлы дерек, Ұлы отан соғысының ардагері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Айтжанов Кәкен Дүйсембекұлының естіген, білгенімен бөліскені. «Руымыз Қарақесек, оның ішінде Шаншар боламыз. Шаншардың үш әйелі болыпты: Қыздамбике, Айбике, Нұрбике. Біздің аталарымыз Айбике-Шаншардан тарайды,- деп бастады әңгімесін ақсақал.-Шаншардың Келдібегінен Қаз дауысты Қазыбек би туады. Қазыбек бабамыздың бірінші әйелінен Қазымбет туады. Қазымбеттен Қанай туады. Қанай кейіннен Ер Қанай аталады, бұл кісі туралы М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында жазылған. Қанайдың бірнеше баласы болған, соның бірі Құлмамбет. Құлмамбет малды, бай адам болыпты. Бұл кісі тоқалдыққа өзінің қойшысының қызын алып, одан Жолдыбала туады. Жолдыбала ер жеткен соң Мәдидің атасы Алшынбайдың жылқышысы болған. Жолдыбала бабамыздан екі ұл бала туған: Шөней жоне Айтжан. Олар да әкесімен бірге Алшынбайдың жылқысын бағысады. Шәнейден екі ұл туады: үлкені Нұрлыбек, кішісі Дігербек (Дігербай), ал Айтжаннан үш бала туған: үлкен қызы Ақжар 1898 жылы туған, ұлы-менің әкем Дүйсембек 1900 жылы туған және үшінші баласы Құлшар 1908 жылы туған. Бұлардың туған жері-Едірей болысы, кейіннен совет үкіметі кезінде ол 2-ші ауыл аталған. Жоғарыда айттым ғой, Жолдыбала екі баласы Шөней жоне Айтжанмен Алшынбайдың жылқысын баққан деп, содан Алшынбай қайтыс болғаннан кейін оның малына баласы Қақабай иеленеді де, сол Қақабайдың бас жылқышысы біздің Шөней болады. 1880 жылы Қақабайдың інісі Бөпиден Мәди туады. Бозбала кезінде Мәди аталарым Шөней мен Айтжан ауылына барып күреспен шұғылданады екен. Шөней Мәдиді ерекше жақсы көріпті, Мәдиде Шөнейге көп үйір болып, ол кісіден көп тәлім-тәрбие алып отырған екен. Шөней өзі атасы Ер Қанай сияқты батыл да батыр, сөзге шешен адам болған екен. Шөнейдің есімі Әшімбек Бектасовтың «Мәди» атты кітабында Бөженей деп қате жазылған, ал шындығында ол біздің атамыз Шөней болған.»Тағы да аса бағалы дерек: «Мәди 1921 жылы 1 февральда Қарқаралы қаласында 41 жаста атылды, атқан Қарқаралы қаласының 5 участок начальнигі Жасанов. Оқ тиген жерден қан токтамаған соң больницаға апарған, соңғыда бір түн жатқан. Екінші күні Қарқаралыдағы Орынбасар диірменіне тақау тұратын бір жесір әйелдің үйіне апарған (бұл Айтжанның Дүйсембегінің үйі болу керек, өйткені Мәли: «Бәріміз бір атадан тараған туыспыз» деп қалаға келгенде осы үйге де түсіп жүрген), осы үйде бір күн түнетіп ертеңіне Қарқаралыдағы Құнанбай мешітінің азаншысы Әбіш молданыкіне апарып 3 күн сақтаған, өйткені қырдан әйелінің келуін тосқан, әйелі кешіккен соң 6-шы күні Мәліксайға аманат (уакытша) деп қойған, әйелі Қази қойғаннан кейін келген. Әбіш молданың үйіне бір жылқы сойып Қази жетісін берген. Елге алып баруға жол бойы денесі бұзылып кететін болғандықтан сол жерге (Мәліксайға) мәңгілік қалдырылған. Больницадан Дүйсембектің үйіне Мәдидің сүйегін алып келгендер: Рымбай Сатыбалдин, Әмен Сәдірбеков, Әбіш молда, Қапаштың Сәдуі және сол кездегі Қарқаралыдағы дәрігер Жүніс Сүгралин, Мәдидің жаназасын шығарған Әбіш молда сондықтан құлын жарғағын соған берген. Көшеде жатқан кезде басында отырып иман айтқан Рымбай Сатыбалдинге түлкі тымағын берген.
