Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Роналду туралы 10 үздік пікір

Роналду туралы 10 үздік пікір

Роналду туралы 10 үздік пікір

Өткен сәрсенбіде Португалия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» үздік ойыншысы Криштиану Роналдудың туған күні болып өтті. Өзінің әдемі ойын өрнегімен талайдың сүйіктісіне айналған футболшы 2013 жылғы «Алтын допты» қанжығасына байлағаны белгілі. Роналду туралы жақсы пікірлер жиі айтылады. Соның ішінен маңызды деген он үздік пікірді назарларыңызға ұсынамыз.

«Роналду – өзге әлемнен келген футболшы. Оның таланттылығына сипаттама беру үшін сөз табу өте қиын».

Карло Анчелотти

 

«Роналдумен жұмыс жасау менің бапкерлік ғұмырымдағы ең бір жарқын сәттер болды».

Жозе Моуринью

«Роналду әлемдегі ең үздік футболшы... Ол бәрінен алда».

Алекс Фергюсон

«Егер шынымды айтсам Криштиануды дәл қазір «МЮ»-ден көргім келеді».

Уэйн Руни

«Ол техникалық, физикалық тұрғыдан да мықты ойыншы. Бір сөзбен айтқанда оның бойынан бәрінде табуға болады».

Руд ван Нистелрой


«Криштиану – ұлы футболшы. Ол футболшыға тән барлық қасиеттерге ие».

Лионель Месси

«Менің ойымша Криштиану – әлемдегі ең үздік футболшы. Роналду жасыл алаңда бәрін де істей алады...»

Пепе

«Ол әлемдегі жан-жақты жетілген ең үздік футболшы».

Гарет Бэйл

«Роналду – мен өмірде кездестірген ең бір мақсатына жеткіш ойыншылардың бірі»

Хаби Алонсо

«Кейде оның қалай ойнағанына қарап үнсіз қарап отыратын сәттер болады...»

Тьерри Анри


Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: smotrisport.tv, championat.com, livesport.ru, vk.com

Қосылған күні: 07 ақпан 2014, 13:10
Пікірлер
+0
07 ақпан 2014, 15:38

«Криштиану – ұлы футболшы. Ол футболшыға тән барлық қасиеттерге ие». Лионель Месси. Ұлылардың бір-бірін мойындағаны қандай жақсы

+0
07 ақпан 2014, 16:35

иа ол жаксы ойыншы

+0
07 ақпан 2014, 17:10

Роналдуды басынан онша жақтырмаймын. Біраз тәкаппар сияқты. Алайда мұндай танымалдылықпен тәкаппар болмау мүмкін емес шығар. Қарапайым болса, тіпті жақсы болар еді дим да....

+0
08 ақпан 2014, 20:26

Тауып айттыңыз :mrgreen: :)

+0
07 ақпан 2014, 17:35

Хаби Алонсо мең Руд ван Нистелройдың пікірі ұнады :mrgreen:

+0
07 ақпан 2014, 19:03

Легенда ғой :)

+0
07 ақпан 2014, 22:11

Өзімдікін де қосайын "Ол командасы үшін бәрі істейді. Керек десеңіз қажет кезінде қорғаушы да, тіпті қақпашы да болады."

+0
08 ақпан 2014, 16:47

менде солай ойлаймын! :o

+0
08 ақпан 2014, 03:04

керемет екен :) :) :)

+0
08 ақпан 2014, 20:28

Месси-Роналду жасыл алаңда бәрін де істей алады...»Бәәәрін істейдіғо ол деген :cry:

+0
09 ақпан 2014, 02:07

Роналду - алемдегi жылдам ойыншылардын бipi

+0
14 ақпан 2014, 01:30

Әлемде Роналдумен тен дәрежеде ойын корсете алатын бірде-бір ойыншы жок деп айта алам!!!

+0
25 наурыз 2016, 10:09

Ринат бар тіпті асып тусетін Лиоенль Месси !!!!!

+0
15 тамыз 2014, 23:14

Әлемдік футболдың қазіргі жұлдызы Криштиану Роналдудың жеткен жетістігі жастарға үлгі боларлықтай.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.