Шығыс қайта оралды

Шығыс қайта оралды
жеке
блог

2018 жылдың 16 қарашасында Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде, Шығыстану факультетінде “Шығыс қайта оралды» атты кеші өтті. Аталмыш оқиғаға барлық факультеттің студенттері, ұйымдардың төрағалары мен орынбасарлары қатысты. Шығыстану факультетінің студенттік деканы Кенжеғалиева Дана, студенттік ұйымдардың төрағасы Искакова Мадина, болон үдерісі бойынша студенттік бюроның төрағасы Сайлаубек Бауыржан қатысты. Кеш барысында Шығыстану факультетінің студенттері өз өнерлерін көрсетті , бағдарлама барысында флэшмоб, жұптық билер, өлең оқу, жеке ән -салым де болды. Оқытушылар, магистранттар сонымен қатар студенттер өткізілген іс- шараны тамашалап, қолдау көрсетті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де талантты да дарынды студенттердің жетік екендігіне тагы бір мәрте көз жеткізуге мүмкіндік берді. Өз тарапымыздан осындай қызықты іс- шараны ұйымдастырушы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ –дегі Шығыстану факультеті, Шығыстану факультетінің болон үдерісі бойынша студенттік бюросына алғысымызды білдіреміз. 

 

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының

4 курс студенті Бекболатова Арна.

Жетекші: Шарыпқазы Нұртәліп