Дильназ Ахмадиева кастингке шақырады!

Дильназ Ахмадиева кастингке шақырады!

Қазақстандық тыңдармандарды көп жылдан бері шығармашылығымен қуантып жүрген Дильназ Ахмадиева өзі сияқты дарынды қыздардан құралған топ құруды жоспарлап, кастинг жариялады.

Бұл жаңалығымен әнші өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Әншінің жетекшілігімен жұмыс істейтін Embassy of Аrt продюсерлік орталығы жұлдыз болғысы келетін аруларды шақырады. Қыздардан құралған жаңа топта 18 бен 25 аралығындағы әншілер өнер көрсететін болады.

Егер әншілік дарыныңыз болса, сонымен қатар, сүйкімді, белсенді әрі өзіңізге сенімді ару болсаңыз, онда отандық герлз-бендтің құрамынан көрінуге толық мүмкіндігіңіз бар.

Мәлім болғандай, кастинг 16-сы мен 18 мамыр аралығында Алматы қаласы, Бөгенбай батыр, 150 мекенжайында орналасқан «Бенефис» караоке-клубында өтеді.

Сурет: art.gazeta.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina