Гүлденген елдер тізімінде Норвегия бірінші

Гүлденген елдер тізімінде Норвегия бірінші

Legatum Institute сараптама институтының дәстүрлі түрде жыл сайын жасап отыратын тізімі бойынша гүлденген елдердің көшін бастап тұрған ел – Норвегия. Бағалаушылардың талабы – материалдық құндылық пен жеке адам саулығы.

Ал екінші орында Данияда болса, үштікке кіргенін Швеция місе тұтты. Ондықта Аустралия, Жаңа Зеландия, Канада, Финляндия, Нидерланды, Швейцария және Ирландия елдері тұр.

Ең басты сенсациялық оқиға биылғы тізімге АҚШ-тың кірмей қалуы болып отыр. АҚШ 12-орынға сырғанады. Агенттіктің таратқан ақпараттық релизі бойынша, американдықтардың қазіргі жағдайы ондыққа кіретіндей емес екен.

Ал Қазақстан бұл тізімде дәл былтырғы орнында, яғни 46-орынды алған. Арта қалған елдердің арасына Қытай, Латвия секілді мемлекеттер орналасқан.

Талқыға салынатын негізгі жағдайлар мыналар болған – экономика, өмір, білім, шаруашылық жүргізуге елдің қолайлылығы, мемлекеттік басқару, денсаулық, жеке бостандық, қауіпсіздік деңгейі және жеке табыс. Жалпы әлемнің 142 елі бұл тізімнен орын алған. Бұл жер шары елдерінің 96%-ын құрайды.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: bogemaclub.com

А. Құлтай