Полиция Төреғали Төреәлінің видеосына қатысты пікір білдірді

Полиция Төреғали Төреәлінің видеосына қатысты пікір білдірді

TikTok-та әнші Төреғали Төреәлі белгісіз ер адамды ұрып тастағаны туралы видео тарады. Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Әбдірахманов бұл іске қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Тексеру шаралары басталды. Алматы облысы ПД басшысының тапсырмасы бойынша мән-жайды анықтау Кеген аудандық ОП қызметкерлеріне жүктелді. Алматы облысының Полиция департаменті жүргізілген іс-шаралардың барысы мен нәтижелерін бақылауға алды", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазнетте Төреғали Төреәліден соққы көрдім деген жігіттің видеосы тараған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек