Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / МузАрт LIVE туралы өз ойым... Сіз не дейсіз?

МузАрт LIVE туралы өз ойым... Сіз не дейсіз?

МузАрт LIVE туралы өз ойым... Сіз не дейсіз?

Қазақ өнерінің шыңы болған Муз Арт тобы шоу жасайтынын естігелі бері өз басым көрермен ретінде тағат таппадым. Бір жағынан қобалжып, тілекші болдым, екінші жағынан қазақ арнасында өз өніміміз болатынын түсініп қуандым. Көптен күткен күн де жетіп, ұлттық арнадан "Муз Арт LIVE" жобасы басталды... 

Иә, шоу басталды. Декорация, сахнаның безендірілуі, ұлттық арна ұстанымы бойынша тек ана тіліміздің қолданылуы, осының бәрі керемет! Кереметтігі соншалық, көзге жас үйіреді. Бірақ... Әттеген-ай. Әңгіме төрешілер туралы болғанда, аталған шоудың көршілес елдің "Хочу к Меладзе" шоуына қатты ұқсайтыны аңғарылды... "Жақсыдан үйренген" дұрыс-ақ, бірақ ел төбесіне көтеріп, алақанына салған Муз Арт ағаларын ешкімге ұқсатқым келмеп еді өз басым. Олар дара еді. Тек төрешілер ғана емес, шоудың форматын да Меладзенің шоуынан көріп тастағанбыз. Жаңа топтың жігіттерден құралуы және төрт жігіттің таңдалуы әлгі шоудың бағдарламасына ұқсап-ақ тұр. Меладзенің шоуынан кейін Баян Есентаеваның да осыған ұқсас бағдарлама жасағанын білеміз...Хош...

"Тура биде туған жоқ" деп, турасын айтады деп күткен Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов мырзалардың кейбір пікірлері орынды болғанымен, қисынсыз сөздері де кездесіп жатты. Мысалы, қатысушыға "керемет, тамаша" деп баға беріп алып, екінші кезеңге өткізбей тастау "үрдісін" байқадық. Қазақ сахнасының төрінде жүрсе де, біреуге баға беруде айтарға сөз таппай аңтарылып, кәсіби тұрғыдан сын айта алмаған кездері "әттеген-ай" деп бармағымызды тістедік. Қазақшылыққа салынған болар. Осы орайда Сәкен Майғазиев ағамыздың кәсіби біліктілігін ерекше атап өтпеске болмас. Кәсіби біліктілігімен қоса, биік мәдениеті экранның ар жағында отырған көрерменге жылы әсер сыйлағаны анық. Ал Мейрамбек Бесбаев туралы айтар болсам, тұтас шоу осы кісіге арналған ба деп қалдым. Соңғы сөзді Мейрамбек ағамыз айтатындай әсер қалдырды. Қатысушылар да ағамыздың айбарынан біраз ығысқан тәрізді.

Кенжебек Жанәбіловке келсек, бағдарлама бойы бұл кісіге ренжумен болдым, өйткені төреші құзіреті берілсе де, жасым кіші деді ме, әйтеуір қасындағы кеңесшілеріне жалтаңдап, кесімді сөз айта алмады. Пікірталас барысында Мейрамбек аға мен Сәкен аға өзара сөзге келіп қалып жатты. Жұмыс бабымен ондай-ондай болады дерсіз, бірақ ең сыйлы екі ел ағасының бір-бірінің сөзін тыңдамауы көрермен ретінде көңіліме қаяу түсірді. Шыны керек осы кезге дейін Мейрамбек пен Сәкеннің бір-бірімен сөз таластырғанын көрмеппін, көргім де келмеп еді... 

Қатысушылар туралы сөз қозғасақ, айтыңыздаршы, былтырғы "Қазақстан дауысының" қатысушылары қаптап қайдан жүр?! Олар былтыр-ақ өздерін "Қазақстан дауысында" дәлелдеп, халықтан бағасын, дауысын алып кетпеп пе еді? Меніңше, бұл тегін эфир уақытын өз пайдасына жарату, былайша айтқанда, халықты алдау деуге де болатындай... Олардан да басқа ел ішінде дарын көп, танылмаған таланттарға мүмкіндік беру керек еді. 

"Біткен іске сыншы көп", әлбетте. Айтуға оңай... Ұлттық жобаның артында үлкен ұжымның қажырлы еңбегі жатқанын мойындауымыз керек... Сіз не дейсіз?

25 8
Рейтинг: +8

Жазылған уақыты: 04 қаңтар, 15:01
Тегтер: Муз Арт LIVE, Музарт лайф, Муз Арт лайф туралы
Пікірлер
+4
05 қаңтар, 09:29

Аталған жобаның басынан аяғына дейін көре алмадым. Дегенмен қай үйге қонаққа бармаймын, "Музарттың" жобасы басталды деп отыра қалады. Тегінде үнді сериалдарына асыққандай. Іштей өзіміздің жобаға деген халықтың көзқарасы дұрысталып келеді деген ой болады. Ал жобаның өзіне пікір білдіруге көрмеген соң құқым да жоқ секілді.

