Димаш «Ең танымал шет елдің әншісі» жүлдесін жеңіп алды

Димаш «Ең танымал шет елдің әншісі» жүлдесін жеңіп алды
Фото: vk.com

Сүйінші, достар! Қазақ елінің мақтанышы, талантты әнші Димаш Құдайберген Қытай елінің Гуанджоу қаласында өткен  "Asian Music Gala 2017" марапаттау кешінде  «Ең танымал шет елдің әншісі»   жүлдесін жеңіп алды. 

Бұл кеште ол өзінің авторлық әні "Ұмытылмас күнді" орындады. 


Марапаттау барысында Димаш «Құрметті өнер сүйер қауым! Баршаңызға көп рахмет айтқым келеді. Барша қазақ еінің атынан осынау Азия мемлекеттері арасында өтіп жатқан ірі жобада бой көрсетуге мұрындық болып тұрғандарыңызға көп рахмет айтқым келеді», - деп барша тыңдармандарға алғысын білдірді. 


Айта кетейік, Димаш "I am singer" байқауынан кейін «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі»«Ең үздік шетелдік танымал әнші» жүлделерін жеңіп алған еді. Бұл – отандасымыздың Қытай еліндегі алтыншы жүлдесі. Жеңіс, құтты болсын, қазақ елі!

 

Ж. Жұмағұлов