Тіл туралы ең ұнаған бір өлең

"Тіл туралы ең ұнаған бір өлең" деп, әрқайсымыз өзімізге ұнаған бір-бір өлеңнен салып отырайық, ағайын! :idea:

Қазақ тілі

Жапырағы әр түсті, көлемдері ерекше
Көлеңкесі бір әлем Алтай атты теректе.
Тамыры бір, бойы бір ағаштың көп бұтағы
Білдіріп тұр алпыс тіл Еуразия жұрттағы.

Тарау тарау бір бұтақ Түрік екен атақты
Жапырағы ең жасыл - оюлы тілі қазақтың.
Өсіп өнген бірлікте,кешесі бір тілдермен
Қазақ тілі бірге де, қазақ тілі егемен!

Назлы сазды ән салар, қайратты келер жырлары,
Болмысы ашық тілімнің тарихқа толы сырлары:
«Нан»-ның тегі фарсыдан, «су»деп айтар түрікше,
«Салем»і келген арабтан, қазақтың тілі ерекше.

Қиын десе біреулер: «Қ-сы», «Ғ-сы», «Ы-сы» бар.
Қинаймыз ба cоларды?! Үйренбей-ақ қойсындар!
Үйренбей-ақ қойсындар, нәрін алар босына,
Құлағы керең, көзі көр ертеңін білмес адамдар.

Сөйлейтұғын бұл тілде біздер барда сөнбес ол
Шолпаны боп ғаламның мәңілікке салар жол.
Қаһарман, қайрат, қажымас дегенің бар, тілім-ау,
Жайдарлы, жайсаң жұртымның үрлесе өшпес рухы бол!

Кәрібозтегі Н.Ж
Ана тіл

Қанжарларға қанжарлардың жұзімен,
Тулпарлардың туяғының ізімен,
Жазып кеткен шежіресін бабамыз,
Жұрегіне сұтпен сіңген тілімен.

Озі де асыл,созі де асыл,ары асыл,
Ерлер жайлы тыңдатады дала сыр.
Жер бетінде бабалардан ешкім жоқ,
Бар орнында бабамыздай ана тіл.

Оз тіліңді оліп-ошіп сұй тунық,
Сұй де ақыным,жырыңды оқы қулшынып.
Ана тілі асқақтаса абайдың,
Аруағы да серпіледі сілкініп!

Анасының ақ сұтінен жеріген,
Қанын богде қауым-журтқа теліген,
Іштен шыққан жыландардан опа жоқ,
Басын жаншып,аттау керек белінен!

Мұмкін қыйыр шет жерлерде сейілде,
Жұргенімде жем болармын олімге.
Жеткізіңдер гұл боп осіп қалайын,
Ана тілмен ауыздан ған жерімде.

Тыңда досым, тыңда журтым,тына бір,
Ақырғы рет айтар созім мына бір:
Мен олгенде қуран оқып қыйналмай,
Озіміздің ана тілмен дуға қыл!

Тұрдыбек Әбілқасымов
Бабамның сенде рухы жатыр өлмеген...

Қазақтың тілі- білгенге маржан, қазына,
Білмесең оны сын болар намыс-арыңа.
Әйтеке би мен Абайдан қалған тіл еді,
Қасиетпен қара, бабадан қалған мұраңа.

Артық қой тілің мансаптан және тақтан да,
Ендеше оны түсірме жұртым көкпарға.
«Жойылса тілім- өлгенім сонда менің»-деп,
Расул Ғамзатов, сірә да, тегін айтқан ба?

Анамның тілі-ардақтап өтер асылым,
Тәрк етіп, сені өтті ғой қасап ғасырым.
Тілім дегенде жүрегі өткен қансырап,
Әулие екен Мұқағали мен Қасымым.

Тәуелсіз елдің күлімдеп атсын ақ таңы,
Ана тілінде сайрасын қазақ ұрпағы.
«Өзге тілді де, өзіңдікін де біл»-деген,
Өсиет-ақ қой, Қадыр ағамның айтқаны.

Жүрегімдe сәуленің бірі- тіл деген,
Бабамның онда рухы жатыр өлмеген.
Анамның тілі- ардағым менің, асылым,
Жасай бер мәңгі, жасай бер, бірге елменен!

