Бишімбаевтың адвокаты сотта дауыс көтергені үшін судьядан қатаң ескерту алды

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова сотта дауыс көтергені үшін судьядан қатаң ескерту алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот отырысы барысында Назкен Құсайынова сарапшыға сұрақ қойып, артынша судьямен ерегісіп қалған. 

"Сіз сұрақ қойдыңыз да сотпен дауластыңыз. Неге дауласып отырсыз? Келесі жолы сотқа дауыс көтерудің қажеті жоқ. Жауапты біле тұра сұрақ қойдыңыз. Одан кейінгі сұрағыңыз бірінші сұрақтың жауабынан шығып тұр. Бұл сот процесін созу ма, түсінбедім?", - дейді судья Айжан Кульбаева. 

Судья егер адвокат тарапынан мұндай жағдай қайталанса, судья сот актісіне сәйкес шара қабылдайтынын айтты.  

Бүгінгі сот отырысында Салтанат Нүкенова қаза тапқан түні мейрамханада жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер сотта куәгер болды. Сот отырысында жөндеу жұмыстарын жүргізген қызметкер мен мейрамхана әкімшісінің диалогы жарияланды. 

Сонымен қатар, сот-медициналық сараптама маманы Тахир Халимназаров Салтанат Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекенде көрсетті.

Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың денесіндегі жарақаттар туралы айтты. Сарапшының сөзінше, Нүкенованы қолымен қылғындырған болуы мүмкін. Мұны оның денесіндегі жарақаттар көрсетеді. 

Еске салайық, бұған дейінгі сот отырысында Салтанаттың Бишімбаевқа жазған хаты жария болған еді. Бишімбаевтың қорғаушылары марқұм Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевқа жазған хатын оқып берді. 

Бишімбаев Нүкенова оның өміріне қауіп төндіргенін айтты

Сонымен қатар, Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған түні не үшін көріпкелге хабарласқанын түсіндірген болатын. 

3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтқан болатын.  

Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады.

"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады

Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан

Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев

"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді

Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз