Жүрегімнен орын алған
жеке
блог

Жүрегімнен орын алған

Әлемге тараған хит әндердің орындаушысы, Канаданың тумасы Селин Дион туралы Массагетке бұрын да жазған едім. Осы бір жезтаңдай әншінің жүрегімнен орын алғаны рас. Өйткені ол – әлемнің үздік әншілерінің бірі, көңілдің кейбір кездерінде жүрек қылын дөп басып, сырласың мен мұңдасыңа айнала алатын сирек дарын. Бұл кісінің тағдыры қандай таңғажайыпқа толы болса, әндері де соншалықты ерекше. 20 жыл отасқан қосағы әрі продюсері былтыр ауыр дертті жеңе алмай өмірден өтіп кетсе де, ендігі өмір жолында бала-шағасының қызығын көріп, өнерімен әлемді тербете беруіне тілекшімін. Айтпақшы Селин Дион Димаш Құдайбергенмен дуэт айтса екен деген тілегім бар... Ол күн де туар! 

Өздеріңізге осы бір сыршыл әншінің өзіме ұнайтын әндерін ұсынамын. 

I'm Alive (Тірімін)

 A New Day Has Come (Жаңа күн келді)

Alone (Жалғыздық)