Еңбек – бізден, баға – сізден!

Еңбек – бізден, баға – сізден!
жеке
блог

Көктемнің соңғы айы ортасынан асты. Жаз келді дегенше, жыр келді дегейсің. 

Осы орайда Массагет порталы әр мезгілге өзінше жаңа леппен кірісуге әзір. Олай дейтініміз жаңа жазбалар, қызықты танымдық материалдар легі бір сәт болсын толастаған емес. Ендеше, алдыңғы аптаға шолу: 

√ Мен әлі күнге дейін мына мәліметті білмеппін. Иә, маған оның не қажеті бар? Жоқ, сөйтсем қажеті аса зор екен. Біріншіден, білім көкжиегімді кеңейтсе, екіншіден досыма не ініме сыйлыққа аяқ киім алған кезде Массагетті қопарып, осы материалды іздейтінім сөзсіз. 

√ Әркімнің өз зияткерлік коэффициенті болады. IQ. Бір жылдары адамды IQ-іне қарап жұмысқа қабылдап жатса, таң болмаймын. Жалпы осы IQ деген не?

√ Әлем қаншалықты үлкен болса, білгенімізден білмейтініміз соншалықты көп. Мәселен мына өмірде алтын аң бар екен!

√ Бәріміз ауылдан шықтық. Қалада өскендердің тамыры бәрібір ауылда. Ауыл балалары не туралы армандайды?

√ Илья Ильин, Серік Сәпиев, Мая Манеза.... Осы спортшыларға дастарқандағы асты ішпей жанкүйер болған кездеріңіз естеріңізде ме? Құласа, бірге құлап, жыласа, бірге жылап... Естеріңізде болса, Олимпиада Лондон қаласында өткен еді ғой. Ендігі жазғы Олимпиада Рио-де-Жанейро қаласында өтетін болып шешілгенімен, бұл әлі нақты емес екен. Олай дейтініміз - ...

√ Мен бір нәрсеге қайран қалам. Өз жетістігімізге неге көз жұмамыз? Неге мақтаныш етпейміз? Неге мойындамаймыз? Мәселен "Бабалар сөзі" атты жүз томдығымыз Гиннесс рекордтар кітабына кіруі мүмкін!

√ Атақты Канн кинофестивалі басталды. Осынау әйгілі кинофестивальға шақырту алу үлкен мәртебе. Дегенмен шақырту алса да, келмей қалғандар бар екен. 

√ Дильназ Ахмадиева топ құру ниетімен кастинг жариялады! Егер әншілік дарыныңыз болса, сонымен қатар, сүйкімді, белсенді әрі өзіңізге сенімді ару болсаңыз, онда отандық герлз-бендтің құрамынан көрінуге толық мүмкіндігіңіз бар.

√ Мысық пен ит атам заманнан бір-біріне қас жау.  Бастары бірікпеген жандарға айтылатын "ит пен мысықтай ырылдасып" деген тіркес те жоқ емес. Интернетте бір күнде 5 млн. адам көрген видео осы ит пен мысық жайында. Бірақ мағынасы мүлде өзге! 

√ Ақша, ақша, ақша... Ақшаң болса, қалтаңда... Ақшаны қалай жинауға болады? Несиесі барлар ше? 

√ ҰБТ жақындап келеді. Бір қорқыныш, бір үміт. ҰБТ тапсыратын түлектер мен олардың ата-аналары үшін Massaget.kz өте маңызды мақала ұсынып отыр. Осыны оқып барып ҰБТ-ға кірген адам жақсы балл жинайды. :) 

Massaget.kz өтіп бара жатқан аптада ұсынған жазбаларға берілетін баға – сізден! Алдағы апта да тіл үйірер тәтті жазбаларға толы болмақ. 

Ендеше, Массагеттің мейманына мархабат!

Сурет: lilyhoplit.livejournal.com, favim.ru