Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі басым түсіп, бас жүлдені қанжығаға байлағанын білеміз. Бірінші кезең болса да, оның өзі біз үшін үлкен жетістік, ұлы жетістік деуге де болатындай. Аузын айға білеген елдің "мен" деген әншілерін шаң қаптырды сабазың. Жүрегі қазақ деп соққан әр адамның көзіне жас үйірілді. Қазақ болып туғаны үшін мақтанды. 

Кейбіреулер "ойбай, шетелді бағындырамыз", "Азияны таңғалдыруға барайын деп жатырмыз" деп ысқырықтары жер жарып жүргенде, Димаш сөзбен емес, іспен дәлелдеп, үнсіз барып қаптаған Қытай телеарнасының төрінен бір-ақ шықты. Мәрт екен. Жігіт екен. 

Үстінде ауыр жүк. Қазақстан атынан шығып, қазақ ұлтының намысы үшін барын салды. Көмейіне құмыр құс ұялаған бозторғай әншіні Тәңір берген таланты алып шықты. 1 пайыз талант, 99 пайыз еңбек болса, қарапайым көрермен түсіне бермейтін музыка әлемінің қыр-сырын меңгергені анық байқалды. Мақтанамыз. Тек тіл-көзден аман болса екен деп тілейміз. Тілекшіміз. 

Күллі қазақтың ғана емес, бүкіл Азияның жарық жұлдызына айналып шыға келді бір сәтте. Ол туралы біз түсінбейтін тілде жазып жатыр, айтып жатыр. Әлемдік жұлдызға айналудың алдында тұр. 

Кезінде Димаш Қазақстан телеарналарының бірінде әншілер байқауына қатысқанда біздің сыншысымақтар не деп еді? Димаш ол кезде әлі танылмай тұрған еді. Тек қазылар алқасының ішінен Майра Мұхаммедқызы ғана Димаштың талантын танып отырды. Қалғандары Димашты төбелеріне көтермек түгілі, бір ауыз жылы сөз де айтпап еді ғой. Сол есіме түссе, қатты қынжылам. Қазақ десең, өзіңе тиеді емес пе? Қазақ сыншыларының кәсіби біліксіздігіне қынжылам.

Жә, өткен нәрсе өтті. Димаш "Славян базарынан" бас жүлде алып келіп барып мойындалды. Ал қазір тіпті сол кезде Димашқа сын айтқандардың өздері Димашты бір көруге, бір тілдесуге зар болып қалды. Өйткені бұрын-соңды бұндай дәрежеге жеткен қазақ әншісі бар ма, жоқ па?! Атақты Әміре Қашаубаевтың Францияны тамсандырғанын тарихтан білеміз. Саусақпен санарлық.

 

Димаштың деңгейі Азияны ғана емес, бүкіл әлемді бағындыруға жетеді. Оған күмән жоқ. Тәрбиесі, сауаттылығы, болмысы, кәсіби деңгейі, сыртқы түрі – бәрі-бәрі төрт аяғын тең басып тұр. Біз қазақтың қара баласын төбемізге көтеріп, алақанымызда аялауымыз керек. Жүз жылда бір туатын тума талантты қолда барда бағалауға тиіспіз. Миллиардтаған адам көз тігіп отырған экраннан қазақ тілінде сөйлеп, тәуелсіз елімізді паш еткен әрекеті – зор құрметке лайық.

Қарап отырсақ, имиджі өзгергені сол еді, біз тамсанатын К-поп жұлдызынан айнымай қалды. Айдолдардан артық түспесе, кем түспейтін сыртқы бейнесі біраз қыздың жүрегін жаралап үлгерген сияқты ) 

Қытай не себепті қазақтың қара баласының жолын ашып отыр?! Өйткені оларға жаңа есім, жаңа жұлдыз керек. Азия жұлдызы керек. 

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері. Әншімін деп жүрген адамның өзі ұялып, ән айтудан тартынып қалған шығар. Әнді айтқанда жанын жеп айтатындардың өзі жолда қалып, микрофоннан алты метр алыста қашып жүргенге ұқсайды. Өйткені шала жансар әннің өзін билеуге келсе болды, жұта беретін қазақтың көзі біртіндеп ашылатын болды. Мынадай кәсіби жоғары әнді құлағына құйған соң, енді әнді талғап тыңдайды деген үлкен үмітім бар. Әсіресе, өсіп келе жатқан жастар үшін қуанам... 

Қуан, қазақ! Осындай мықтының қазақтан шыққанына қуан... 

Димаш қатысып жатқан қытайлық ән байқауын бастан-аяқ мына видеодан көре аласыз. 

2305 4
Рейтинг: +7

Фото:
https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash/
Жазылған уақыты: 23 қаңтар, 15:50
Тегтер: димаш құдайберген, dimash qudaibergenov Димаш Кудайбергенов, dimash kudaibergenov, i am a singer, dimash the singer
Пікірлер
+1
23 қаңтар, 16:57

Расында да көзге жас келді. Француздардың ең бір қиын әнін асқан шеберлікпен еш қиналмастан орындап шықты. Талантына таң қалған қалың қытай тікесінен тік тұрып, қос қолдап шапалақ ұрды... "Жарайсың, Димаш!" дегеннен басқа айтарымыз жоқ. Жеңісті күндер жалғасын тапсын!

+0
25 қаңтар, 16:18

Тіл-көзден аман болсын!!!

+0
26 қаңтар, 16:35

Бәрекелді! Шыныменде көзге еріксіз жас келді. Жүректің тебірінтер әуезді даусы әлі құлағымда саййрап тұр. Жарайсың! Өзіндей үлгі тұтар ағамыз барына Аллаға шүкір етемін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...