Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Жапондар оқушыдан да "ақылды" робот жасап шықты

Жапондар оқушыдан да "ақылды" робот жасап шықты

Жапондар оқушыдан да

Жапон ғалымдары мектептің жоғарғы сыныптарында білім алатын оқушылардан да білгір жасанды сана жасады.

Torobo-kun атты робот тарих, математика, физика, ағылшын және жапон тілдерінен емтихан тапсырған. Ол жапонияның орта салалы колледжіне оқуға түсе алатындай нәтиже көрсетті. 12 айдан кейін роботтың "ақылы" екі есе жақсара түскен. Cоңғы тапсырған емтиханында жинаған балы Жапониядағы ең үздік университетке түсуге жетеді екен.

«Ағылшын тілі бойынша оқушылардың емтиханда жинайтын орташа балы 93,1 (мүмкін болған 200 балдық тапсырмадан) болса, біздің жасанды сана 95 балл жинай алды», – дейді NTT Science and Core Technology Laboratory Group зертханасының маманы.

Өткен жылы Torobo-kun ағылшын тілі емтиханынан 52 балл жинаған. 

Ғалымдар робот емтихан сұрақтарын оқи алу үшін тапсырмаларды арнайы сандық ақпаратпен ауыстырған. Torobo-kun дұрыс жауапты логикаға салып таңдайды екен.

«Біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі бұл жасанды сананың логикасын дамыту. Себебі, адамдар мен роботтардың бірігіп жұмыс істеуі болашақта Жапонияның экономикасының дамуына көмектеседі», – дейді Asahi Shimbun баспасына берген сұқбатында профессор Норико Араи.

Роботтың Жапониядағы оқу орнына түсуге 80 пайыз мүмкіндігі бар. Бұл сан оның жинаған балына қарап есептелді. 

Емтиханды қабылдаушылар Torobo-kun-ның жапон және ағылшын тілдерін кәдімгідей үйреніп қалғанын айтады. Дегенмен, бағдарламаның түзейтін жерлері көп. Мысалы, робот физика пәні бойынша емтиханда дерексіз (абстрактылы) формаларды түсіне алмаған. Ағылшын тілінде суреттермен берілген тапсырмаларды да шеше алмайды екен.

Жасанды сананың дамуы болашақта қандай нәтижеге алып келетінін нақты айту қиын. Кембридж университетінің профессоры Стивен Хокинг болса, бұның адамзат тарихындағы ең үлкен қателік болатынын айтады.

Сурет: www.mindcoral.com

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 17 қараша 2014, 11:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.