Меніңше, бұл тегін эфир уақытын өз пайдасына жарату, былайша айтқанда, халықты алдау деуге де болатындай... Олардан да басқа ел ішінде дарын көп, танылмаған таланттарға мүмкіндік беру керек еді- деп дұрысын айттың-ау деймін!

+0
05 қаңтар, 10:14

Әр жексенбі сайын тағат таппай көрдік. Қатысушылар үшін қызу пікірталасқа түскен кездеріміз де болды :)

+2
05 қаңтар, 10:27

Көп шығарылымын көре алмадым. Бұрынғыдай ел болып көретін әдет те жоқ, байқасам. Елдің де Музарт үшін көретіні белгілі. Түсірілімдері, кадрлары керемет екені белгілі. Жас жігіттердің де талпынысы жақсы. Бірақ, өзің айтпақшы, сарапшы ретінде пікір айта алмауы, жастардан би билеуді талап етпеуі - костюммен ән айтып тұратын тағы бір ұрпақты өсіріп келе жатқан сияқты.

+0
05 қаңтар, 10:42

Оның үстіне таңдалған төрт жігіттің алып бара жатқан ерекшеліктері жоқ секілді. Уақыт төреші, бәлкім елдің сүйікті тобына айналып үлгерер, бірақ олай болуы күмәнді...

+0
05 қаңтар, 13:25

"Қазақстан дауысынан" таныс балалар жайлы дәл екен.
Осыған ұқсас шоулардың тағы бір осал тұсы - женімпаздардың жоқ боп кетуі. Осы балалар жақсы бір серпіліс әкелсе, үмітті ақтаса екен енді

+0
05 қаңтар, 13:48

Жеңімпаз болған Сұлтан Ахмет былтыр "Қазақстан дауысының" финалына дейін жетті қателеспесем. Бірақ бір жыл бойы жоқ болып кетіп, МузАрт лайфқа шығып тұр ғой )

+0
06 қаңтар, 01:05

Мен Қазақстан дауысы проектісін көрмеппін ,бірақ Музарт лайвты жібермей көрдім,пікір айтпасқа болмас,иә дұрыс айтасыз Сәкен ағаның кәсіби шеберлігі,ІШКІ мәдениете өте жақсы көрінді,бұл жобаға қарап мұзарт ағаларымыздың шын келбетін көрдім,жоба ұнады,соңында финалда қалған жігіттер талантты,біразы өнер мектебінде білім алып жүрген балдар,мұзарттық ағалар тек даусы жағынан жақсы, өнерлі ,жігіттер емес өнеріне адамгершілігі сай топ адамдарын таңдады деп ойлаймын.Қазақстан дауысына қатысса не болыпты? Мүмкін басқа дарынды,талантты жастар сіз айтқандай, жобаға қатысуға ниет білдірмеген шығар,ал біреуінің дауысы бола тұра,басқа жағынан сай емес шығар топқа? Айта берсек түрлі себеп меніңше.Жалпы маған жоба ұнады.Жобаның девизі де жақсы болды-"Дәстүрдің жарқын жалғасы".Тек қазақ әндері шырқалды,ұмытылып кеткен әндерді қайта еске алып аудиожазбаға да басып алдық.

+0
06 қаңтар, 09:38

Сіздің де пікіріңіз орынды. Адамгершілік қасиетіне қарап таңдау дегенді түсінбеймін :)

+0
11 қаңтар, 21:10

Дәстүрдің жарқын жалғасы болған бұл жобаны мен де тамашаладым.Тағатсыздана күттім. Жобаның ұйымдастырылуы ұнады. Ресейдің Меледзьесін көшіріп алса алған болар, бірақ меніңше онда тұрған ештеңе жоқ. Біз олардың шоуларын түгелдей көшірген жоқпыз.Негзігі жүйесін алдық. еңбастысы ұмытылуға айналған ұмытылмас әндерді айтып, серпілтіп тастады бізді. Мына блогыңызды оқып отырып пікір жазбай кетуге болмас деп түйдім. Қанша дегенмен қазақпызғой. Жаңа жоба басталса бірден мін тағамыз, кемшілік іздейміз. Олай болмасақ қазақ боламызба?
Жаңа құрылған топ туралы да айтып кетіпсіз. "Қазақстан дауысынан " кейін көрінбей кетсе не болыпты. екінші мүмкіндікті оңтайлы пайдаланғанда тұрған не бар. Жоба басталғалы өзім құдды қатысушылардың қасында жүргендей сезініп аса бір толқыныспен толғаныспен отыратынмын. үмітім ақталды.
Жетекшілер туралы айтыпсыз. Ойыңызбен толық келіспеймін. Олар өз мамандықтарының білгірлері ретінде қз ізбасарларын таңдады. Жігіттер квартетінің немес е баска топтың емес өздерінің .Сондықтан олардың пікірталастырып таңдауды өз пікірлеріне байланысты жасауға құқы болды.Және олар сол құқықты пайдалана білді

+0
12 қаңтар, 15:32

Енді жігіттер үмітті ақтаса екен, үлкен топқа айналуын тілейтіндердің бірімін мен де.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...