Қыпшақ тегінен шыққан орыс князі

блог
Қазақстандық тарихшы Сағымбай Қозыбаев орыс князі Александр Невскийді "Бату ханның орыс ұлы" дейді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қозыбаевтың айтуынша, князьдің тегі - қыпшақ.
Невский Алтын Ордамен тығыз байланыс орнатқан.
2016 жылы Қозыбаев "Батудың орыс ұлы" атты мақаласында былай дейді:
"Невский - Батудың асыранды ұлы, өйткені ол Алтын Орда тағының мұрагері, ханның сүйікті ұлы Сартақ ханзадаға жақын болған".
Сағымбай Қозыбаевтың жазуынша, Александр Невский қыпшақ тегінен шыққан.
Сағымбай Қозыбаев Невский марапатын табыстау салтанатында
"Әкесінің атасы орыс тарихына ерекше із қалдырған тұлға, ұлы князь Всеволод Большое гнездо қыпшақ қызына үйленген. Оның әкесі Ярослав Всеволодович 1243 жылы орыс князьдарын Бату ханды өздерінің ханы ретінде тануға шақырды. Ол да қыпшақ қызын алған. Ярослав князь Бату ханның алдына келіп, одан "орыс князьдерінің старейшинасы" марапатын алған, бұл жердегі князьдерге Рязанский, Суздальский, Тверский, Киевский, Галицкий князьдіктері жатады", - деп жазады Сағымбай Қозыбаев.
Тарихи деректерде Невскийдің әжесі мен анасы да қыпшақ тегінен шыққаны жазылады.
"Бұл Александр князьдің үштен екі немесе төрттен үш бөлігі қыпшақ деген сөз бе?" - дейді Сағымбай Қозыбаев.
Қозыбаевтың пікірінше, ең маңыздысы - Александр мен Сартақтың бір-бірін "бауыр" деп атауының және Бату ханның Невскийді ұлы ретінде қабылдауының негізінде туған Орыс хандығы мен Алтын Орданың әскери бірлестігі.
Сағымбай Қабашұлы тарихшы, прозаик, публицист Сергей Баймұхаметовтың пікіріне сүйенеді. Сергейдің сөзінше, Орыс хандығы мен Алтын Орданың байланысының астарында саясат жатыр.
Алматы Вознесендік соборының протоиерейі Александр Суворовтың сөзінше, Александр Невский әлемге қолбасшы ретінде танымал, алайда дипломаттың бейбітсүйгіш адам болғаны көп жерде ескерусіз қалып жатады.
"Невский Шыңғысхан империясымен қантөгіске бармай, бейбіт келісімге келе отырып, өз халқының өмірін сақтады әрі халқының гүлденуіне есік ашты", - дейді Суворов.
Александр 1252 жылы Моңғол империясының астанасы Қарақорым қаласына барған. Осы сапарында Бату хан мен Сартақ ханзадамен кездескен.
Сартақ ханзада мен Невский (екеуінің де жас шамасы ол кезде 31-лерде болды) арасында тығыз достық қарым-қатынас орнады, бұл Орыс хандығы мен Алтын Орданың арасында бейбітшілік орнауына себеп болды.
"Александр мен Сартақтың байланысы мықты болғаны соншалықты, олар "егіз бауырлар" деп аталды, моңғол мәдениетінде "бауыр" атауы екінің біріне беріле бермейтін жоғары дәрежелі мәртебелі атау болып саналады. XIII ғасыр шежіресі, моңғол тілінде жазылған "Моңғолдардың құпия тарихында" Александр "дана әрі әділетті басшы" ретінде сипатталған, оны моңғолдар қатты құрметтеген", - дейді Суворов.
Александр Суворов
Суворов Невскийдің қолбасшы ретінде қызметі ғана айтылатынын, дипломат ретіндегі қабілеті тысқары қалып жататынын бас айтты. Алайда қолбасшының дәл осы қабілеті Еуразия халқымен тығыз байланыс орнатуына себеп болған.
"Қаһарман жауынгер ғана емес, білікті дипломат та болды, әлем тарихының қайта құрылуы кезеңінде бейбітшілікті сақтауға тырысты. Моңғолдармен бірлесу шешімі өз заманында ескерусіз қалған да болар, алайда бұл шешім алда болуы мүмкін жанжалдардың алдын алды", - дейді Александр Суворов.
Дін қызметкерінің пікірін Сағымбай Қозыбаев та қостады. Алтын Ордамен достық қарым-қатынасы Александр Невскийдің мемлекетті сақтауына зор әсер етті.
Алтын Орда – Жошы ұлысында құрылған алғашқы ірі мемлекеттің бірі. Негізін қалаушы - Шыңғысханның немересі, Жошының баласы Бату хан.
Басты сурет: АПН, Павел Рыженконың картинасы, суретте Невский мен Сартақ хан бейнеленген