Қашықтықтан оқыту – қазіргі замаң талабы.
жеке
блог

Қашықтықтан оқыту – қазіргі замаң талабы.

Бүкіл әлем бойынша болып жатқан пандемияға қатысты барлығымыздың қашықтықтан сабақ оқу қажеттілігі туындады. Сол себепті жылдың екінші жартысынан бастап ауылға жол тартып, онлайн сабақ оқып бастадық. Шынтуайтында, қашықтықтан оқыту – қазіргі замаң талабы. Онлайн білім алудың оңды және кері әсерлері бары аңық. Пандемия барша адамзат үшін түбінде терең тәрбиелік маңызы бар сыңақ болды десек, қателеспейтін шығармыз. Күнделікті күйбен тіршілікпен өмірдің, уақыттың, жақындарымыздың қадірін естен шығарып, ұмытып кеткендейміз. Кейбіріміз атақ қуып, кейбіріміз маңсап қуып дүниелік нәрселерге жүректерімізді бағындырып жатамыз. Ал шыңайы бақыт, ол – жүрек тыныштығы. Бүкіл әлемде бейбітшілік туының орнауы, ата-анамыз, дос-жарандарымыздың аман-есен болуы. Шүкіршілік азайып, жаңымыз жүдеп, барлығымызға бір мезет ішкі жан сарайымызға үнілу қажет болды... Ол ақиқат. Осы басымызға келіп жеткен қиын-қыстау кезең арқылы шынайы құндылықтарды сезіне білдік, өмірге деген, адамдарға деген қарым-қатынасымыз өзгерді.

Отбасымызбен, жақындарымыздың жанына оралдық. Бір сәт кідіріп, шүкіршілік етіп, рухани өсуімізге кішігірім қадам бастық. Жақындарымыздың, достарымыздың қадірің түсініп, шынайы бағасына жете білдік. Бізге шыңайы ынта-ықыласымен білім нәрін сусындатып жүрген ұстаздарымызды, парталас құрбы-достарымызды, мәртебесі биік қара шаңырағымыз – ҚазҰУ-ін ойға алған сәтте жүректі шынайы сағыныш сезімі кернейді. Еш уайымсыз, құрбы-достарымызбен ҚазҰУ-нің кең аудиторияларында, лекция тындап, сабақ оқыған кездеріміз-ай. ҚазҰУ  қалашығының көздің жауын алар әсемділігі мен үстемділігі...

Қашықтықтан білім алу барысында, біздің альма-матер, біліміміздің қайнар бұлағы, жалынды жастығымыздың куәгері ҚазҰУ-ін шынайы сағынып, мен үшін білім шаңырағымның жаныма өте ыстық әрі бағалы екеніне тағы да көзім жетті. Бүкіл әлемде амандық, тыныштық орнап, еш уайымсыз кездеріміздің қайтып оралуына шынайы тілекшімін. ҚазҰУ-іне жол тартып, біліктілігімізді арттырып, одан бетер ынтамыз бен қайтпас жігерімізді танытып, өз саламыздың алдыңғы қатарлы, бетке ұстар маманы болып, Қазақстанымыздың мәртебесін көтеретін, қоғамға пайдамыз тиетін азаматтар мен азаматшылардан болайық.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті

Қытайтану кафедрасының 4 курс студенті Мурзатаева Роза

жетекшісі Шарыпқазы Нұртәліп