Балмағамбетов Думан
Ана тілі

Ана тілі-бабам тілі,сүтімен ана дарыған,
Сол арқылы өсіп-өніп,ержетеді бұл адам.

Сол үшін ол ыстық маған,құлағым ұйып тыңдайды,
Зердем оны тез қабылдап,жадым да ұзақ сақтайды.

Ана тілім бір кем емес,орыс,ағылшыныңнан,
Қайта әдемі тіркестері,астарлап-ақ тас жарған.

Басқа тілдей құбылмайды,жазылса солай айтылар,
Қосарлап та қиналмайсың,қаріп те жетіп артылар.

Тілді терең білген адам,сауатты,зерек,ақылман,
Себебі ол - кілті ғылым,білімнің де сыр тұнған.

Құлыптаулы барлық есік,білмеген соң тілді адам,
Текке өтеді қайран уақыт,қинауменен босқа жан.

Ана тілдің құрылымын,заңдарын терең меңгерген,
Басқа тілді ұршықтайын,иіргенін көз көрген...

Себебі тілдік құрылымдар,заңдылықтар көпке ортақ,
Бәрі де олар сөзін тыңдар,көп басшының ісі ортақ.

Олар - ақыл,ойлау,зерде,бәрі де мидың қызметі,
Тіл олардың қаруы да,тұрағы,құтты мекені.

Сол тілмен сен жеткізесің,ойды көркем астарлап,
Сондықтан да тіл-Құдірет,тіл ең шебер дипломат!

Тілмен ғана мазалайсың,ертек айтып берші деп,
Тілмен ғана айта аласың,ұйқым келді жүрші деп.

Тілмен ғана мақтанасың,бүгін тақпақ айттым деп,
Тілмен ғана жеткізесің,қарным ашты,болшы деп.

Тілмен жауды мұқатасың,жеңе алмаған білекпен,
Тілмен де оны жер қыласың,кердең басып,паң күлген.

Тілмен де сен жұбатасың,тебірентіп,аймалап,
Тілмен де сен айта аласың,айым,күнім,сүйем деп!

Тілмен ғана танытасың,мынау қазақ халқы деп,
Әйтпесе жұрт ойлайды әлі,бұның күйген орыс деп.

Себебі қазақ қазақ емес,сөйлейтін орыс тілінде,
Нағыз қазақ,мейлі ол орыс-сөйлейтін қазақ тілінде!

Ол еріткен мұзыңды да,қаласа шайнар тасты да,
Өйткені адам сөйлей жүріп,сол тілде кетер ойлап та.

Ең сұлу тіл кім десе егер,таранған мынау ғаламда,
Ойланбастан көрсетер ем,Мұқаңның тілін баршаға.

Ол кейде бір дәл анамдай,жылы да,жұмсақ сөйлейтін,
Кейде бір ыстық ішсе шәй,маңдайы жіпсіп терлейтін.

Кейде бір үлкен әкемдей,найзадай сөзбен түйрейтін,
Кейде бір құрдас досымдай,әзілдеп шағып сөйлейтін...

Ол қайсар да,өжет,шешен,жүзі де өткір алып түскен,
Өткізсе егер жігіттің сынын,ішінде әлем тілдерінің,
Ойланбастан сұлтаны дер ем,өткір де,шымыр қазақтың тілін!
09.03.2011ж.

Тайыржан Оразхан
Ана тілі мұңы

Ана тіл бүгінгі күн батты мұңға,
Сүрініп талай топта түсті сынға.
Ей, қазақ есің болса ойланатын,
Жылатып есіл тілді мазақ қылма!

Аз ба еді, сан жылдарда жылағаны?
Тірегі жоқ сүріне құлағаны.
Арайлы азат таңға жеткенінде,
Осы ма еді, қазақтан сұрағаны?

Орысшаны судайын сіміресің,
Ана тілден әрқашан сүрінесің.
Осы жайды көргенде жаның сыздап,
Ана тілсіз қазақтан түңілесің.

Ана тілін неге осы сүймейді екен?
Сүймек түгіл кейбірі білмейді екен,
Ана тілді айаққа таптағанша,
Ұяттан неге күйіп өлмейді екен!?

