Димаш «Жылдың үздік ер әншісі» жүлдесін иеленді

Димаш  «Жылдың үздік ер әншісі» жүлдесін иеленді
Фото: vk.com

Кеше қазақ елінің мақтанышына айналған миллиондардың сүйіктісі, талантты әнші Димаш Құдайберген Қытайдың Гонконг қаласында «China Golden Melody Awards» салтанатты шарасына қатысып, «Жылдың үздік ер әншісі»жүлдесін иеленді.

Отандасымыз қай жерге барса да, оны әуежайдан бастап барлық жерде жанкүйерлері ыстық ықыласпен күтіп алатын дәрежеге жетті. Бұл кеште де оның қымбатты жанкүйерлерінің саны көп болғанын байқауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында Шанхай қаласында өткен "Unlimited Pamper" шарасында жанкүйеріне қазақтың қара домбырасын сыйға тартты. Ол "I am singer" байқауынан кейін «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі»«Ең үздік шетелдік танымал әнші», осының алдында ғана «Ең танымал шет елдің әншісі»MTV Music awards жүлделерін жеңіп алған еді. Осымен бұл – отандасымыздың Қытай еліндегі сегізінші жүлдесі. Жеңіс жалғасын таба берсін, қазақ елі!

Ж. Жұмағұлов