- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нүкенованың өлімінің себебі:...
Нүкенованың өлімінің себебі: судья Бишімбаев тарапының өтінішін қанағаттандырмады
Судья Айжан Күлбаева Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты мәскеулік мамандар жүргізген сараптама нәтижесін іс материалдарына қосу туралы өтінішті қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еске салайық, 16 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары мен анасы ресейлік сарапшының шешімін іс материалдарына қосуды қолдауды сұраған болатын.
"Мен, әрине, заңгер емеспін. Бірақ егер біздің мәскеулік сараптаманың нәтижесін қабылдамасаңыздар, менің ұлымның конституциялық құқығы бұзылады деп ойлаймын. Сондықтан сот, алқабилер, прокурорлар мен жәбірленуші тараптан мені ана ретінде түсінуді сұраймын. Мұны шын жүрегіммен айтып отырмын", - дейді Бишімбаевтың анасы.
Бұған дейінгі сот отырысында қылмысты жасырып қалды деген Бақытжан Байжанов сөйледі.
10 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаевтың адвокаттары Нүкенова қабырғадағы кірпіш қалауына соғылып жарақат алғанын мәлімдеген болатын.
Сонымен қатар, сот отырысында прокурор Айжан Аймағанова Салтанаттың құрбысымен диалогын оқып шықты.
Бишімбаев туралы не белгілі: экс-министрдің иелігінде не бар?
Сотта Салтанат Нүкенова мерт болған vip-бөлмеде табылған заттар көрсетілді.
9 сәуірде өткен сот отырысында Салтанат Нүкенова қаза тапқан түні мейрамханада жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер сотта куәгер болды. Сот отырысында жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер мен мейрамхана әкімшісінің диалогы жарияланды.
Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама маманы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекенде көрсетті.
Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың денесіндегі жарақаттар туралы айтты. Сарапшының сөзінше, Нүкенованы қолымен қылғындырған болуы мүмкін. Мұны оның денесіндегі жарақаттар көрсетеді.
Еске салайық, бұған дейінгі сот отырысында Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хаты жария болған еді. Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевқа жазған хатын оқып берді.
Бишімбаев Нүкенова оның өміріне қауіп төндіргенін айтты
Сонымен қатар, Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірген болатын.
3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтқан болатын.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады.
"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады
Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан
Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев
"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді
Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина