Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Димаш Азияның ең танымал әншісі атанды

Димаш Азияның ең танымал әншісі атанды

Димаш Азияның ең танымал әншісі атанды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген China Top music Awards шарасының "Азияның ең танымал әншісі" атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әншінің PR-директоры әрі досы Алпамыс Шаримов хабарлады.

Шанхайда өтіп жатқан шараның марапаттау рәсімінде Димаш Құдайберген SOS d'un terrien en détresse әнін орындады. Бұл әнді қазақстандық әнші I am a Singer байқауының бірінші кезеңінде орындаған болатын. Шараға әншінің әкесі Қытайға арнайы барған екен.

Марапаттау сәтінде Димаш Құдайберген тыңдармандарына қазақ тілінде алғыс айтты. "Ассалаумағалейкүм, құрметті әлеумет! Өте қатты қуаныштымын, қазір. Бұл менің шет елдегі алып тұрған ең алғашқы үлкен сыйлығым. Ең алдымен мен өзімнің ата-анама және де жан досыма көп рақмет айтамын, мені қолдап-демеу болып жүргендеріне. Және де менің бағымды ашқан, әлемге танытып жатырған "Singer" жобасына алғыс айтамын! Менің қолдап жүретін барша тыңдармандарыма рақмет айтқым келеді! Бар болыңыздар, аман болыңыздар! Бұл тек бастамасы ғана!!!", - деді Димаш Құдайберген.

(Әуесқой түсірілім)

Айта кетейік, Top Chinese Music Awards Қытайдағы Грэмми марапаты ретінде танылған. Музыкалық жүлде 2001 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді.

1
Рейтинг: +3

Фото: vk.com
Қосылған күні: 27 наурыз 2017, 20:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->