Шет ел сөздерін қалай бейімдейміз.
жеке
блог

Шет ел сөздерін қалай бейімдейміз.

Кирилл әліпбиінде жазылған сөздер түбір сөзге дейін, түбір сөз буындарға, буындар дыбыстарға жіктеліп, түбірі түзетіліп, қайтадан жұрнақ - жалғаулары жалғанады.

Одан кейін  ғана нәтижесі кейін латиницаға аударылады. Алдымен қатесі бар өз сөздерімізді қарастырайық. Бұрын Ахмет емле жазған кезде қазақтың сөздері таза еді. Одан кейін «Кириллицада орыс сөздері орысша жазылып, орысша айтылуы керек», -  деген заң шықты. Соның арқасында бәріміз «ка», «ко», «га», «го»,«ак», «ок», «аг», «ог» - деген тіркестерді  орысша айтуға әбден көселіп алдық. «ң»-ды танымайтын «қазақсымақтар» пайда болды.

Ол аздай 1950 жылдары біздің сорымызға қириллицадағы орыс әріптерін пайдаланып жазуды қысқартқыштар шықты. Сөйтіп қағаз бетін үнемдегіштер қазақтың емлесін сорлатты. Алғашында «ой» түбіріне «ыу» жалғауын қосып «ойыу»,- деп жазатынбыз. Ол кәдімгі «тұр» + «ыу» = «тұрыу» сөзімен жазылу ережесі бірдей еді. «Үнемдегіштер» бұл сөздерді «ою», «тұру»,- деп өзгертті. Сол сияқты «ой» + «а»   = «ойа», «тұр» + «а» = «тұра» болатын. Олар «оя», «тұра» болып шықты. Ал енді бала қалай «оя» мен «ою» сөздерінің түбірі «ой» екенін табады. Бұрынғы «Түбірге жалғау жалғанңанда түбір сөз өзгеріссіз қалады»,- деген емленің ережесі әдіре қалды. 

«и» мен «у» әріптерінің қолданысы тіптен сорақы.

Мысалға оқы сөзін алайық. Алғашында «оқы» түбіріне «у» жалғауын қосып «оқыу»,- деп жазатынбыз. Ол кәдімгі «тұр» + «ыу» = «тұрыу» сөзімен жазылу ережесі бірдей еді. «Үнемдегіштер» бұл сөздерді «оқу», «тұру»,- деп өзгертті. Сол сияқты «оқы» + «й»   = «оқый», «тұр» + «а» = «тұра» болатын. Олар «оқи», «тұра» болып шықты. Ал енді бала қалай «оқу» мен «оқи» сөздерінің түбірі «оқы» екенін табады. Бұрынғы «Түбірге жалғау жалғанңанда түбір сөз өзгеріссіз қалады»,- деген емленің ережесі тағы бұзылды. 

Сөйті бұрын бір-ғана ережемен жалғанатын жалғау енді 4 түрлі ережемен жалғану керек болып шықты.

 «ми»,  «би»,  «бу», «гу», «ти», «жи», ... сөздерінде дауысты дыбыс жоқ. Ал керек емес ережелері көп қазіргі емледе мұндағы «и» мен «у» дыбыстары ауыспалы дауысты дыбыстар дейді. Бұл жерде бұлар дауысты дыбыс мағынасында қолданылып жатыр-мыс. Барып тұрған өтірік. Егер олар дауысты дыбыс болса 3-жақта өзіндік жұрнақ «бала» + «сы»   = «баласы», «көше» + «сі» = «көшесі» болып жалғанады. Ал бұл сөздер «ми» + «ы»   = «миы» ,  «би» + «і»   = «биі» ,  «гу» + «і»  = «гуі»,  «бу» + «ы»  = «буы». Олар «бас» + «ы»   = «басы» ,  «бәс» + «і»  = «бәсі» сияқты дауыссыз дыбыстар. Онда емленің «Кез келген буында бір дауысты дыбыс болу керек»,- деген ережесі қате ме? Жоқ. «Үнемдегіштер» бұл сөздерді өзгерткенінде болып тұр. Бұлар Ахметтің тұсында дыбыстық құрамына байланысты «мый»,  «бій»,  «бұу», «гүу», «тій», «жый» болып жазылған. Сондықтын кирилл әліпбиінде жазылған сөздер түбір сөзге дейін, түбір сөз буындарға, буындар дыбыстарға жіктеліп, буындар, түбірі түзетіліп, қайтадан жұрнақ - жалғаулары жалғанады. Мен бұл туралы біраз программа жазғанмын. Оны әлі де туралау керек. Тілді түзету атсалысқысы келгендер болса бірге жұмыс жасауға болады. Менде 1,5 миллионнан астам сөздік қоры бар. Қазақтың барлық сөзін жөндеуге толық мүмкіндік бар. Болашақ ұрпақтарымыздың тіл тазалығы үшін бірігейік қазағым!