Ниетхабылұлы Алипхан
ТУҒАН ТІЛ ТУРАЛЫ ТӨРТТАҒАНДАР


Уақыттың желі аңызақ, күні небір,

Заманның болмай тұр ғой мұңы жеңіл.

Күн-көрік, ай-шырайлы Ана тілім!

Айнаңды сүрткім келер күніге бір.


* * *

Бұл кімнің қайдан шыққан бүлігі еді:

“Қазақ тілі – көшпенді тілі” деді.

Аристотель қазақша сөйлеп кетсе

Грекшесі пәс шығар ... кім біледі?!


* * *

Қазақ тілі – парасат тілі нағыз;

Төле - толғау ...Абай – ой... шырын – аңыз...

Сайратып қойып Әбіш, Ақселеуді,

Сабырмен тыңдай берсек, тынығамыз.


* * *

Тіл арқылы асқақтар мінбе кейде,

Ғасырларда қорланар тілде бейне.

Күй сазындай күмбірлеп, әндей ескен

Алты жүз эпосы бар тіл кедей ме?!


* * *

Қадырын сұлу білмес өз көркінің,

Ару тіл жайлап жаяр саз толқынын,

Шәкірт курд... тілші жапон ... елші венгр...

Сұрайды қазақшалап сөз төркінін.


* * *

Алаңсыз серуен күнге, думан түнге,

Халқымды, - деп іздедім, - қуанту не?

Түбі бір түркі тілдер кенішінен

Қазына қанша әкелдім туған тілге?!


* * *

“Ана!” десем ана тілі ойға оралар.

Баладай қуанарсың тойға барар.

Тыңдасаң көне аңыздан көркем нақыл

Олжам да қанжығама байлап алар.


* * *

Тере білсек бір – бір ауыз қара өлең,

Неше миллион інжу-маржан шамамен?!

Қанша гүлден “қазақ тілі бақшасы,

Қандай дана өлшер қандай бағамен?!”


* * *

Ерке тіл, еркелеткіш тілім – кенім:

“Еркежан, айналайын, күнім менің,

Ақ ботам, қоңыр қозым, алтын айым”,

Қанша рет жүрек толқып, сүйінгенің!


* * *

Ана тілім ырысты ма, кұнды ма?

Деп сұрамас, тегін білген сұңғыла.

Туған тілде ас қайырған сайын да,

Оқығандай серпіліп қал бір дұға.


* * *

Шұлғытар орыс тілді Олжастарды,

Жарқырат қазақ тілі алмастарын.

Халқына олжа салған айта алады,

Кім қосты сандығыңа мен қосқанды?!


* * *

Жұпарлы қырда алуан гүлдер таптым,

Өміршең өзіміздің тілден таптым.

Тіл екен жемістісі, жұпарлысы,

Аялап халық баққан гүл мен бақтың.

М.Әлімбай
[youtube:3em87cre]http://www.youtube.com/watch?v=JvDKJofByww[/youtube:3em87cre]
АНА ТІЛІ

Қазағым менің қазағым,
Түбірің көне түркі екен,
Кешегі ұлы Абайдың,
Қалың ел қайран жұрты екен,
Қойдан да жуас аңқылдақ,
Әлемде жалғыз ұлт екен.

Ал бірақ кейде тіліңмен ,
Өзге ұлтқа жүрсің күлкі боп,
Мысалға алып қарашы,
Жеті ата, жеті жұрты жоқ,
Жануар аң мен құстың да,
Үнінен басқа мүлкі жоқ.

Арсылдап тұрған түлкі жоқ,
Қорсылдап тұрған кірпі жоқ,
Кісінеудің орнына ,
Қыңсылап тұрған жылқы жоқ,
Ал біздің кейбір қазақтың,
Тіліне деген құлқы жоқ.

Аңырап тұрған бұлан жоқ,
Маңырап тұрған құлан жоқ,
Саңқылдаудың орнына,
Қарқылдап тұрған қыран жоқ,
Ал кейбір шала қазақтар,
Алғайсың тәлім бұдан көп.

Тіліме келген кесел көп,
Бұл шындық сөзде өсек жоқ,
Ақырудың орнына ,
Кісінеп тұрған есек жоқ,
Ал біздің кейбір қазақтың,
Тіліне деген есеп жоқ.

