Қайрат Нұртас дүкен ашпақ

Қайрат Нұртас дүкен ашпақ

Қаламызда күн сайын әртүрлі ашылулар болып жатады. Бір апта бұрын көрген тақыр жерімізден көрінісі көз тартар ғимарат бой көтеріп жатса, таңырқамайтын да болдық. Мәселен, төмендегі дүкендердің пайда болатындығын ешкім болжамаған да еді.

Алматы қаласындағы "Saks Fifth Avenue" ішінде Қазақстандағы жалғыз моно-бутик "Giorgio Armani" өз жұмысын бастады. Оған ерлер мен әйелдерге арналған киімдер, аяқ киімдер және аксессуарлар қойылған.

Бутиктің безендіру жұмыстарын Италиядан арнайы келген мерчендайзер Matteo Buscicchio жасап шыққан екен.

Айта кетейік, Giorgio Armani – "Армани" сән үйінің бірінші топтамасы. Ол 1974 жылы жұмысын бастаған болатын. Сол уақыттан бері әйелдер мен ерлер арасында танымалдылығын жоғалтпай келеді.

Giorgio Armani  киімдері – классика. Көбіне іскер адамдар үшін өте жарасымды келеді.

Сондай-ақ, Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың дүкені ашылғалы отыр.

Қазірдің өзінде әлеуметтік желілерде «Kairat Nurtas» деген жазуы бар дүкеннің суреттері пайда болып үлгерді.

Бұл ақпараттың растығын әншінің директоры Мира Келімбетова мойындап отыр. Ол өзінің туиттердегі парақшасына "KN" брендінің киімін киіп түскен суретін жариялады. 

Атышулы Қайрат Нұртастың табынушылары дүкеннің ашылуын тағатсыздана күтетін шығар? 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: season.kz, vk.com, Мира Келімбетованың туиттердегі парақшасы