"Ант-су іше аламын". Байжанов сотта соңғы сөзін айтты

"Ант-су іше аламын". Байжанов сотта соңғы сөзін айтты
Фото: © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, өзіне тағылып отырған жаңа айыпта қылмысты жасыруға қатысқаны, дәлелдерді тыққаны айтылады. Алайда ол бұған дейін айтқанындай Салтанат қайтыс болғанын білмегенін мәлімдеді.

"Мейрамхана жабылғанын, қызметкерлер таратылғанын ешқашан жоққа шығарған жоқпын. Видеоларды өшіруді тапсырдым. Шынында да, мұның бәрі - болған жайттар. Тергеудің басынан бастап мұның бәрі қашан, кім арқылы жасалғанын айттым. Бірақ осы жерде маңызды бір сұрақ бар: сол кезде ауыр қылмыс жасалғанын, бұл Салтанаттың өмірден өтуіне себеп болғанын білдім бе? Білмедім деп ант-су іше аламын. Білсем оның бірін де істемес едім. Тіпті түсінбедім. Оған қоса жасаған істерім қылмысты жасыру деп есептелетінін де білмедім. Сұмдық қылмыстың іздерін жасыруға саналы түрде көмектескен болсам, өзімді қорғамас едім, өз-өзімді кешіре алмас едім. ...Осы уақыт ішінде Салтанатпен кездескен сәттерімді еске алдым. Тірі болса жақындарына махаббаты мен мейірімін көрсетер еді деп ойладым. Ол өте шынайы, мейірімді жан болды. Бүгінде оның отбасының басына түскен ауыр қайғыны ешқандай сөзбен жеңілдете алмайсың. Бірақ осы қайғыны сейілтуге мүмкіндік болса, жаза арқалауға дайынмын. Тағы бір мәрте Салтанаттың отбасына, жақындарына шын жүректен қайғырып көңіл айтамын. Кешірім сұраймын. Салтанаттың жатқан жері жайлы болсын, топырағы торқа болсын, иманы саламат болсын!" - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында ол кеңес алу үшін жиі жүгінген көріпкелден жауап алынатыны белгілі болды. Судья айыптаушы тараптың өтінішін қанағаттандырды.

Прокурор Бишімбаевтың пәтерінен қан көрген үй қызметшісінен, Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаев кездескен блогер Гүлнар Насырбековадан, сондай-ақ, көріпкел Гүлнара Ережеповадан жауап алу туралы өтінішін жеткізді. Прокурор үй қызметшісі мен көріпкелден онлайн режимде жауап алынатынын мәлімдеді. Судья өтінішті қанағаттандырды.

Салтанат қайтыс болған түні Қуандық Бишімбаевпен кездескен блогер сотқа келді

22 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алқабилерді сюжетте көрсетіп жіберген КТК телеарнасына қандай жаза қолданылғаны белгілі болды. 

Бишімбаевты ұстаған полицейге қызметтік тергеу жүргізіледі

Қуандық Бишімбаевтың сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак келді

Сонымен қатар, сот отырысында басты айыпталушы Бишімбаевтың ұялы телефоны қарала бастады. Бишімбаев құпиясөзді айтып, ұялы телефон судьяға берілді. Судья Айжан Құлбаеваның өзі Бишімбаевтың ұялы телефонын сот талқылауы аясында зерттеді. Оған қоса телефоннан суреттер мен видеоларды қарады.

17 сәуірде өткен сот отырысында судья Айжан Құлбаева Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты мәскеулік мамандар жүргізген сараптама нәтижесін іс материалдарына қосу туралы өтінішті қанағаттандырмады

Сонымен қатар, Cалтанат қайтыс болған бөлмеде оның саусақ іздері табылмағаны белгілі болды.  

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта сөз сөйлеген болатын. Ол ресейлік сарапшының шешімін іс материалдарына қосуды қолдауды сұрады. 

Бұған дейінгі сот отырысында қылмысты жасырып қалды деп айыпталып отырған Бақытжан Байжанов сөйледі

10 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылып жарақат алғанын мәлімдеген болатын. 

Сонымен қатар, сот отырысында прокурор Айжан Аймағанова Салтанаттың құрбысымен диалогын оқып шықты

Бишімбаев туралы не белгілі: экс-министрдің иелігінде не бар?

Сотта Салтанат Нүкенова мерт болған vip-бөлмеде табылған заттар көрсетілді. 

9 сәуірде өткен сот отырысында Салтанат Нүкенова қаза тапқан түні мейрамханада жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер сотта куәгер болды. Сот отырысында жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер мен мейрамхана әкімшісінің диалогы жарияланды. 

Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама маманы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекенде көрсетті.

Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың денесіндегі жарақаттар туралы айтты. Сарапшының сөзінше, Нүкенованы қолымен қылғындырған болуы мүмкін. Мұны оның денесіндегі жарақаттар көрсетеді. 

"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады

Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан

Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев

"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді

Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова