Қазақстан бақытты елдер рейтингіндегі орнын сақтап қалды

Қазақстан бақытты елдер рейтингіндегі орнын сақтап қалды
Фото: nu.edu.kz, nv.ua

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) әлемдегі бақытты елдер рейтингін (World Happiness Report) жариялады. Бұл рейтингке әлемнің 156 елі енген. 

Қазақстан өткен жылы бұл рейтингте 60-орында еді. Биыл да сол орнын сақтап қалған. Рейтинг көптеген факторлар негізінде түзілген. Мәселен, халықтың өмір сүру ұзақтығы, қоғамды қолдау, билікке сенім, ішкі өнімнің тұрғындарға қолайлылығы, өмірлік маңызды шешімдер қабылдаудағы еркіндік дәрежесі, халықтың жомарттығы мен жемқорлықпен күрес деңгейі басты назарға алынған.

Әлемдегі ең бақытты елдердің көш басына Финляндия шықты. Өткен жылы 4-орында болған Фин елі үш саты жоғарылаған. Норвегия екінші орынға сырғаса, үздік үштікті Дания түйіндеп тұр. Ал "бақытсыз елдер" қатарына Бурунди, Орталық Африка Республикасы, Оңтүстік Судан, Танзания мен Йемен елдері кірген.

Бақытты елдер ондығы

1. Финляндия 

 Фото: Jonathan / Flickr

2. Норвегия

 Фото: Alexander Shchukin / Flickr

3. Дания

 Фото: Nelson L. / Flickr

4. Исландия 

 Фото: Lev Glick / Flickr

5. Швейцария

 Фото: Kosala Bandara / Flickr

6. Нидерланд

 Фото: Tom Roeleveld / Flickr

7. Канада

 Фото: IQRemix / Flickr

8. Жаңа Зеландия

 Фото: Bernard Spragg. NZ / Flickr

9. Швеция

 Фото: Giuseppe Milo / Flickr

10. Аустралия

 Фото: CHRIStophe Robert HERVOUËT / Flickr

Н. Үсенова