Жақын арада мен деректер қорында тексеріп шығып бұндай қателерге толықтай талдау жасап беремін,

Менің ойымша бұрынғы «Түбірге жалғау жалғанғанда түбір сөз өзгеріссіз қалады»,- деген емленің ережесін орнына қою үшін ғана кирилл жазуынан кету керек. Бұл жазуда қалсақ «Үнемдегіштер» салып кеткен лайсаң жолдан шығу мүмкін емес. Жазуымызда бар «я», «ю», «и» дауссыздарымыздан бас тарту керек екенін мамандар түсінсе де, қарапайым халық түсінбейді.

И - дыбысы қазақта жоқ. Ол кезіңде бір үнемдегіштер шығып кириллицада и әріпі бар. Егер ый мен ій тіркестерін и әрпімен алмастырса бәленше баспа тарақ үнемдейміз деп қазақ емлесіне үлкен зорлық істеді. Сөйтіп оқы сөзіне й жалғауын жалғайды да оқи сөзін алады. Сөйтіп жалғау жалғанғанда түбір сөз өзгермейді деген заңдылық бүзылады. Сорақысы бала оқи сөзі мен оқы сөзі бір сөз екенін түсіндіре алмайды. Кейін бұл дыбыс бірде дауысты, бірде дауыссыз болады, яғни қос даусты дыбыс деп өтірік оқытты жұрттың бәрін. Кирилдің тағы да у, ю, я әріптерінің аударылуы «я»-( «ійә», «ыйа», «йа»), «ю»-(«йыу», «йіу»), «у»-(«у», «ыу», «іу», «үу», «ұу»).

Мысалы:

«сою» сөзі оның түбірінен таратылып «сой» + «ыу» = «сойыу» болып өзгертіліп «soіyu»  болып аударылуы керек;

 «су» - «сұу». Бұл сөз қазақтың «Кез келген буында бір дауысты дыбыс болу керек»,- деген заңына қарсы;

 «қуыршақ» - «құу» + «ыр» + «шақ». Бұндағы «құу» - «қураған» деген мағынаны білдіретін сын есім, «ыр» - етістік тудырушы жұрнақ, «шақ» - зат есім тудырушы жұрнақ;

 «оқулық» - «оқы» + «у» + «лық»;

 «тию» - «тій» + «іу»;

«тиянақты» - «тый» + «а» + «нақ» + «ты». Бұл жерде «ия» тіркесі қазақтың дыбыс үндестігі заңына байланысты буындарға жіктеліп, қайта құрастырылды;

«сиыршы» - «сый» + «ыр» + «шы»;

«буалдыр» - «бұу» + «ал» + «дыр»;

«суса» - «сұу» + «са»;

«мая» - «май» + «а»;

«ою» - «ой» + «ыу»;

«күю» - «күй» + «іу» болып аударылуы керек.

Енді шет ел сөздерін икемдеп көрейік. Тілімізге жат дыбыстарды білдіретін әріптер («ц», «щ», «ъ», «э», «ч», «ь») қатысқан басқа тілден келген терминдер архаизмге айналып кеткен көне сөздермен немесе өз тіліміздің барлық заңдылығына сәйкес икемделіп алынған басқа сөздермен аударылуы керек. Ал оның ішінде қалып кеткен кирилл әріптерін келесі әріптер тізбегімен аударуды ұсынамын: «ц»-«тс», «ч»-«тш», «щ»-«шш», «э»-«е»,.

Химия сөзін қазақшаға икемдеу.

Қазақта «и» дыбысы жоқ. Дауыссыздан кейін «й» дыбысы жазылмайды. Демек «химия» сөзі қазақшаға икемделуі керек. Бірінші оған балама болатын қазақ сөзін іздеп көреміз. Қазақта бұрын химия болмаған. Ол сөз бізге орыстардан келген. Орыстар оны қайдан алған? Ағылшыншасы «chemistry», французша «chimie». Демек олар француз тілінен келген. Басқа баламасы жоқ. Оны буынға жіктейміз: «хи» + «ми» + «я». Мұндағы «и» мен «я» әріптері әліпбиде жоқ. Және қазақ тілі заңдылығы бойынша әр буында бір дауысты дыбыстан болуы керек. Буындар жіңішке де, жуан да естілетін сияқты. Ең соңғы буын жуан сияқты. Өйткені оған барыс септігінің жалғауын жалғап көрсек химияге емес, химияға, химияны, химиядан, ... Демек жуан буын. Қазақ тілінің дыбыс үндестігі заңына сәйкес барлық буындарды жуан қыламыз. Демек сөздің дыбыстық құрамы «хый» + «мый» + «а» болып шығады.

