Лондон Олимпиаданы қайта қабылдауы мүмкін

Лондон Олимпиаданы қайта қабылдауы мүмкін

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2016 жылғы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарын Лондонда қайта өткізу туралы шешім шығаруы мүмкін деген ақпарат осыған дейін тараған болатын. Енді комитет бұл сауалға жауапты футболдан Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін айтатын болды.

"Олимпиаданы Лондонға ауыстыруымыз мүмкін. Өйткені, Бразилия елінің ұйымдастырушылары Олимпиада ойындарына тым нашар дайындалып жатыр.  Халқы да аса құлшыныс танытып отырғаны шамалы. Дегенмен, ХОК мүшелері бұл сауалға байланысты нақты жауапты аталған елдегі футболдан әлем біріншілігі мәресіне жеткен соң беретін болады", - дейді агенттік басшылығы.

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) мүшелері жасырын түрде Лондон басшыларына қалада жазғы Олимпиада ойындарын екінші рет өткізуге ұсыныс жасаған. Ағылшындық "Evening Standart" басылымы ақпараты бойынша, 2012 жылғы дүбірлі додадан қалған спорт кешендерін қайта қалпына келтіру туралы ойын да жеткізген көрінеді.  

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: europe-today.ru

Ө. Сансызбай