Шындық детекторынан өтуге дайынмын - Байжанов

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот жарыссөзінде сөз кезегі екінші айыпталушы Бақытжан Байжановқа берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол сот жарыссөзінде аудармашы қажет емес екенін айтып, орыс тілінде қағаздан оқыды. Сондай-ақ, Байжанов бұған дейінгі айтқан мәлімдемелерін қайталап, Салтанаттың денесін жасыру ойында болмағанын айтты.

"Бәрін адвокаттарым айтып кетті. Тек бір-екі нәрсе қоса кетсем деймін. Мені Бишімбаевпен бірге Салтанаттың денесін жасырмақ болды деп айыптап отыр. Расында да, айыптаушы тарап пен жәбірленуші тарап айтқандай, Бишімбаевпен бірігіп, Салтанаттың денесін жасыруды жоспарласам, неге солай істемедім?! Олардың логикасына сүйенсек, күні бойы денені жасыруға дайындалғандай боламын. Онда неге ыңғайлы уақыт туғанда, алдымыз түн болғанда, оның үстіне мейрамханада бөтен ешкім болмаған кезде бұл идеядан бас тарттым? Мен мұны әу бастан жоспарламағандықтан істемедім. Мен тіпті Салтанат қайтыс болғанын білмедім", - деді ол. 

Байжанов қылмыс іздерін жасыруға қатысты да айыпталып отырғанын айтты.

"Неге бәрі нашатырь мен көйлекті мен лақтырғаныма сенімді? Бұл тек болжам ғой. Оны бүкіл жерден іздеген де жоқ қой. 4 рет оқиға орны тексерілді, бір рет Бишімбаевтың көлігі, ал үш рет тек бір вип-кабина тексерілді. Мейрамханадағы басқа орындар тексерілмеген. Мүмкін құты мен көйлек әлі де сонда шығар?!" - деді ол.

Сонымен қатар, Байжанов "шындық детекторынан өтуге дайын екенін, оның тағдыры судья мен алқабилердің қолында екенін" айтып, сөзін кілт үзіп тастады.

Ал прокурор Айжан Аймағанова Байжанов оқиға болған күнгі әрекеттің бәріне саналы түрде барғанын жеткізді.

"Байжанов бәрін саналы түрде жасады, ол не болып жатқанын анық түсінді", - деді прокурор.

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында ол кеңес алу үшін жиі жүгінген көріпкелден жауап алынатыны белгілі болды. Судья айыптаушы тараптың өтінішін қанағаттандырды.

Прокурор Бишімбаевтың пәтерінен қан көрген үй қызметшісінен, Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаев кездескен блогер Гүлнар Насырбековадан, сондай-ақ, көріпкел Гүлнара Ережеповадан жауап алу туралы өтінішін жеткізді. Прокурор үй қызметшісі мен көріпкелден онлайн режимде жауап алынатынын мәлімдеді. Судья өтінішті қанағаттандырды.

Салтанат қайтыс болған түні Қуандық Бишімбаевпен кездескен блогер сотқа келді

22 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев ісі бойынша алқабилерді сюжетте көрсетіп жіберген КТК телеарнасына қандай жаза қолданылғаны белгілі болды. 

Бишімбаевты ұстаған полицейге қызметтік тергеу жүргізіледі

Қуандық Бишімбаевтың сот отырысына ресейлік журналист Ксения Собчак келді

Сонымен қатар, сот отырысында басты айыпталушы Бишімбаевтың ұялы телефоны қарала бастады. Бишімбаев құпиясөзді айтып, ұялы телефон судьяға берілді. Судья Айжан Құлбаеваның өзі Бишімбаевтың ұялы телефонын сот талқылауы аясында зерттеді. Оған қоса телефоннан суреттер мен видеоларды қарады.

17 сәуірде өткен сот отырысында судья Айжан Құлбаева Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты мәскеулік мамандар жүргізген сараптама нәтижесін іс материалдарына қосу туралы өтінішті қанағаттандырмады

Сонымен қатар, Cалтанат қайтыс болған бөлмеде оның саусақ іздері табылмағаны белгілі болды.  

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың анасы сотта сөз сөйлеген болатын. Ол ресейлік сарапшының шешімін іс материалдарына қосуды қолдауды сұрады. 

Бұған дейінгі сот отырысында қылмысты жасырып қалды деп айыпталып отырған Бақытжан Байжанов сөйледі

10 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылып жарақат алғанын мәлімдеген болатын. 

Сонымен қатар, сот отырысында прокурор Айжан Аймағанова Салтанаттың құрбысымен диалогын оқып шықты

Бишімбаев туралы не белгілі: экс-министрдің иелігінде не бар?

Сотта Салтанат Нүкенова мерт болған vip-бөлмеде табылған заттар көрсетілді. 

9 сәуірде өткен сот отырысында Салтанат Нүкенова қаза тапқан түні мейрамханада жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер сотта куәгер болды. Сот отырысында жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер мен мейрамхана әкімшісінің диалогы жарияланды. 

Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама маманы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекенде көрсетті.

Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың денесіндегі жарақаттар туралы айтты. Сарапшының сөзінше, Нүкенованы қолымен қылғындырған болуы мүмкін. Мұны оның денесіндегі жарақаттар көрсетеді. 

"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады

Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан

Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев

"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді

Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!