Мәди екі әйел алған: бәйбішесі Қази, екінші әйелі Дина. Екеуінен де бала болмаған. Мәди өлген соң Қазиды Қақабайдың Айғожасы алған. Айғожадан 4 бала тапқан, қазір бірі де жоқ. Динаны Дәкімбек деген кісі алған, одан 3 бала тапқан, қазір бұларда жоқ.
Осы оқиғаның ішінде болған және Мәдиді ертеден білетін, бұрынғы Қарқаралы уезі, Ақсары болысы, руы Құдайберлі Әмен Хұсайын ұлы Сәдірбековтен жазып алған Хасен Мусин. 20.05.71ж. Осы қолтаңбамды сүйікті балдызым Кәкенге ескерткіш ретінде берем.» [5; 34-35 б.]
Ақын Серік Ақсұңқарұлының, 2008жылғы, бірінші нөмірлі «Мәди» деген ұлттық журналына «Менің Мәдиім» атты мақаласы жарық көрген.Осы мақаласында былай деп толғанған: «Сұрасаң руымды- Қаракесек!»- деген ол.Абыралы- Қарқаралы- Қызыларай- Тоқырауын- Балқаш- Шуға дейінгі ұлан- ғайыр аймақты алып жатқан қалың Қаракесектің ұзын санын ғана емес, бекзат болмыс бітімін айтып мағмұрланған еді ол.
Атасы – азуы алты қарыс Алшынбай!Онымен Тобықтының тізгінін ұстаған Құнанбайдың өзі санасқан.Алшекеңнен туған Ділдә ару – исі қазақтың маңдайына біткен ең ұлы ақын Абайдың құдай қосқан қосағы.
Мынау сайын Сарыарқа.Атамыз күйеу болған жер,анамыз келін болған жер.Оның сайын төсін дүбірлетіп,небір жақсы мен жайсаң өткен.Соның бірі һәм бірегейі Мәди еді. Жер бетіне ұлы дүбір салған көшпенділер цивизилациясының соңғы тұяғы еді.
Дүниежүзілік поэзияда Мәдиге тағдыр таланы ұқсас бір – ақ ақын бар екен. Ол Франсуа Вийон. Француздар оны бүкіл Францияның пірі көреді.
Сарыарқаның орталығы Қарағандыда Мәдиді еске түсіретін не бар? Екінің бірі болса арманы — жоқ, Егіздің сыңары болса бір жөн.Ол біздің ұлтымыздан туған, ешкімге ұқсамайтын ерен тұлға еді ғой.Мәдидің заманы жаңа келді. Елі – азат. Бодандық келмеске кеткен.Мәдидің әнімен рухтанып,арқасына жырынан аруақ біткен қазақтың бүгінгі буыны ұлы тұлға алдындағы парызын қайтаруға тиіс![6; 4 б.]
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі,ақын Кәрім Сауғабаев Мәдидің өлеңдері кең тараған ошақ Ақмола аймағынан «Өз елім деп келіп едім» атты өлеңін жазып алған.Кәрім Сауғабаевтың айтуы бойынша ақынның басқа өлеңдері онбір буыннан құралса,мына табылған өлеңнің өзгешелігі жеті буыннан құралып жазылған.
Өлеңінде оның өмірден қажығандығын, бойында, ойын да билеген қайғы – қасіретін, ел – жұртына өкпе назын да аңғарамыз, — деп жазыпты ақын Кәрім Сауғабаев Қарқаралы журналына шыққан еңбегінде.
Өз елім деп келіп едім…
( Мәди Бәпиұлы)
Қол – аяқ жоқ домалап,
Құр кеудемен жорғалап..
Ғұмырдайда біз жүрміз,
Жол осы деп жобалап.
Ағайын жоқ, туысқан
Мінезі жоқ жұғысқан.
Көңіл қалды әр істен,
Естіп аңдыр алыстан.
Ешкім білмес бұл сарды,
Өз елім деп келіп ем.
Өз халқым деп сеніп ем,
Ескі аруақтың орны деп,
Бұл қораға келіп ем.
Мұгша қоймай қуатын.
Қақабайға неғып ем?
…Сақта Алла пәлеңнен,
Асып тұр ғой шарадан.
Шағам тілмен шағып тұр,
Шиққан шыққан жарадан.
Жараның аузы бітпей тұр.
Ірің саулап ағып тұр.
Бізді аңдыған дұшпанның,
Табасы әбден қанып тұр.
Дұшпан ұстап қолымнан,
Иттер тістеп тонымнан…
Мәди бабамыз жайлы айтылған, жазылған деректердің бәрі өте маңызды әрі бағалы. тағы бір маңызды оқиға,ғасырдың ғажайыбы, хас таланты Жүсіпбек Елебековтың Мәди әншімен кездесуі. «Мәдидің «Қаракесек», «Үшқара», «Шіркін –ай » сынды тағдырлы әндерін 1975 жылы Совет Одағының Батыры мәлік Ғабдуллиннің үйінде асқақ әнші Жүсіпбек Елебековтың өз аузынан тыңдағанмын. Сол бір мәжілісте ұлт зиялылары Әлкей Марғұлан, Бауыржан Момышұлы, Шапық Шөкин, Өмірбек Жолдасбеков, Ісмет Кеңесбаев, Ғайниден Мұсабаев, Әди Шәріпов, Шерхан Мұртаза сынды ардақтылар болғанды. Жүсекеңнің бөрі басты таяғын, киімін, мүбәрәк қолын ұстағанның өзі бір ғанибет. » [7; 108 б.]
«1912 жыл. Қоянды тауы. Әйгілі Жақыпбек әнші Жүсіпбекті Мәдиге таныстырады. Сонда атақты әнші –ақын Мәди Жақыпбекке:
— Баулып жүр едім де, қыран қанаты қатпаған балапанын қиядағыға баулиды. Жастайынан топ ортасына салуың маған соны елестетті. Тек өзіңдей биікке самғайтын болсын, — деді де, маған қарап:
— Кішкетай інішегім, мені байлар, бектер жек көргенімен, қарапайым ел қадір тұтады. Ендеше, менің де бойымда бір қасиеттің болғаны да. Мә, мына ақшаға көйлек алып ки, менен тәбәрік болсын деп, менің қолыма бір бөлек қағу ұстатып, өзі тез басып шығып кетті. » [8; 22 б.]
Мәди бабамыз өмірдің талан- таражына түсіп, тар қапастың ар
жағында жатып, туған жерін аңсап, халқының арман тілегін әндеріне қосып, қапаланып жатқанда кішкене болса да, көңіліне медет болар алданыш іздейді. Мәди әні шартарапқа шалқып,кең тарайды. Есіл ердің даусын естіген жалпақ елі құрметтеп,ас-суын әкеліп,көңілін сергітіп, жігерлендіреді. Атбасар оязы адамның сырттаны Мәдиді қатаң бақылауға алды. Жолығуға сұранғандарды тәптіштеп тергейді.Осынау күндерде Баянауылдан ойшыл,дала данасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Атбасар түрмесіне ат басын тірейді. Әдейі іздеп келген Мәшһүр Жүсіпті Мәдимен сөйлестіруге ояз рұқсат бермейді. Себебі, Торғай Өңірінде Әмір Әбдіғапар мен Кейкі Батыр бастаған ұлт-азаттық көтеріліс тұтанаған еді. Қазақтың бұтақты мүйіз құлжасы Мәди мен әмбебап дарын Мәшһүр Жүсіп бірігіп,тұтас Сарыарқаны дауылдатып, Жүрер деп сескенеді.
Мәдиді көруге үмітін үзген Мәшһүр Жүсіп түрме маңына дастархан жайып,мұсылманшылығы мол бір жігітке Мәдиге жазған хатын табыстайды.
Жүсіптің сәлемі мынандай:
Аман сау жатырмысың Мәди батыр,
Тұтқын боп бұл түрмеде әркім жатыр.
«Жуымас аққа пәле» деген сөз бар,
Қалас боп құтыларсың бір күн ақыр.
Жаңбырдай жауа берген көздің жасы,
Ат пенен не көрмейді ердің басы.
Шөп шулап,ағаш шулап сәлем айтты,
Он екі қазылықтың таумен тасы.
Біз елден шығып едік өткен қыста,
Болмады, оңдалмады асығыста.
Қағыстық бір-екі амандықты,
Анадай ат үстінде, тұрып тыста.
Құмарым тарқамады көріп көзбен,
Білмеймін жүргеніңді қай түрлі ізбен.
Кіруге қайта-қайта қарауылшы
Қарайды ұрсып-зекіп жаман көзбен.
Бекітіп талай ерді кісіндеген,
Сонда да ажал келмей кісі өлмеген.
Басында бір кемшілік түскен кезде,
Рас деп шындығына бір сенбеген.
Жүргенде басы боста жігіттікпен,
Сонда да ажал келмей кісі өлмеген.
Басына бір кемшілік түскен кезде,
Рас деп шындығына бір сенбеген.
Ақсұңқар аспандағы түсер торға,
Өрлеген өнерпаздар жығылды орға.
Ес кетіп жан шыққандай іс болғанда,
Құтылып кейбіреулер шығар зорға.
Ниетің болу керек хаққа дұрыс,
Әркіммен жасай берме жанжал ұрыс.
Зынданда жалғыз жатқан сен емессің.
Әр түрлі жақсылар бар қылған қоныс.
Жақсылыққа тырмыса бер, басшы бала,
………………………………………………….
Қадірін білсең сөздің нұрлы гауһар,
Сырға қыл құлағыңа, әнші бала.
Бұл сөзді айтушы ағаң- Мәшһүр Жүсіп
Елдей боп қара басы жүрген көшіп.
Сөз зайыры қадіріне жетпеске айтқан,
Сенде де бір алтын жүзік қалған түсіп.
Бұл жерде сен де ғаріп, мен де ғаріп,
Мойны ұзын алыс жерде жұртым қалып.
Күшім жок ақылдасар кісім де жоқ,
Кетемін ерікке қоймай жұлып алып.
«Бұл кісі ағам да емес,әкем де емес, менің қадірімді түсініп, алыстан, елімнен іздеп келген қазақтың пайғамбары – Мәшһүр Жүсіп» — депті Мәди.
Осы сөзді естіген Мәшһүр Жүсіп: «Ай, заман-ай, адамды заман билейді ғой! Ат жақсысы кермеде, ер жақсысы түрмеде болған заман ғой!» — деген.
Мəәди Бəәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап
жазыңыз.
Мəәди Бəәпиұлы Қарқаралы руынан шыққан,Қарқаралыда дүниеге келген.Ол өзінің туған жері
Қарқаралының сұлу табиғатын,əәсем келбетін,басынан бұлт кетпейтін заңғар тауларын жырға
қосады.Ол өзінің туған жеріне сыймай,өсекшілер мен жағымпаздардың кесірінен елін,жерін
тастап,Қараөткелде жыл қыстап шыққанын,сонда жаты, қатты сырқаттанып қалғанын,жақын
адамының болмағынын күйзеле өлеңіне қосады.Жазықсыз жала жабылған кезде,сайғақ құрлы
болмай,туған жерінен бір тыныш таппағанын,бір атадан қалған жалғыз тұяқ
болғандықтан,ешкімнің жаны ашымайтынын,кіндік кескен жерін қимай-қимай тастап кете
барғанын жырлайды.ƏӘр өлеңінде «туған жерім,елім,кір жуып,кіндік қаным танған жерім» деген
жыр жолдары бар.ƏӘрбір ер жігіттің басына қиындық туған кезде жастық дəәурені,балалық шағы
өткен жерін қимастықтан еске алады.Жас адамның өмірі найзаның өткір жүзіндей екенін,қайда
қадаса сол жерге сіңіп кетуге болатынын айта келіп,бірақ бəәрібір өз туғаан жеріне ештеңе
жетпейтінін жырға қосады.Мəәди заманындағы халық арасындағы
алауыздықты,өсекшілдікті,өтірік айтушылықты,мінездерін өлтіре сынап,осындайлардың кесірі
қаншама жақсы – жайсаңдарға тиіп,өмірлерінің қор болғандарын айтады.
Қорыта айтар болсам, «заманың түлкі болса,тазы болып шал» дегендей,бойыңдыжаман
əәдеттерден аулақ ұстау керек.Ешбір адам кіндік қаны танған туған жерінен безінбесін дегім
келеді.ƏӘркімге өз елі,өз жері ыстық.Туған жердің ауасы,суы,тезегі,ешкімнің есінен де,ойынан да
кетпес.Өсек пен жағымпаздық Абай атамыз айтқандай,адамның өміріне заласын тигізетін
дұшпандық.

337 сөз
Шымкент қаласы
Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия
11 «Ә» сынып оқушысы Санақұл Шаһар
Пән мұғалімі: Кунтаева М.А.
Балуан Шолақтың «Ғалия» өлеңі мөлдір махаббатты сазды әуен, нәзік сезіммен жырлаған ғашықтар әні болып табылады. Бұл өлең Балуан бабамыздың алаштың аруына деген аяулы сезімі, Ғалияға деген баяны жоқ махаббаты. Сүйгеніне қосыла алмаған ақынның өкініш пен сағынышқа толы әні ғашығы Ғалияға арналады.
Балуанның өмірінде махаббат тақырыбы үлкен орын алып, небір сұлу әндер тудырып, сезім толқыны шығармашылығына шабыт берген. Ақын ғашықтық сезімін барынша жеткізу үшін көркемдік тәсілді айшықты қолдана білген. Оған дәлел:
Айым да – сен, Ғалия күнім де – сен,
Оң қабағым тартады күлімдесең... - деп өзінің сүйген қызын айшықтай, ажарлай түсу үшін, «айға», «күнге» балап, сезімін әсерлеп, бейнелеп жеткізген. Ақын сүйген қызы Ғалияны ешбір қызға тең көрмей, Қаршыға төс, қаз мойын Ғалияжан, - деп ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде айқындап көрсетеді.
Қайталанбас ұлт батыры, әнші, сазгер атамыз көпшілікті серілігімен сүйсіндірген біртуар жан. Бірақ Балуанның бақытты, базарлы күндерінен гөрі, басына бұлт үйірілген, мазасыз шақтары көп болды. Ғалияға өзінің мұңын жеткізеді.
Әнеугі айтқан, сәулем-ай, сөзіңді ұқтым,
Мен дұшпаннан қорғалып қашан бұқтым?
Ақсұңқарды бөктергі іле ме деп,
Ерегіскен дұшпанды жерге тықтым,- деп басына қара бұлт үйрілсе де, серттен таймай уәдеге берік екендігін көрсетеді.
Сонымен бірге, ақын өзінің сағынышын «қарға аунаған түлкідей» деп теңей келе, өз ойын сан-салалы сауал арқылы жеткізеді.
Жатыр ма екен Ғалия, отыр ма екен,
Айдын көлге шомылған аққуға ұқсап?
Құралай көз , сүмбіл шаш Ғалияжан,
Ынтығымды құрытқан сен мес пе ең?
Түнеугүні бір сөзді айтып едім,
Сол сөзіме не жауап қайырасың?- деп өзінің Ғалияға деген сағынышын ерекше сезіммен жеткізеді.Ыстық, мөлдір махаббатты асқақтата жырлаған жыры ерекше құштарлықпен бейнелеуі арқасында көп көңілінен шықты.
Қорыта айтқанда, сезімі асқақ, сұлулыққа жаны құмар ақын ғашықтық сезімін айшықты, бейнелі сөздермен жеткізген. Ақынның ішкі толғанысы мен күйзелісі, нәзік сезімі мен ғашығына деген жан сыры әсерлі суреттеледі.
276 сөз
№68 жалпы орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Құлтай Абылай Қыстаубайұлы