Видео: Мысық баланы иттен аман сақтап қалды

Видео: Мысық баланы иттен аман сақтап қалды

Желіде «Мысығым менің баламның өмірін аман алып қалды» (My Cat Saved My Son) деген видеоролик таралды. Видеода аулада кішкентай велосипед теуіп жүрген балаға ит шауып, аяғынан тістей берген кезде жақын арада тұрған үй мысығы итке шап береді.

Баланың әкесі Роджер Триантофило үй камерасына түсіп қалған видеоны youtube видеоресурсына салған. Видеоролик 14 мамыр күні салынып, бір күннің ішінде 5 068 934 көрілім жинаған.

Құтырған иттің егесі оны байлап, баланың жарақат алған-алмағанын сұрастырып үйіне келген екен. Кейін 8 айлық итті жасанды дәрімен ұйықтатқан көрінеді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: andreysapegin.com

А. Құлтай