«Циркуль» сөзін қазақшаға икемдеу. Оған жалғау жалғау арқылы оның жіңішке буынды сөз екенін білуге болады. Оны буынға жіктейміз: «Цир» + «куль». Мұндағы «ц», «и» және «ь» әріптері әліпбиде жоқ. Және қазақ тілі заңдылығы бойынща әр буында бір дауысты дыбыстан болуы керек. Қазақ тілінің дыбыс үндестігі заңына сәйкес барлық буындарды жіңішке қыламыз. Сонымен   «tsŷir» + «kŷul» болып шығады.

 «Алюминий» сөзін қазақшаға икемдеу. Оған жалғау жалғап, оның жіңішке буынды сөз екенін білуге болады. Оны буынға жіктейміз: «а» + «лю» + «ми» + «ний». Мұндағы «и» мен «ю» әріптері әліпбиде жоқ. Және қазақ тілі заңдылығы бойынща әр буында бір дауысты дыбыстан болуы керек. Қазақ тілінің дыбыс үндестігі заңына сәйкес барлық буындарды жіңішке қыламыз. Сонымен   «а» + «лій» + «іу» + «мій» + «ній». Латын әліпбиінде «a» + «lŷi» + «ŷu»+ «mŷi»+ «nŷi» болып шығады. Кешіріңіз, қате бар екен. Соңғы сөзде бірінші буын жуан болып қалыпты. Соны түзеткен  соң  «â» + «lŷi» + «ŷu» + «mŷi» + «nŷi» болып шығады.

Сөйтіп үш шетел сөзін қазаққа икемдедік! Ал еніп кеткен шет ел сөздерінің жалпы саны 40 мыңнан асады. Қазіргі дамыған заманда бұл жұмысты компьютер арқылы атқаруға болады. Мен жазып щыққан программа сөздерді латын графикасына дұрыс аударған. Бұл программа менің деректер қорымда бар 98 мың біз қолданып жүрген сөздерді қазақшаға осылай икемдеді. Алдағы уақытта баларға сөзді буынға бөлу, сөйлеу мәселелері толық шешілді! Қолдана бер қазағым!

Программаға бір әріптен тұратын бірінші буынды және жиі кездесетін сөздері бар буындарды өзгететін түзетулер енгіземін. Өкінішке орай бұндай қателердің бәрін компьютер түзей алмайды. Өйткені бізде екі сөзден құралатын сөздер бар. Мысалы Ақкөл, Төменарық. Сондықтан оларды эксперттер (тіл мамандары) түзету керек.

 

 

Оның үстіне адам, жер, ел, ұлт аттарын қосыңыз. Олар турист немесе елші болып келсе, әрине, өз елдерінде олардың аты-жөндерінінің әріптері алмастырылады, транслитерация жасалады. Бірақ қазақстанның жартысын құрайтын 103 ұлт өкілдерінің аты- жөні біздің қазақ жазуында жазылуы керек. Әрине, оларды зорлап қазақша сөйлету үшін емес, олар туралы өзіміз сөйлеу үшін, қазақ басылымдарда жазу үшін, тіпті оларды жұмысқа қабылдап, іс қағаздарын жүргізу үшін.

 

Сүйінші халайық! Мен бүгін қазақ сөздерін қалпына келтіретін программа жазып болдым

2017 жылы 9 қазанда Елбасыға көрсетілген қазақ әліпбиінің жобасында шексіз көп қателер бар екен!

Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы v.2

Латын әріптерімен қазақша жазудың ең ыңғайлы жобасы v.1

            Латиница жобасындағы пернетақтада барлық символдардың орналасу реті.

Диграф қолданылатын жобалардың түзетілмейтін қателері

Қатесі бар қазақ сөздеріне талдау жасау керек

Бізді дүбәра қылып жатқан нақ кириллицаның өзі.

Бүгін ЕНУ студенттердімен кездесу кешіне қатыстым

Жоба талқыға түсе бастады. Тіл мамандары, қайдасыңдар!

Латиница жобасындағы пернетақтаның суреті

https://vk.com/doc239758952_450677576

Латиница жобасына қосымша енгізілген әріптері бар 130 шрифт

Кейбір пікірталастардан үзінді

Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?

Мұхтарбай Өтелбаев жобаны қолдады және ескертулер жасады

Латиницада жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Ертегілер

Мақта қыз бен мысық,

Бір үзім нан,

Алтын сақа,

Тазша бала