«Қытай Жаңа жылы - Көктем мерекесі» Ақпарат дереккөзі: https://m

«Қытай Жаңа жылы - Көктем мерекесі»  Ақпарат дереккөзі: https://m
жеке
блог

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің табалдырығынан аттағалы бері, мен үшін көптеген іс-шаралар мен кездесулерге қатысу мүмкіндігі пайда болды. Пандемияға байланысты,қашықтықта білім алып жатқанымызбен, Қытай халқының Жаңа жылына байланысты тәрбие кешін онлайн форматта өткіздік.Қытайтану кафедрасына түскеннен бастап, қытай мемлекетінің дінін, құқығын, әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын толық және жан-жақты меңгеру менің мақсаттарымның бірі болып саналады.

Он екінші ақпан күні Қытай Халық Республикасының жаңа жылы өтті.Бұл мерекеге орай Қытайтану кафедрасы мерекелік кеш өткізді. Бұл кешке барлық студенттер белсене қатысты, алған әсерлерімізді жеткізіп айту қолымнан келмейтіні аңық. Алғашында Қытай мерекесі жайлы, бұл мерекені қалай атап өтетіндігі жайлы сөз еттік. Қытайлықтар үшін бұл мереке ең басты мейрамдардың бірі болып есептеледі.Бұл күнді тек Қытайлықтар ғана емес, Гонконг, Макао, Тайвань, Бруней, Индонезия және т.б. өңірлер де тойлайды.Бұл күнге олар ерекше дайындалады. Жаңа жылды екі апта бойы атап өтеді.Дала,үйлер барлығы қызыл қағаздармен,жазулармен безендіріледі.Бұл олар үшін ең алдымен отбасылық мереке.Шет аумақтарда тұратын адамдар туыстарымен, ата-аналарымен кездесу үшін алыстан келеді.Барлығы бір дастархан басында көңілді кеш өткізеді.Мерекелік дастархан жайылады,міндетті түрде дастарханда балық пен тауық болуы қажет.Бұнын да өз мәңі бар.Бұл молшылық пен байлықты білдіреді.Олар түні бойы көз ілмейді.Аспанда түрлі-түсті отшашулар атылады.

Осы тәрбие кеші арқылы бұл мереке жайлы көбірек қызықты ақпарат білдім. Түрлі қызықты бейнебаяндар тамашаладық. Қытайда өмір сүрген ұстаздарымыз Зум платформасы арқылы өтіп жатқан ашық сабаққа қосылып, өз көрген, білгендерімен бөлісті. Өте көп қызықты әрі пайдалы ақпарат білдік. Сабақ соңында білгенімізді бекіту әрі тексеру мақсатында ойын ойнадық.

Қытайтану факультеті ұстаздарына,және осы кешті ұйымдастырған қыздарға алғысымды айтамын.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының
оқытушысы Шәріпқазы Нұртәліп

4 курс студенті Мурзатаева Роза