"Өз басымнан өткен оқиғалар". Төреғали Төреәлі тосын жаңалығын айтты

"Өз басымнан өткен оқиғалар". Төреғали Төреәлі тосын жаңалығын айтты
Фото: Ашық дереккөз

Танымал әнші Төреғали Төреәлі REVUE NEWS бағдарламасына берген сұхбатында өзінің өмірі жайлы фильм түсіргелі жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, әнші болғанымен, негізгі бітірген мамандығы актерлік екен.

"Бұл саладан кете алмаймын. Негізгі мамандығым - актер. Алла қаласа, жақында фильм жоспарлап жатырмыз. Комедия болатын шығар енді. Біздің қазақта комедиясыз болмайды ғой. Өзім ойнаймын, әзірге белгісіз. Өз басымнан өткен оқиғалар халыққа қызық болатын шығар", – деді Төреғали Төреәлі.

Айта кетейік, Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған болатын. Кейінірек оның есірткіге мас болып ұсталғаны белгілі болды.

"Тілімді қышытпаңдар". Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр

Полиция Төреғали Төреәлінің ұсталған сәті анық көрінетін видеоны жариялады

Еске салайық, бұған дейін TikTok-та әнші Төреғали Төреәлі белгісіз ер адамды ұрып тастаған делінген видео тарағаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірген еді. Cонымен қатар, әнші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғаны белгілі болды.

Кейін әншінің өзі де жанжал неден шыққанын түсіндірген. Оның айтуынша, жаңа клиптің түсірілімі барысында жанжал шыққан. Жәбірленуші олардан көзін алмай, жұмысына кедергі келтірген. Нәтижесінде жанжал соңы әнші тарапынан төбелеске ұласқан. Ал кейін Төреғали Төреәлі соққыға жыққан жігітпен татуласқаны белгілі болды. Сонымен қатар, іс тоқтатылды.

"Төреғали Төреәліге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі негізінде тіркелген қылмыстық іс бойынша тараптар татуласқанын хабарлаймыз. Нәтижесінде қылмыстық іске қатысты тергеу тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады", - делінген Полиция департаменті хабарламасында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек