Сирек кездесетін алтын аң

Сирек кездесетін алтын аң

Алтын жолбарыс. Бүгінде жануардың бұл түрін тек арнайы табиғи қорықтардан ғана тамашалай аласыздар. Жолбарыстың алтын түстес болу себебі гендік рецессивтілігіне байланысты болған. Мұндай табиғи өзгерістерді адамдар XX ғасырдың бас кезінде байқаған. Ғалымдардың айтуынша, мұның себебі гендік алмасудың әсерінен пайда болған дейді. Тараған аймағы – Бенгалия, амур жолбарыстарымен туыстас. Ақ түсті жолбарыстар секілді олар амур жолбарыстарымен қан алмасқан. Тұқым алмасуының әсерінен гендік құрам өзгеріске ұшырап, жаңа гендік тұқым дүниеге келген. Қазіргі таңда, өкінішке орай, алтын жолбарысты тек зоопарктерден ғана көре аласыздар. Соңғы санақ нәтижесі бойынша, әлемде 30-ақ алтын жолбарыс қалған екен. Қазіргі таңда оларды будандастырып, табиғи ерекшелігін сақтап қалу мақсатында ұрпақ көбейту жұмыстарын жалғастырып жатыр.

 

Сирек кездесетін жануарлар

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: www.perunica.ru

Н. Нұрмаханұлы