Білім мен болашаққа жол ашқан ҚазҰУ

Білім мен болашаққа жол ашқан  ҚазҰУ
жеке
блог

1934 жылы еліміздегі ең алдыңғы қатарлы оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланды. ҚазҰУ – сапалы білімнің қара шаңырағы, бәсекеге қабілетті, әлемдегі ең үздік 800 университет арасында 220 орында.
Жалпы өмірде әр адамның белгілі бір арманы бар. Кей уақытта сол арманға жету үшін көптеген кедергілерден өтіп, қиындықты бастан кешіруге тура келеді. Барлық бітіруші түлектер сияқты менің де бірқатар армандарым болды. Солардың бірі- балғын балалық шақ, мектеп қабырғасын тәмамдап, жоғарғы оқу орнының студенті атану болды. Сол арманым айқын мақсатыма айналды. Сөйтіп Алланың қалауымен ҚазҰУ-дың студенті атандым. Бұл менің таңдауым. Армандарымның бастамасы. Маған осы университет қабырғасында білім алу бақыты бұйырғанына ризамын. Енді жақсы білім алып, керемет маман иесі атанып, болашағымды жарқын етіп, еліме пайдамды тигізу – менің қазіргі мақсатым.
ҚазҰУ университетіне түскен кез-келген студент өзіне сұрақ қояды: «не үшін ҚазҰУ – ды таңдадым?». Мен оған былай жауап қайтарар едім: біріншіден, ҚазҰУ- сапалы білім орталығы; екіншіден, ҚазҰУ- еліміздегі ЖОО-ның элитасы; үшіншіден, ҚазҰУ-ды бітірсең, жақсы жұмысқа орналасу мүмкіндігі туады.
Мен студенттік шағымды қызықты етіп өткізгім келеді. Осыған байланысты бұл универде студенттерге барлық мүмкіндіктер жасалған: түрлі ұйымдар, жарыстар, басқосулар жиі ұйымдастырылады. Иә, бұның бәрі де рас, ҚазҰУ-барлық жалынды жастардың арманын орындайтын мекен. Еліміздегі ең үздік білім ордасы, қарашаңырағы.
ҚазҰУ – ға түскен әрбір студентке қолайлы жағдай жасалған. Себебі, әл-Фараби кітапханасы, интернет орталығы, ғылыми орталық, «Керемет» СҚКО, барлығы да студенттің игілігіне жұмыс жасайды.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Болашақ – білімді жастардың қолында», олай болса ата-анамыздың, еліміздің үмітін ақтап, білім алып, аянбай еңбек етіп, еліміздің елеулі азаматы атану біздің борышымыз.

Қытайтану кафедрасының
4 курс студентті: Бекбергенова Аяжан
Жетекшісі: Шәріпқазы Н.