Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / ҚазҰУ-ым тамаша мүмкіндіктер мен жарқын болашақ мекені!

ҚазҰУ-ым тамаша мүмкіндіктер мен жарқын болашақ мекені!

ҚазҰУ-ым тамаша мүмкіндіктер мен жарқын болашақ мекені!

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің табалдырығынан аттағалы бері, мен үшін көптеген іс-шаралар мен кездесулерге қатысу мүмкіндігі пайда болды. Қара шаңырағымның осыншама берген мүмкіндіктері үшін Аллаға шүкіршілік етемін. Қазақ жерімнің көптеген дара, дана, тарих тұсында өзіндік орнын ойып алған ұлы аға-апаларымызбен кездесіп, көзбе-көз тілдесіп, тек қана білім беру мекені емес, сонымен қатар тәлім-тәрбие мекеніне айналған ҚазҰУ-ыма алғысым шексіз. Күнделікті өмірде бола бермейтін кездесулер мен тәрбие мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралардан қалмай, ұлы тұлғалардың айтқан бар ақылы мен өсиетін бойыма барынша сіңіріп алуға тырысамын. 

Үшінші желтоқсанда механико-математика факультетінің Қызыл залында жазушы, қоғам қайраткері, Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті. Мен үшін де, басқа жастар үшін де бұл көптен күткен, керемет бір кездесу болды. Зейнеп Ахметова апамызды көбісі Қазақ халқының қаһарман ұлы, атақты – Бауыржан Момышұлының келіні деп таниды. Дегенмен, апамыздың ұлы қаһарман атамыз туралы, тәлім-тәрбие, салт-дәстүрлер жайында жазылған кітаптары бар. Мысалы: «Күретамыр», «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты». Қазақ жастары үшін керемет насихат, қайталанбас тәрбие жайындағы дүниелер. Бұл кісімен бетпе-бет жүздесу үш ұйықтасамда түсіме кірмепті. Аптаның басы жақсы, һайырлы басталып, дүйсенбі күні біз үшін Зейнеп апамызбен кездесу бұйырды. Зал жалыңды жастарға толы болды, менің бұған еш күмәнім де болмаған, себебі Зейнеп Ахметова апамыздың бір ауыз насихат сөзің есту, ойшыл адам үшін арман десекте кем болмас. Екі жарымдай сағатқа созылған әңгіме барысында қайталанбас сезімдерді басымнан кешірдім. Қанша психологиялық, мотивациялық кітаптар оқысамда, журегімде бір толқыныс оятатын дәл осындай стимул ешқашан болмапты мен үшін. Менің ойымша, оның бірден бір себебі – апамыздың шынайы ықыласымен, біздерге жаңы ашып, өз балаларындай көріп, тәлім-тәрбиемізге үлесін қосқысы келгенінде. Апамыздың айтқан әрбір өсиет сөзі журегімнің түкпіріне жете білді. Кездесуден керемет әсерде шықтым. Апамыз көбінесе қыз тәрбиесіне қатысты тақырыптарды қозғады. Менің ойымша, қыз баланың тәрбиесі қазіргі күні өте өзекті мәселелердің бірі. Қыз баласы – болашақ жар, болашақ ана. Апамыздың ойынша – қыз бала шындап кіріссе қоғамды да өзгерте алады. Расында да солай, себебі, ана ретінде қыз болашақ ұрпақты тәрбиелеуші, дүниеге перзент әкелуші. Қыз баланың мойынында үлкен миссия жатыр. Әйел кісі үшін үш бақыт бар. Олар: қыз дәурені, адал жар болу және де ана атану. Алланың қыз балаға жүктеген міндеттерімен қоса, берген ризық-несібесі де өте мол. Өз тарапымнан және де барлық қара шаңырағымның студенттерінің атынан осындай мәнді, өнегеге толы кездесу кешін ұйымдастырған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Сұңқар студенттер мен магистранттар кәсіподағының мүшелеріне үлкен алғысымды білдіремін.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының

оқытушысы Шәріпқазы Нұртәліп

1 курс студенті Мурзатаева Роза

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 04 мамыр, 20:03
Тегтер: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының оқытушысы Шәріпқазы Нұртәліп 1 курс студенті Мурзатаева Роза

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.