Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Димаш Құдайбергенов туралы Қытай басылымы: "Тәңір өзі назарына алған жас әнші"

Димаш Құдайбергенов туралы Қытай басылымы: "Тәңір өзі назарына алған жас әнші"

Димаш Құдайбергенов туралы Қытай басылымы:

Димаш Құдайбергеновтың Қытайдың Hunan TV мәдени арнасындағы "Мен әншімін" (I am a Singer) байқауына қатысып жатқанынан қалың жұрт хабардар. 10 қаңтар күні Димаш Қытай көрерменінің алдына алғаш рет шыққан соң, жас әнші туралы Қытай баспасөзі жаза бастаған.

Бұл туралы әншінің анасы Света Айтбаева бүгін инстаграмындағы парақшасында мәлімдеді. 

Қытай тілінде басылған жазбадан: "Шоуға Қытай әншілері қатысады, ал Қазақстаннан Димаш есімді әнші келген. Димашқа қытай сарапшылары "талантты, қабілетті әнші" деп баға берді. Ол Францияның ең қиын әнін орындады. Қытай халқы Димашты шапалақ соғып тұрып қарсы алды. Димаш – Тәңір өзі назарына алған жас әнші (称为“天才少年”的迪马西 一出台就放大招 )", - деген сөздерді оқуға болады. 

Теленұсқа жарыққа шықпаса да, әлеуметтік желіде Димаштың қытай тілінде айтқан әні кең тарады. 

Байқауға қатысып жүріп Димаш қытайлық «Happy Camp» бағдарламасында қонақта болған. Бағдарламада қазақ әншісі Селин Дионның орындауындағы «All by myself» және Бибігүл Төлегенованың репертуарынан «Бұлбұл» әнін шырқаған. Сонымен бірге қытайдың «Тин лян» әнінің орындалу техникасын көрсеткен. «Шоу бағдарлама барысында қазақстандық жас әнші аспан асты елінің танымал тележүргізушілерін қазақша сөйлетті. Бағдарламада қатысушылар музыкалық, танымдық ойындар ойнады», — деп хабарлады Димаш Құдайбергеновтың досы Алпамыс Шәрімов «Тілші» сайтына.

Ал бүгін Алпамыс Шәрімов инстаграмындағы парақшасына I am a Singer жобасының таңғы бейнеролигін жариялады. Бейнероликте байқау қатысушылары бейнеленген.

Ютуб желісінде таралған мына видеодан да байқау қатысушыларының қарқынын көре аламыз.

Естеріңізге сала кетейік, аталған байқау 21 қаңтар күні сағат 22:30-да Қытайдың Hunan TV арнасынан көрсетіледі. Қазақстандықтар байқау барысын әлеуметтік желіде #TheSingerDimash хэштегі арқылы бақылай алады. 

1
Рейтинг: +6

Фото: stan.kz, instagram.com
Қосылған күні: 19 қаңтар 2017, 14:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.