Атамның сөзі жүйелі,
Анамның тілі киелі,
Қазақпыз десек бір ұшам,
Өзіме келіп тиеді,
Шынында кейбір қазақтан,
Тілінің сынған тиегі.

Тұрғам жоқ көпке кінә артып,
Жүрген көп тілді құмартып,
Бабамның асыл сөзінен,
Анамның сүті тұр аңқып,
Өз тілін балаң білмесе,
Мылқау ғып туған мың артық.

Тіл үшін талай жан кешкен,
Жер үшін талай қан кешкен,
Аруағынан ұят боп тұр ғой,
Найзалы бабам нар кескен,
Ана тіліңді қадірлеп,
Шығарма халқым мәңгі естен.
ТІЛ ТУРАЛЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР ДЕ КЕРЕГІҢІЗГЕ ЖАРАР

Адам көңілден азады, тілден жазады.

* * *

Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.

* * *

Адам көңілінен азады,
Тілінен жазады.

* * *

Айтпас жерде тілің тарт.

* * *

Ана тілі – бәріміздің анамыз,
Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.

* * *

Ана тілің алпыс тілге татиды.

* * *

Ақынның тілі қылыштан өткір.

* * *

Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.

* * *

Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.

* * *

Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

* * *

Ашынған тілді болар,
Ашыққан ұры болар.

* * *

Ауызда жиек жоқ,
Тілде тиек жоқ.

* * *

Әдеп басы – тіл.

* * *

Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.

* * *

Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.

* * *

Бал тамған тілден у да тамар.

* * *

Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.

* * *

Басқа пәле – тілден.

* * *

Жаман көлдің суы ащы, жаман қатынның тілі ащы.

* * *

Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа,
Ең алдымен өз тіліңді дұрыста.

* * *

Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

* * *

Қазақтың ақылы – көзінде,
Қасиеті сөзінде.

* * *

Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады.

* * *

Кісі қызыл тілден өледі,
Түлкі қызыл жүннен өледі.

* * *

Қылыш жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.

* * *

Қызыл тіл – жанның мияты,
Абырой – ердің қуаты.

* * *

Мал басынан байланады,
Адам тілінен байланады.

* * *

Малға кедей – жарлы,
Тілге кедей – сорлы.

* * *

Ішімдегінің бәрі тілімде,
Тілімдегінің бәрі түрімде.

* * *

Өнер алды – қызыл тіл.

* * *

Өз тілің – бірлік үшін,
Өзге тіл – тірлік үшін.

* * *

Оқу алды – қызыл тіл,
Бірден соңғы мергеншіл.

* * *

От ауызды, орақ тілді шешен.

* * *

Піл көтермегенді, тіл көтереді.

* * *

Сөз – көмек, тіл – құрал.

* * *

Тәрбие тілден басталады.

* * *

Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт.

* * *

Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін,
Тілімнен сүріндірмесін.

* * *

Тіл – қылыштан да өткір.

* * *

Тіл – тас жарады, тас жармаса да бас жарады.

* * *

Тілде тиек жоқ.

* * *

Тілсіз жерде тіршілік жоқ.

* * *

Тіл – тіршілік тірегі.

* * *

Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры,
Сыйынатын тәңірі.

* * *

Тіл сүйексіз болса да, өзі сүйектен өтеді.

* * *

Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі жоқ.

* * *

Тіл қоса алар жер мен көктің арасын,
Тіл айырар анасынан баласын.

* * *

Тіл – атадан қалған асыл мұра.

* * *

Тіл – асыл ойдың бұлағы.

* * *

Тілге әр күн мейрам.

* * *

Тіл – ел басқарудың құралы.

* * *

Тіл – буынсыз, ой – түпсіз.

* * *

Тіл – білім, тәрбие тұғыры.

* * *

Тіл – достықтың мерейі.

* * *

Тіл – елдігіміздің іргетасы.

* * *

Тіл – мәдени мұраның үзілмес өзегі.

* * *

Тіл – мәдени қазынаның қайнар бұлағы.

* * *

Тілдің майын тамызып,
Сөздің балын ағызып,
Хас шешендер сөз айтар.

* * *

Тілді қорлау – халықты қорлау.

* * *

Тілі өлген ел – тірі өлген ел.

* * *

Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем.

* * *

Тіл – сүйексіз, ақыл – түпсіз.

