Исландия туралы қызықты деректер

Исландия туралы қызықты деректер

Исландиялықтар ұзақ өмір сүреді. Бұл елде әйелдердің орташа өмір сүру жасы – 81 жыл, ал ерлердікі – 76 жыл.

ыв

Исландиялықтар – әлемдегі ең белсенді интернет қолданушылар. Бұл елдің тұрғындарының көп бөлігі Facebook әлеуметтік желісіне тіркелген. Сонымен қатар, олардың Íslendingabók атты сайты бар. Бұл сайттан кез келген адам өзінің алыс туыстарын іздеп таба алады.

Исландиялықтардың ұлттық киімі – ешкі жүнінен жасалған жемпір. Жергілікті ешкілерден алынған жүндер өте жұмсақ әрі жылы болады. Сондықтан, олар ешкі жүнін өте аз экспорттайды.

ешкі

Кейбір деректерге сәйкес, елде әрбір исландиялыққа 2,5 машинадан келеді екен. 

аа

Исландияда әскер жоқ. Оларда тек полицейлер мен жағалау күзетшілері қызмет етеді.

кеме

Е. Қайрахан