"Болашақта роботтар адамдарды басқарып кетеді"

"Болашақта роботтар адамдарды басқарып кетеді"

Британдық астрофизик Стивен Хокинг жасанды сана адам баласын құрдымға кетіруі мүмкін дейді. Амиотрофиялық склерозбен ауыратын ғалым адамдармен Intel компаниясы шығарған арнайы құрылғы арқылы сөйлеседі.

«Жасанды сана – адамзатқа қауіпті. Ол уақыт өткен сайын өзі тектес роботтар құрастыруды қолға ала бастайды. Роботтар төңкерісі өте жылдам дамып, адам оған қарсы тұра алмай қалуы мүмкін. Адам роботты емес, робот адамды басқарып кетеді», – дейді ғалым BBC-ге берген сұқбатында.

Хокинг осылай америкалық әріптесі, инженер әрі миллиардер Элон Масктің «жаңа технология емес, қара технология болуы мүмкін» деген пікіріне қосылып отыр. Ғалымдар осылай жасанды сананы дамытумен айналысып жатқан Google және Facebook секілді компанияларды қолдамайтынын айтты. Айта кетелік, Фэйсбук басшысы Марк Цукерберг Oculus Rift атты ақылды көзілдірік жасаумен, Гугл басшысы Эрик Шмидт өзін-өзі басқаратын көлік шығарумен және роботтар жасаумен айналысып жатыр.

Сурет: hronika.info

Ж. Өрісбай