- Негізгі бет
- Шолу
- 2015 жылдың ашылуға...
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #7
Ғылым мен технологияның дамуы үздік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Әсіресе, өндірістік технологияда әртүрлі әдістер адам баласының артық күш жұмсамауын қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, қоршаған ортаны ластамауға және шикізаттың қажет мөлшерде жұмсалуына бағыттауда.
Өндірісті бөліп шығару
Өндірісті бөліп шығару өнімді қалай шығару мен өндіру шикізатына тікелей байланысты. Дәстүрлі өндірісте шикізат зауытқа жеткізіліп, белгілі бір алгоритммен дайындалады. Содан кейін тұтынушыға жеткізіледі. Ал бөліп шығару әдісінде барлық шикізат бір орталыққа жиналмайды.
Жалпы идея бір алгоритмдегі өндіру әдісін сандық ақпаратпен ауыстыру болып табылады. Мәселен, бір үстелді жасау үшін, ағашты фабрикаға жеткізіп, сонда дайындау қажет емес. Жаңа әдіс үстел бөлшектерінің модулін компьютерлік техниканың көмегімен жеке дайындап алып, сосын жинақтауды ұсынады. АҚШ-тағы AtFAB жиһаз шығарумен айналысатын компания осы әдісті қолданып келеді.
Сондай-ақ, бұл әдісті 3D-принтердің көмегімен де жасауға болады. Айта кетсек, қызығушылығы жоғары мамандар DIY Maker қозғалысы арқылы жергілікті өнімді дайындауға талпынып көруде. Қолданушы сызбадағы бағдарламаланған принтердің ойлау қабілетін өз бетінше өзгерте алады. Бұл өнімнің орталыққа бағынбаған, креативті нұсқаларының пайда болуына негіз болады.
Өндірісті бөліп шығару шикізатты мейлінше үнемдеуге көмектеседі. Одан бөлек, нарықтағы бәсекелестіктің де күшеймеуіне себеп болады. Себебі, шикізат үнемделсе, шығын көп болмайды. Ал шығын азайса, өнім арзандайды. Тағы да айта кететін жәйт, бөліп шығару әдісі өндірістің қоршаған ортаға әсерін де азайтады. Сандық ақпарат интернет арқылы материал өндіретін орынға жіберіледі. Бұл өнімді тасымалдауды да азайтады.
Егер бұл әдіс жаппай қолданысқа енетін болса, дәстүрлі принциппен жұмыс істейтін өндіріс орындары өз құрылымдарын өзгертулеріне тура келеді. Дегенмен, тауардың барлық түрі осы әдіспен шығарыла бермейді. Мысалы, қаруды шығаруға 3D-принтердің сандық құрылымы сай келмейді.
Өнімді бөліп шығару әдісі стандартты өнімнің көлемін артта қалдырып, жаңа идеялардың туындауына септігін тигізуі мүмкін. Алдағы уақытта 3D-басылымның мүмкіндіктері дамитынын осыдана-ақ білуге болады.
Сурет: about3d.ru
Оқи отырыңыз:
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #1
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #2
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #3
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #4
2015 жылы ашылуы тиіс 10 жаңалық #5
2015 жылдың ашылуға тиіс 10 жаңалығы #6
Ж. Өрісбай