Бейонсе автобиографиялық фильм түсірді

Бейонсе автобиографиялық фильм түсірді

Американдық әнші Бейонсе өзінің өмірі жайында сыр шертетін деректі фильм түсірді, деп хабарлайды The New York Times.

Кинолентада әншінің шығармашылығы, жақын туыстары, өзінің дүниеге әкелген қызы және тағы да басқа да қызықтары баяндалады. Сонымен қатар, көрермендер фильмде Бейонсенің дыбыс жазу студиясындағы уақытын, концертке дайындық кезеңдерін де тамашалай алады. Деректі фильмді көрсету құқығын жақында ғана америкалық атақты HBO телеарнасы жеңіп алды. Фильм премьерасы 2013 жылдың ақпан айына жоспарланып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, Бейонсе өз өмірі жайында фильм түсіріп отырған алғашқы жұлдыз емес. Осыған дейін Джастин Бибер, Кэти Перри, Майли Сайрус және The Jonas Brothers тобы да осындай деректі кинолента түсірген болатын.   

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: etoday.ru

Б. Қосмағамбет