Димаш жаңа жылды Қытайда қарсы алды

Димаш жаңа жылды Қытайда қарсы алды
Фото: vk.com

Миллиондардың сүйіктісіне айналған қазақтың мақтанышы, талантты әнші Димаш Құдайберген жаңа 2018 жылды Қытай елінде қарсы алды. 

Ол кеше Димаш Hunan Satellite TV арнасындағы Жаңа жыл шоуында өнер көрсетті. "I am singer" байқауының бірінші кезеңінде шырқаған "SOS d'un terrien en detresse" әнін айтып көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. 

Айта кетейік, 2017 жыл отандасымыз үшін табысты жыл болды. Ол  «I am singer» байқауынан кейін «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі»«Ең үздік шетелдік танымал әнші», осының алдында ғана «Ең танымал шет елдің әншісі»MTV Music awards«Жылдың үздік ер әншісі»«Жылдың ең үздік əншісі» жүлделерін жеңіп алды. Бүгінде оны жарты әлем таниды. 

Ж. Жұмағұлов