Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Ол кім? Бұл не? / Дания туралы қызықты деректер

Дания туралы қызықты деректер

Дания туралы қызықты деректер

Дания  әлемдегі монархиялық құрылымы сақталған санаулы елдердің бірі. Аталған ел Еуропада орналасқанымен, Еуропалық Одаққа мүше болудан бас тартқан. Себебі өз валютасының құнын өзі ұстап тұруды мақсат еткен. Дания мемлекеті туралы осы сынды қызықты мәліметтермен таныс болғыңыз келсе, бізбен бірге болыңыз.

- Дания  монархиялық құрылымға ие ең көне елдердің бірі. ХІХ ғасырда Дат монархиясының билігі үстем болып, Еуропаның солтүстігіне толық иелік еткен.

- Данияда пластикалық бөтелкелер қоқысқа тасталмайды. Себебі бір бөтелке су сатып алатын болсаңыз, суға 20 крон, ал бөтелкеге 22 крон төлеуіңіз керек болады. Ал бөтелкенің құны арнайы пластикалық қалдықтарды өткізетін орталықтарда қайтарылады екен.

- Дания әлемдегі ең бақытты адамдар өмір сүретін ел болып саналады. Англияның Лестер университетінде жүргізілген бақыт табиғаты туралы зерттеу нәтижесі дат халқын әлемдегі ең бақытты адамдар екенін көрсетті.

- Stroget (Стрёгет) – Еуропадағы ең ұзын шоппингтік көше. Копенгаген қаласындағы бұл көшеде сауда жасауға үйреніп қалған еуропалықтар Данияның еуро валютасын пайдалануға шақырады. Дат үкіметі мұнымен келіспейтінін білдірген.

- Дания Еуропалық Одақтың құрамына кірмейді және өз валютасын қолданады. Дат кроны – ең көне қағаз валюталардың бірі.

- Tivoli (Тиволи) – Данияда орналасқан Еуропадағы ең үлкен ойын-сауық саябағы. Кезінде Уолт Дисней аталған саябаққа келіп, осыған ұқсас жоба жасауды ойластырған. Нәтижеде Париж (Франция) бен Атланта (АҚШ) қалаларында Диснейленд саябағын салдырған.

- Дания азаматы балаларға арналған LEGO (Лего) ойынын құрастырған. «LEGO» дат тіліндегі «leg godt» сөздерінен шығып, «жақсы ойна» деген ұғымды береді.

- Копенгаген тұрғындары метро арқылы күніне 660 мың шақырым жүріп өтеді. Ал велосипедпен одан екі есе жолды өткереді екен. Бұл әлеуметтік үрдіс экологиялық мақсатта жолға қойылмаған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бензин тапшы болып, даниялықтар жаппай велосипед қолдануға көшеді. Қазіргі кезде бензин жеткілікті болса да, адамдар велосипедпен жүруге бейімделіп кеткен.

- Копенгаген қаласының картасын сатып алсаңыз, қоғамдық көліктерде бір күн жолақы төлемей жүре аласыз. Сонымен қатар, қалада орналасқан 62 музейге де тегін кіру мүмкіндігіңіз болады. Одан бөлек, жылдам тамақтану мейрамханаларында 20% жеңілдік ала аласыз. Бұл елге келетін туристердің санын арттыру мақсатында ойластырылған. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: www.unipage.net
Қосылған күні: 15 шілде 2015, 12:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.