Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Димаш «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясын жеңіп алды

Димаш «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясын жеңіп алды

Димаш «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясын жеңіп алды

Миллиондаған жанкүйердің жүрегінінің төрінен орын алып үлгерген талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «2017 MTV Global Chinese Music Awards» шарасының «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясын жеңіп алды. 

Айта кетейік, Димаш "I am singer" байқауынан кейін «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі» жүлделерін жеңіп алған еді. Бұл – отандасымыздың Қытай еліндегі бесінші жүлдесі.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Димаш бұл шараның «Ең үздік шетелдік танымал әнші» және «Ең танымал жаңа әнші» номинацияларына ұсынылған болатын. Шараның ресми веб-сайтында дауыс беру 22 мамырдан 10 маусым күндері аралығында болып, жеңімпаздар есімі 13 маусым күні жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, «2017 MTV Global Chinese Music Awards» Марапаттау кеші 2 шілде күні Шэньчжэнь қаласында өтеді. Бұл Қытайдағы ең ауқымды музыкалық шара болып саналады. Шара барысында 19 жеңімпаз марапатталатын болады. Аталған шараның «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясын 2016 жылы Корея әншісі Чон Джихун (Rain) жеңіп алған еді.  

1
Рейтинг: +2

Фото: vk.com
Қосылған күні: 13 маусым 2017, 16:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.