Димаш «IQIYI awards» марапатында «Жылдың ең үздік əншісі» атанды

Димаш «IQIYI awards» марапатында «Жылдың ең үздік əншісі» атанды
Фото: vk.com

Еліміздің мақтанышына айналған талантты әнші Димаш Құдайберген «IQIYI awards» марапатында «Жылдың ең үздік əншісі» атанды. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жазды. 

«Армандар орындалады! Жыл сайын өтетін «IQIYI awards» марапатында «Жылдың ең үздік əншісі» номинациясы бойынша жеңіске жеттім. Баршаңызға рахмет! Қуаныштымын!!! #Dears, сіздердің арқаларыңызда бəрі», - деп жазды әнші. 

IQIYI – Қытайдағы айына 500 млн адам кіретін ірі онлайн видеосайт. Ол «I am singer» байқауынан кейін «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі»«Ең үздік шетелдік танымал әнші», осының алдында ғана «Ең танымал шет елдің әншісі»MTV Music awards«Жылдың үздік ер әншісі» жүлделерін жеңіп алған еді. Осымен бұл – отандасымыздың Қытай еліндегі оныншы жүлдесі. 

Айта кетейік, әнші осының алдында "Fashion night gala" марапаттау рəсімінде "Инновация заманының лидерi" деген атаққа ие болған еді. 

Ж. Жұмағұлов