* * *

Тілі тәтті, көңілі қатты.

* * *

Тіл – тәуелсіздік тұғыры.

* * *

Тіл – татулық тірегі.

* * *

Тілге шешен, іске мешел.

* * *

Тіл – халықтың жаны, ділі, рухы, елдік қасиеті, ұлттық болмысы.

* * *

Тілсіздің дауы арам,
Зекетсіздің малы арам.

* * *

Тіл ерді қабірге салады,
Нарды қазанға салады.

* * *

Тіл тікенді де алады.

* * *

Туған ел – тұғырың,
Туған тіл – қыдырың.

* * *

Ұлттың қуаты – тілінде.

* * *

Ұлттың өшуі тілдің өшуінен басталады.

* * *

Шешеннің тілі – шебердің бізі.

* * *

Шешеннің тілі ортақ,
Шебердің қолы ортақ.

* * *

Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
Ана тілім ҚАЗАҚ ТІЛІ әлемдегі ең бай тіл.Сол байлықты пайдалана білмесек ,өзіміз жапа шегіп қалуымыз әбден мүмкін!!!Сондықтан ана тілін құрметтеп қастерлейік!!!Тіл мерекесі баршамызға құтты болсын.!)Қазақ тілі тек қана дами берсін, өркендей берсін,өсе берсін!!!Әлемдегі ең көп қалданысқа ие әмбебап тіл болсын дегім келеді.Ал бұл форумға қосарым:
Өлеңмен әндетіп айтатын ән:: Анамның тілі – аяулы үні

с. Ш. Смаханұлынікі
ә. Ә. Тыналиевтікі

Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.

Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.

Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі,
Аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.

Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.

бұл өлең әрине бәрімізге де таныс шығар деп ойлаймын...
Жалпы 1-сыныптың Ана тілінен де 11-сыныптың Өзін-өзі тануынан орын алған бұл өлең ана қастерлеп құрметтеуге шақыратын ән..Мен осы өлеңді айта бергім келеді айта бергім келеді.Сіздерге де шырқауға кеңес беремін.
Өте күшті ән!!! ;) :) Жәй әрі жіңішке дауыспенен нәзік айтылатын өлең...Көңіліңіз жабырқап отырғанда Осы өлеңді тыңдап көріңіз!!
Ал мына сілтеме ана тілім жайында...!

http://www.youtube.com/watch?v=bRs4rWDWLtE
(бейнені қоя алмағандықтан сілтемемен бердім, яғни сайтты жаздым)
Тамашалап көріңіздер!!!Ана тіліміз жайында....
Ана тілім ҚАЗАҚ ТІЛІ әлемдегі ең бай тіл.Сол байлықты пайдалана білмесек ,өзіміз жапа шегіп қалуымыз әбден мүмкін!!!Сондықтан ана тілін құрметтеп қастерлейік!!!Тіл мерекесі баршамызға құтты болсын.!)Қазақ тілі тек қана дами берсін, өркендей берсін,өсе берсін!!!Әлемдегі ең көп қалданысқа ие әмбебап тіл болсын дегім келеді.Ал бұл форумға қосарым:
Өлеңмен әндетіп айтатын ән:: Анамның тілі – аяулы үні

с. Ш. Смаханұлынікі
ә. Ә. Тыналиевтікі

Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.

Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.

Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі,
Аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.

Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.

бұл өлең әрине бәрімізге де таныс шығар деп ойлаймын...
Жалпы 1-сыныптың Ана тілінен де 11-сыныптың Өзін-өзі тануынан орын алған бұл өлең ана қастерлеп құрметтеуге шақыратын ән..Мен осы өлеңді айта бергім келеді айта бергім келеді.Сіздерге де шырқауға кеңес беремін.
Өте күшті ән!!! ;) :) Жәй әрі жіңішке дауыспенен нәзік айтылатын өлең...Көңіліңіз жабырқап отырғанда Осы өлеңді тыңдап көріңіз!!
Ал мына сілтеме ана тілім жайында...!

http://www.youtube.com/watch?v=bRs4rWDWLtE
(бейнені қоя алмағандықтан сілтемемен бердім, яғни сайтты жаздым)
Тамашалап көріңіздер!!!Ана тіліміз жайында....

осы өлеңнің әнін жақсы көрем. Тыңдай бергім келеді