Бүгін Instagram әлеуметтік желісінің туған күні

Бүгін Instagram әлеуметтік желісінің туған күні
Фото: instagram.com

Бүгін Instagram әлеуметтік желісінің туған күні. Компания 7 жасқа толды. Instagram әлеуметтік желісін дайындауды Кевин Систром мен Майк Кригер Сан-Францискода бастады. 

2010 жылы Instagram-ның 1 миллион қолданушысы болса, бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 15 миллионға жетеді. Ал, 2014 жылы 200 миллионға жетті. Бүгінгі таңда қолданушылар саны 300 миллионнан асты. Бұл Facebook көрсеткішінен әлдеқайда жоғары болатын. Суретті тек жүктеп қана қоймай, оның сапасын арттыру, өңдеу функцияларын да ұсынады.

Қазір инстаграмда аккаунты жоқ адамды кездестіру қиын. Небір әншілер, әртістер, спортшы жұлдыздардың барлығын да осы жерден табасыз.

Отандық жұлдыздар арасында инстаграмда ең көп жазылушылары бар адам белгілі продюсер – Баян Мақсатқызы. Оның жазылушылар саны – 2 700 000. Одан кейін әнші Аша Матай. Ашаға 2 400 000 адам жазылған. Үздік үштікті танымал әнші Қайрат Нұртас қорытындылайды. Қайраттың жазылушылары – 2 300 000. Төртінші орында әнші – Ерке Есмахан. Кейінгі орында еліміздің мақтанышы – Геннадий Головкин. Генаның 2 100 000 жазылушысы бар. Одан соң миллиондардың сүйіктісіне айналған талантты әнші – Димаш Құдайберген. Димашқа 1 000 000 адам жазылған екен. Бұл көрсеткіш тек әнші-әртістер мен спортшыларға ғана қатысты. 

Ал, әлемдік деңгейде бірнеше миллион жазылушысы бар жұлдыздар жетерлік. Мәселен, мадридтік Реалдың шабуылшысы  Криштиану Роналдуда 112 000 000.  Ал, әнші Бейонседе – 107 000 000. Бір қызығы Бейонсе бір де бір адамға жазылмаған екен. 

Әлемге танымал Instagram әлеуметтік желіcі күннен күнге дамып, небір қосымшалар пайда бола бастады. Инстаграмның жетістігі мұнымен тоқтап қалмасы анық. 

Ж. Жұмағұлов