Канн кинофестивалі ашылды

Канн кинофестивалі ашылды

Жылда үлкен дебютпен ашылатын Канн кинофестивалінің кезекті 67-інші рет ұйымдастырылып отырған байқауы кеше басталып кетті. Өткен жылы фестивальдің ашылу салтанаты Баз Лурманның "Ұлы Гэтсби" (The Great Gatsby) кинокартинасының дебютімен басталған болатын. Биыл осындай мәртебеге басты рөлді Николь Кидман сомдаған, француз режиссері Оливер Даханның "Монако келбеті" (Grace of Monaco) фильмі лайық деп табылды. 

Ал осы жылы Сильвестер Сталлоненің "Тоқтаусыз 3" (The Expendables 3) фильмі басты үміткер болмақ. Блокбастердің бірінші және екінші фильмдерінің басты кейіпкерлері Арнольд Шварценеггер, Силвестер Сталлоне және Джейсон Стэтхемдер болған болса, ендігі кинокартинада Мел Гибсон мен Харрисон Фордтар да негізгі түсірілімдеріне қатысыпты. Тағы да басқа үміткерлер мыналар:

  • "Аңшы" (Foxcatcher), Режиссері - Беннетт Миллер
  • "Отаншыл" (Homesman), режиссері -  Томми Ли Джонс
  • "Жоғалған өзен" (Lost River), режиссері - Райан Гослинг
  • "Айдаһарды қалай тұсаулауға болады 2" (How to Train Your Dragon 2), режиссері - Джеффри Катценберг


Сонымен қатар, байқауға шақырылса да келуден бас тартқан режиссерлер де жоқ емес. Олар көбіне АҚШ-тағы Голливудтың киностудиялары. Айта кетсек, мыналар:

  • Пол Томас Андерсонның "Тұма ерекшелік" (Inherent Vice) фильмі, 
  • Дэвид Финчердің "Кеткен қыз" (Gone Girl) фильмі, 
  • Тим Бертонның "Үлкен көздер" (Big Eyes) кинокартинасы, 
  • Кристофер Ноланның "Шеткі жұлдыз" (Interstellar) фильмі 

қатысудан бас тартқан. Себебі Канн кинофестивалінің алдыңғы байқауларында жүлдесіз қайтқан "Небраска" (өткен жылы "Оскарды" иемденген, режиссері - Александр Пэйн) және "Робин Гуд" (Режиссері - Ридли Скотт) кинокартиналары түрлі сыни көзқарас тудырған болатын.

Ескере кетейік, аталған халықаралық фестиваль мамыр айының 25-іне дейін жалғасады. Жеңімпаздар да сол күні жарияланатын болады.

Тағы да оқи отырыңыз:

"Жерден тыс жаңғырық" кино көрсетілімі жуырда әлемнің кинотеатрларында

Warner Bros. кинокомпаниясы жаңа жобасының түсірілімін бастады

"Өрмекші адам" қазақша сөйледі

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет:www.festival-cannes.com

Ж. Өрісбай